Ratel.kz-ны кім жапты?
Азаттықрадиосының хабары:
Ratel.kz ақпараттық ресурстар сайты дүйсенбі күні кештен бері, «доменде тіркелу ережесінің бұзылуына байланысты» деген болжаммен ашылмай тұр. Қазақ ақпараттық желілер орталығында (KazNIC) kz доменінің операторлары Қазақстан Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі комитетінің сұрауына сілтеме жасап отыр.
«Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетінен бізге хат келіп түсті, онда: бұл доменді пайдаланушы домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу ережелерін бұзғаны туралы айтылған», - деп KazNIC компаниясының өкілі Азаттыққа хабарлаған.
Сол хабарда: Комитет – Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік аттарды тіркеу, пайдалану және бөлу ережелерінің 17-тармағы 1-тармақшасының бұзылғанын анықтап, соған сәйкес, Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік атты пайдалануды тоқтатқан және оны «тіркелуші домендік атты тіркеу туралы өтініш бергенде, толық емес немесе жалған мәлімет бергені анықталды» деп түсіндірген.
Ашық ақпарат бойынша, Ratel.kz домені Геннадий Бендицкий деген жеке тұлғаның атына тіркелген. Ratel.kz сайтының ортақ негізін қалаушы белгілі қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий ауыр науқастан кейін 3 желтоқсанда Беларусьтің астанасы Минскіде 47 жасында қайтыс болды. Оны 6 желтоқсанда Алматыда жерлеген.
Ratel.kz желілік басылымға екінші домен – balborsyk.kz. арқылы кіруге болады.
«ӘДІЛ СӨЗДІҢ» ЗАҢДЫҚ ЕМЕС ТҮСІНІКТЕМЕСІ:
KazNIC деп аталатын мекеме қанша домендік атты тіркеген? Жүздеген мың болмаса да, ондаған мың атты тіркегені анық. Ал Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ақпараттық қауіпсіздік комитетінің атқаратын міндеттері аз ба? Оны біз болжауға да батпай отырмыз, бірақ олардың бәрінің бірінші кезекті немесе мемлекеттік стратегиялық маңызы бар екеніне сенімдіміз.
Алайда Комитет өзінің интеллектуалдық, техникалық, кадрлық әлеуетін сайттар теңізде қайтыс болған адамды домендік атпен байланыстырып тұрған, бірақ үзіліп қалған жібін іздеп табуға жұмсап жатқаны өкінішті. Бірақ Ratel.kz сайтының желілік БАҚ-тар теңізінде алатын орны ерекше және ол сонысымен өзінің оқырмандарын қуантып келеді. Комитет болса, ережені бұзған сайт туралы еш жеркенбестен KazNIC-ке сөз тасыған. Одан кейінгісі – белгілі, ажыратқыш іске қосылды. Соның кесірінен Геннадий Бендицкийдің ерлігі мен талантына тәнті болып, оның қайғылы қазасынан әлі толық айыға алмай жүрген кезде, бүгінгі күннің ең жарқын да танымал басылымның бас июшілері мен оппоненттерін қоғамдық маңызды ақпараттан айырып отыр.
Ал ақпаратты алу және тарату бостандығына біздің Конституция кепілдік береді, сондай-ақ Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратифициялады, олай болса, ол оны орындауға міндетті. Және Қазақстан осы мәселе бойынша үнемі БҰҰ-ның органдары алдында есеп беріп тұрады. Онда неге елдің көбісі біле бермейтін антиконституциялық ережелер және оның жабайы тармақтары мен тармақшалары халықаралық шарттардан жоғары тұруы керек? Неге бізді, Қазақстан азаматтарын тапа-тал түсте көзімізді бақырайтып қойып, шіміркпестен «тонап» отыр?! Бұл қарақшылықтың артында не тұр – ұсақ орындаушылардың аңғал ақылсыздығы ма, әлде үлкен өкілеттіктері бар ірі тұлғалардың арсыз интригасы ма?