Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И. Роговқа Ашық хат
Қазақстан Республикасы
Конституциялық кеңестінің төрағасы
И.И. Роговқа
Құрметті Игорь Иванович!
Конституциялық кеңестің тілегіне сай сіздер азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың өтініштерін қарауға қабылдамайсыздар. Сондықтан мен сот тәжірибесінде орын алған прецеденткеорай сізге заңгер және азамат ретінде Ашық хат жолдап отырмын.
Сізге белгілі болғандай, қазіргі уақытта Қазақстанның екі жетекші БАҚ-тары – Ratel.kz және Forbes.kz сайттары белгілі бір тұлғаларға қатысты сын мақалалар жариялағаны үшін сот қудалауына ұшырады. Әңгіме – бұрынғы мемлекеттік кірістер министрі, экс-қаржы министрі, Қазақстанның Инвестициялық қорының бұрынғы басшысы Зейнұлла КӘКІМЖАНОВтың отбасылық бизнесі жайында.
Атап айтсақ, журналистер Геннадий БЕНДИЦКИЙ және Александр ВОРОТИЛОВ (www.forbes.kz сайты, «United Media Group» ЖШС): экс-шенеуніктің отбасы мүшесіне қарайтын компания – президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасын орындау барысында Орал әуежайында салған ұшып-қону жолағының сапасы туралы жазған, сондай-ақ, Кәкімжановтардың бизнес серіктесі Виталий ПРОЦЕНТОВпен арадағы болған жанжал жайында және ірі инвестор, неміс кәсіпкері Гюнтер Папенбургтің бастан өткізген тауқыметі туралы және басқа да көптеген оқиғаларды баяндаған.
Ratel.kz жарияланымдарында Кәкімжановтың жеке басына емес, мемлекеттік органдар мен сот жүйесі шығарған шешімдерге назар аударған. Және бұл жағдай журналистердің ғана емес, прокуратураның, сонымен бірге жемқорлықпен, басқа да жағымсыз құбылыстармен күресетін органдар қызметкерлерінің де таңданысын тудырғанына көңіл бөлінген.
Алайда Кәкімжановтар мұндай жарияланымдарды «бізді жаман атқа қалдырды» деп санап, сотқа жүгінген.
Олардың бұл іс-әрекетін айыптауға болмайды – әрбір азамат сот арқылы өзін қорғауға құқылы. Алайда Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Тимур ЖҰМАМҰРАТОВ сот тыңдаулары басталмай жатып, Қазақстанның барлық журналистеріне осы процесс туралы және, жалпы Кәкімжановтардың қызметі мен компаниялары жайлы ақпарат жариялауға тыйым салатын «ғажайып» ұйғарым шығарды. Содан кейін, тіпті соттың жабық өтетінін хабарлады.
Осылайша, Қазақстанда сот процестерінің ашық өту принципі мен нормалары бұзылып, судья жеке бастың тірік құпиясын сақтау керек деген желеумен жеке өмір құпиясы мен құпия ақпаратқа одан бетер қатысы жоқ азаматтық істің барлық нюанстарын құпиялап тастады.
Қазақстан заңнамасында жеке бастың тірік құпиясы деген түсінік жоқ, алайда Конституциялық кеңес 2010 жылы ҚР Конституциясына арнап шығарған ғылыми-тәжірибелік түсініктемесінде: жеке және отбасылық құпиялар – жеке өмірдің құрамдас бөлігі болып табылады және мемлекеттің заңдарымен қорғалатыны айтылып, «мұндай қорғалуға адамның мінезіне, келбетіне, денсаулығына, материалдық жағдайына, отбасылықжағдайына, өмір салтына, өмірбаянының кейбір фактілеріне қатысты мәліметтер жатады» деп көрсетілген. Ал егер біздің судьялар ар-намысты қорғауға қатысты дауларда осы анықтаманы басшылыққа алса, онда жуық арада жемқорлықпен және басқа да қылмыстармен ұсталған адамдардың іс-әрекеттерін көрсететін кез келген мәліметтер қоғамға жетпейтін болады.
Құрметті Игорь Иванович!
Қазақстандықтарға Бендицкийдің, Мекебаевтың, Әсіповтің және Воротиловтың жұмыстары жақсы таныс. Олар өздеріне: оқырмандарымызға шындықты жеткіземіз деген кәсіби міндеттеме алған тәжірибелі журналистер. Олар қазына мүлкін ұрлаған айғақтарды, парақорлықты және басқа да қылмыстарды жария етіп, қоғамға жемқорлықпен, қылмыспен күресуге көмектесіп келеді. Олардың еңбегі бірнеше рет ең беделді кәсіби наградалармен, сыйлықтармен марапатталды. Халық бұлардың тек тексерілген мәліметтерді жариялайтынын біледі. Осы жолы да, мақалалардың авторлары, мысалы, Оралдағы ұшып-қону жолағындағы бетон плиталардың ажырап кеткенін көрсететін айқын фотосуреттерді ғана жариялап қоймай, сондай-ақ мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының, беделді сарапшылардың құжаттарына сүйеніп мақалалар жазды және басқа да куәгерлердің көрсетулеріне сілтеме жасады.
Сот алайда «құпия» дегенді желеу етіп, бірде бір дәлелді қабыл алмай, Кәкімжановтардың талабын қанағаттандырды. Енді сот шешімімен журналистер – бұрынғы министр мен оның ұлына 50 млн теңге төлеп беруге тиіс. Ең өкініштісі, Ratel.kz және Forbes.kz сайттары Кәкімжановтар туралы жазылған мақалаларды теріске шығарып және оларды сайттардан алып тастауы керек, оның ішінде жоғарыда айтылған мемлекеттік органдардың таратқан ресми мәліметтері де бар.
Қазіргі уақытта Кәкімжановтармен белгілі бір байланысы бар құрылымдардан түскен осындай талап-арыздар бойынша тағы үш сот процесі жүріп жатыр. Олар талап етіп отырған жалпы сома 70 млн теңгеден асады. Бұл дегеніңіз, бұдан былай журналистердің ешқайсысы өткір материалдар жазуға батпайды. Осылайша біздің елде жемқорлықпен күрес өзінің мағынасын жоғалтады. Ал осы кезде Қазақстан мемлекетінің басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ биылғы жылдың 16 наурызында отындық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездескенде, «Жемқорлықпен күресте ең қауатты қаруы – ол жариялық. Егер БАҚ-тар осы туралы белсенді түрде айтатын болса және әрбір осындай сигнал қаралатын болса, онда біз үлкен табыстарға жетеміз (...) Бұл зұлымдықты біз тек бүкіл халық болып жеңе аламыз», - деп мәлімдеген еді.
Игорь Иванович, сіз ғалым, заң ғылымдарының докторы,профессоры ретінде маған және, тұтастай алғанда, бүкіл журналистік қауымға мына сұраққа жауап беріңуіңізді сұраймын: тәуелсіз басылымдарды жою үшін сотты пайдаланбау үшін не істеу керек және судья Жұмамұратовтың Ratel.kz мен Forbes.kz сайттарына қатысты шығарған шешімі норма емес, жекелеген және түзетуге болатын жағдайға айналуы үшін не істеу керек?
Құрметпен
Тамара Калеева,
«Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» қоғамдық қорының президенті.