Халықаралық ПЕН-клуб Бигелді Ғабдуллинді қорғап мәлімдеме жасады
Мәлімдеме мына сайтта жарияланды http://www.pen-international.org/newsitems/kazakhstan-arrest-of-president-of-kazakh-pen-club/ , онда былай делінген:
Халықаралық ПЕН-клуб 2016 жылы 15 қарашада Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллинді бопсалауға әрекет жасады деген күдікпен тұтқынға алуына орай үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл оның шенеуніктердің атына айтылған сынмен байланысты болуы мүмкін деп қауіптенеді ұйым. Егер оның қылмыс жасағаны халықаралық стандарттарға сай айқын дәлелденбесе, ұйым оны босатуға шақырады.
Бигелді Ғабдуллин CentralAsiaMonitor тәуелсіз басылымның бас редакторы және «Радиоточка» сайтының директоры. Ол 15 қарашада қамауға алынып, 2016 жылдың 17 қарашасында екі айға тұтқындалды. Қазіргі уақытта ол Астана ІІД уақытша қамау изоляторында отыр.
«Ғабдуллинді тұтұындау – халықаралық ПЕН-клубты қатты алаңдатып отыр, себебі бұл оқиға мемлекеттік шенеуніктер туралы бірқатар сыни жарияланымдар шыққан соң орын алды. Мемлекеттік қайраткерлер туралы сыни мақалалар жаздғаны үшін журналистерді жемқорлыққа барды деп қудалау мен қорқытуды – біз сөз бостандығын шектеуді алдына мақсат қойып отырған үрдіс деп санаймыз.
Біз жауапты органдарды Ғабдуллиннің заң бұзушылыққа барғанын растайтын айқын дәлелдерді тез арада көрсетіп, сотты да халықаралық стандарттарға сай мейлінше тез өткізуге шақырамыз. Ғабдуллинге таққан айыптарға қатысты дәлелдердің бәрі жариялануы тиіс, сондай-ақ ол өзіне адвокаттар алу мүмкіндігіне ие болуы керек» - деді Халықаралық ПЕН-клубтың Writers-in-Prison Комитетінің төрағасы Салиль Трипатхи.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының дерегінше, тергеу – бопсалау бабы бойынша басталған. Мәлімдемеде: Ғабдуллин түрлі үкіметтік шенеуніктерді қаралайтын бірқатар мақала жариялаған, содан кейін ондай мақалалар бұдан ара жарияланбас үшін мемлекет ақшасын бопсалаған делінген.
Ғабдуллинді тұтқындау – елдегі сөз бостандығы онсыз да қиын жағдайға душар болған кезде ерекше көзге түсіп тұр. Басқа да бірнеше журналист күдікті негіздермен өткен жылы тұтқындалып, жауапқа тартылған болатын. Мысалы, тәуелсіз журналист, Nakanune.kz интернет-сайтының иесі Гузяль Байдалинованы банк туралы «көрнеу жалған ақпарат жариялады» деп, апелляциялық сот оны 18 айға кесіп, ол түрмеде жеті ай отырып барып, бостандыққа әрең шықты. Қазақстан Ұлттық баспасөз клубының президенті және Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттіктің директоры Әсет Матаев та 2016 жылдың қазан айында алаяқтық жасады және мемлекет қаржысын қымқырды деген айыптармен алты және бес жылға сотталды. Ол екеуі де өздеріне тағылған айыптарды мойындаған жоқ, себебі, олардың сөзінше, билік осылайша Матаевтардың тәуелсіз қызметін тоқтатқысы келген. Сондай-ақ бірнеше блогер де түрмеге кесілген немесе үйқамаққа отырғызылған.
Халықаралық және жергілікті ҮЕҰ-лер (НПО) Қазақстандағы жазасын өтейтін жерлерде азаптау тәжірибесі көптен бері қолданып келе жатқанын соңғы кезде белсенді түрде көрсете бастады. Халықаралық ПЕН-клуб Бигелді Ғабдуллин қамауда отырған кезде, оның заңсыз физикалық қысымнан қорғалуын қамтамасыз етуді Қазақстан билігінен сұрайды.
Халықаралық және аймақтық мекемелер Қазақстанда сөз бостандығымен проблемалар бар екенін анықтап отыр. 2016 жылы наурызда Еуропалық парламент Қазақстандағы пікір еркіндігі туралы қаулы қабылдады. 2016 жылдың тамыз айында Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің орындалуын қадағалайтын БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстан туралы шолу жасап, өзінің қорытынды ескертуін шығарғанда бұл елдегі пікір еркіндігіне алаңдаушылығын білдірген болатын. Атап айтсақ, «сөз бостандығы құқығын пайдаланаған адамдарға қылмыстық заңдарды қолданатыны», сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгездіктер орын алып жатқаны, тәуелсіз сот жүйесінің жоқтығы туралы сөз болды.
Бигелді Ғабдуллин өзінің негізгі журналистік қызметінен тыс белгілі прозашы, эссе жазушысы және аудармашы. Бірнеше кітаптың және 300-ден астам публицистикалық мақалалардың авторы, ол сондай-ақ бірқатар қазақ авторларының шығармаларын орыс тіліне аударған. 2015 жылы оның жетекшілігімен қазақстандық ПЕН-клуб қазақ әдебиетін халықаралық кең аудиторияға таныстыру мақсатымен қазақ авторларын ағылшын тіліне аудару сериясын ұйымдастырды.
Автор: Энн Харрисон