Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді және сөз бостандығы мен пікір айту еркіндігіне және журналистер мен азаматтық белсенділерді қуғынға ұшыратуға қатысты конституциялық кепілдіктерді бұзуы туралы АРЫЗ
Лаңкестікпен, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыскерлікпен күрес тәуелсіз БАҚ, журналистерді және азаматтық белсенділерді одан әрі жиі қуғынға ұшыратуға алып келуін үреймен айтуға мәжбүрміз.Бұл ретте әділ сот төрелігінің ұлттық және халықаралық стандарттарының нормаларын өрескел түрде белден басуда, пікір айту еркіндігінің конституциялық кепілдіктеріне қарамастан, ақпараттық өрісі тарылуда.
2016 жылы қаржылық қылмыстылықпен күрес сылтауыменҚазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтказы МАТАЕВ және ҚазТАГ тәуелсіз ақпараттық агенттігінің бас директоры Асет МАТАЕВ ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Тергеу және сот процесі біткенге дейін көп уақыт бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Ұлттық бюро департаментінің ресми мәлімдемесінде МАТАЕВ қылмыскер болып аталды: «Матаев жасаған сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстар ауыр болып табылады». Қорғаушы тарабы дайындаған алты мың беттік құжаттар тергеу органдарымен де, сот органдарымен де қарастырылмады. Сот шешімі бойынша Алматы Ұлттық баспасөз клубының ғимараты қиратылды, сөйтіп қоғамның аз ғана диалогтық алаңдарының бірі бұзылды.
Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш баланың әкесі Санат ДОСОВҚА қатыстыұлтаралық алауыздық тудырды деген айыппен 3 жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Оның«қылмысы» іс жүзінде Ресей президенті Владимир Путинді әлеуметтік желілерде сынағанында болды.
Павлодардың тұрғыны Руслан ГИНАТУЛЛИН YouTube сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылған бейне сілтемелерін қайта жариялағаны үшін алты жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. Сот оның ұлтшылдық құбылысты мінеуге тырысқандығы туралы түсіндірмесін қабыл алмады, алайда ГИНАТУЛИН жазасын өтеп қойған бұрынғы әрекеттеріне қатысты жағдайларды үкімінде жете айтты.
«НАКАНУНЕ.КЗ» интернет-порталының бас редакторы Гузяль БАЙДАЛИНОВАНЫ және басқа журналистерді көрінеу жалған ақпаратты таратуда айыптау кәсіпкер Таир КАЛДЫБАЕВТЫҢ түрмекамерасында қаза табуына, БАЙДАЛИНОВАНЫ бас бостандығынан айыруға және мемлекеттік баспаларға баламалы тәуелсіз БАҚ жоюға алып келді.
Бас бостандығынан айыру орындарында тағы бірқатар блогерлер мен азаматтық белсенділер отыр. Риддер қаласынан азаматтық белсенді Александр ХАРЛАМОВТЫ қылмыстық қудалау қайта басталды.
2017 жыл, сондай-ақ, «Трибуна. Саяси-Қалам» тәуелсіз газетін шабуылдаумен есте қалды. Оның редакторы Жанболат МАМАЙ тұтқынға алынды, газет шығаруға қажет техника тартып алынды және редакция кеңсесінің есігіне сүргі соғылды, бұл келесі нөмірді шығаруға үлкен қиындық тудырып отыр. Тұтқынға алу күні Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросы кінәсіздіктің анық-қанығына жету қағидасын бұзып, соттың айыптау үкімі күшіне енбестен Жанболат МАМАЙДЫ қоныс аударған саясаткер және банкир Мухтар Аблязовтың «жандайшабы» деп атады. «Ол «Саяси қалам: Трибуна» газеті арқылы заңсыз қаржы операцияларын жүргізу сылтауымен БТА Банкінде ұрланған ақшалай қаржаттың жартысының ізін жасырды», - деп соттың айыптау үкімінде қандай да бір фактілерді анықтаудан бұрын Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының хабарламасында жазылды.
Заңды тұрғыдан жол берілмейтін болжам сипатындағы сарапшылардың қорытындылары негізінде жеткілікті дәлелдермен расталмаған экономикалық қылмыстарда немесе әртүрлі алауыздықтарды қозғауда айыптарды пайдалану сөз бостандығына және пікір айту еркіндігіне, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарына және журналистер мен блогерледің еркін қызмет етуіне тікелей қауіп төндіреді.
Жоғарыда айтылғанға байланысты, біз:
· Қазақстан Республикасында сөз, пікір айту бостандығы және БАҚ қызметінің еркіндігінің халықаралық міндеттемелері мен конституциялық кепілдіктерін сақтауды;
· Тәуелсіз басылымдарды, журналистерді және азаматтық белсенділерді пікір айту еркіндігі құқығын жүзеге асырған үшін қудалауды тоқтатуды;
· Сот шешімдерін қайта қарауды және Сейтказы МАТАЕВ, Асет МАТАЕВ, Санат ДОСОВ, Ринат ГИНАТУЛЛИН және басқа блогерлер мен азаматтық белсенділердібосатуды;
· Қудалауды тоқтатуды және Жанболат МАМАЙДЫ босатуды;
· Барлық істер бойынша, әсіресе саяси сипаттағы істер бойынша құқық және әділ сот төрелігінің ұлықтылығы қағидасын қатаң сақтауды талап етеміз.
Қолтаңбалар:
Аспандиярова Маржан – Құқыққорғаушы.
БапиЕрмұрат – «Дат» жобасының бас оқырманы мен жетекшісі.
Ерғалиева Гульжан – Журналист, қоғам қайраткері.
Есергепов Рамазан – «Журналисттер қиыншылықта» Қоғамдық Бірлестігінің басқарма төрағасы.
Жовтис Евгений – Адам құқығын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросының Директоры.
Жумалы Расул – Саясаттанушы, «Эксклюзив» журналының редакторы.
ИбраеваАнара – «Қадір-қасиет» Қоғамдық Бірлестігінің Директоры.
КалееваТамара – «Әділ сөз»сөз бостандығын қорғау жөніндегі Халықаралық Қоры.
Калиев Ерлан – Заңгер, құқыққорғаушы.
КосановАмиржан – Журналист, саясаткер.
Сарым Айдос – «Алтынбек Сәрсенбаев» Қорының жетекшісі.
Таукина Розлана – Қазақстан журналистері федерациясының президенті.
Шорманбаева Айна – «Халықаралық құқықтық бастама» Қоғамдық Қоры.
Ақпанның 15, 2017 ж.