Күзетшіні жұмыстан шығарды. Жанжал сонымен бітті ме?
Informburo.kz хабарлауынша, 25 сәуірде Астананың концерт залында өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде жағымсыз оқиға орын алған.
Концерт кезінде холлда күзетшілер мен журналистер арасында елеулі жанжал болып, төбелесті көрген адамдар оны бейнеге түсіріп алған. Бейнеролик кадрларында «31-арнаның» астаналық бюросында жұмыс істейтін журналист Илья Рыбиннің күзетшімен сөз таластырып тұрғаны және артынша оның төбелеске ұласып кеткені көрінеді.
Димаштың Астанадағы концертін Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырғандықтан, informburo.kz редакциясы осы жанжалға қатысты мекеме басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлынан түсініктеме алғысы келген. Қашанда ең мәдениетті адам болуға тиіс Мәдениет министрі: «журналистердің өзі үнемі кінәлі. Себебі кез келген журналист өсек жазады, қай-қайдағы пиарды іздейді. Мұнсыз журналист өспейді, ештеңеге қол жеткізе алмайды», - деп жауап берген.
Осы жанжал және министрдің позициясы әлеуметтік желілерде «жарылыс» тудырды. Талқылау барысында Қазақстан Журналистер одағы БАРЛЫҚжурналистерді қорлағаны үшінминистрді сотқа беруді ұсынғандар да болды.
Осы ұсыныс пен жанжал туралы Қазақстан Журналистер одағының міндетін атқарушы Тамара Калеева түсініктеме берді:
Заң бойынша, қорлау мен ар-намысқа тию – жалпы кәсіпқойлар қауымдастығына емес, танып-білуге болатын нақты адамға бағытталуы тиіс, сондықтан Мұхамедиұлы мырзаға құқықтық тұрғыдан еш кінә таға алмайсың. Бұған тек этикалық норма тұрғысынан баға беруге болады. Алайда министр мырза мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексімен таныс емес сияқты. Ал оның журналистердің миссиясы мен міндеттері туралы түсінігі, тіпті қызық. Біз журналистердің қоғамға қызмет ететіні жайлы және олардың халыққа шындықты жеткізетін миссиясы туралы айтсақ, ал үкімет мүшесі – шабуыл жасаған ақпаратты, барып тұрған тоғышар адам сияқты түсіндірген. Және, менің ойымша, мұндайлар билік құрылымдарында аз емес.
Ал зардап шеккен журналистерге келетін болсақ, «31 арнаның» өте жақсы заңгерлері бар, олар өз қызметкерлерін қорғай алады. Алайда мұндай жанжалдар көп және барлық күзетшілерді жұмыстан қуа алмайсың, бірақ оларға журналистердің құқықтарын түсіндіріп, қайта тәрбиелейін деп отырған ешкім жоқ.