Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарына «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға енгізгелетін кезекті түзетулер жобасына қатысты АШЫҚ ХАТ
Құрметті депутаттар!
Сіздердің қарауларыңызға «Ақпарат және коммуникация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы ұсынылды. Оның біраз бөлігін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына енгізетін өзгерістер мен толықтырулар алып жатыр. 1999 жылы 23 шілдеде қабылданған және қазір қолданыста жүрген №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – нормативті құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтініне сіздердің назарыңызды аударғымыз келеді. Бұл заң баптарының 98% өзгертілген (қараңыз. http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=1013966 ), ал қолданыстағы «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 26-бабы 9-тармағында: «Нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік-құқықтық акт мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде оның жаңа редакциясы қабылданады» деп жазылған. Олай болса, бұл заңға оған тағы да өзгерістер енгізетін болса, сәйкессіздіктер одан бетер көбейіп кетеді.
Одан өзге, бұл заң толығымен ескірген. Ол заң дәстүрлі БАҚ-тарға арналған, ал соңғы жылдары қоғамдық маңызды ақпаратты алуда және таратуда интернет басылымдар басты рөл ойнап жүр. Совет заманының заң актілерінің негізінде қабылданған бұл заң, бір жағынан, бүкіл халықтың сөз бостандығына берілген заңды құқын шектей алмаса, екінші жағынан, ақпаратты алу мен тарату сияқты БАҚ-тарға берілген қоғамдық маңызды құқыққа кепілдік пен жеңілдіктер де бере алмайды.
Мәселенің мәнісі мынада: ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына байланысты «бұқаралық ақпарат құралдары» деген түсінік те түбегейлі өзгеріп, оған тиісінше басқа анықтама беруді талап етеді. Қолданыста жүрген БАҚ туралы заңға «интернет-ресурстарды» қайта-қайта тықпыштай беру – ақылға қонбайды және қарама-қайшылыққа толы. Қазіргі БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралдарына барлық интернет-ресурстарды жатқызған, алайда олар, көбіне, мемлекеттік және бизнес мәселелерді шешуге арналған, сондай-ақ олар ойын және сауда алаңы ретінде пайдаланылады, ал, ең бастысы, ақпараттық кеңістікте өз ара пікір алмасу үшін, және т.б. мақсаттарға қолданылады.
БАҚ туралы заңға енгізуді ұсынған түзетулер мұндай жағдайды өзгертпейді. Ол өзгерістердің көбісі жемқорлықпен күресуге, қоғамдық маңызды ақпаратты тез таратуға және сөз бостандығына кедергі келтіреді. Желілік БАҚ-тарды тіркеуді міндеттемей, оны адамның өз қалауына қалдыру – жағдайды жеңілдетпейді, себебі заңда сақталып қалған бұрынғы ережелер мен басқа да нормалар интернет басылымдар үшін үлкен қиындықтар тудырып отыр.
Осыны ескере отырып, біз мынандай ұсыныс жасап отырмыз:
1. «Ақпарат және коммуникация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасынан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деген сөйлемді және сонымен мағыналас келетін басқа да заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек керек деген сөйлемдерді алып тастауды;
2. ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне сандық технология заманында үкімет пен азаматтық қоғам мүшелерінен бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттей алатын мамандардан жұмыс тобын құруды тапсыруды;
Біздің кәміл сеніміміз бойынша, бірінші кезекте, Еуропа Кеңесі Министрлер кабинетінің «БАҚ туралы жаңа түсінік» деген Ұсыныстарын негізге ала отырып, «бұқаралық ақпарат құралдары» ұғымына жаңа анықтама беру керек. Қазіргі БАҚ-тардың критерилері мен индикаторларын анықтап барып, БАҚ-тардың сол талаптарға сәйкес келтінін білуге болады. Соған қарап БАҚ-тар мен журналистер пайдалана алатын құықтар мен жеңілдіктерді жасап шығару керек, сондай-ақ рұқсат етілмеген контентті таратқаны үшін жауапкершілікті, басқа да аспектілерді содан кейін қарастыруға болады.
Біз алда тұрған міндеттің күрделі де ауқымды екенін түсінеміз, сондықтан Қазақстанның және көпшіліктің мүддесі үшін мемлекеттік органдармен бірлесе отырып осы міндетті шешуге дайынбыз.
Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» қоры
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы
«Адам құқықтарының Хартиясы» қоғамдық қоры
Құықтық медиаорталық