Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Ақ Жайық» газетінің сайтына DDoS-шабуылдар жалғасуда

22 қараша 2016



«Ақ Жайық» редакциясы хабарлағандай, басылымның сайты бір ай бойы үзіліспен жұмыс істеп тұр, себебі ресурсқа үнемі DDos-шабуылдар жасалуда. Алғашында DDos-шабуылдар шетелден шетеледен жасалынған, сол кезде біз шетелдік пайдаланушыларға біздің сайтқа кіретін жолды бұғаттауға мәжбүр болдық. Алайда соңғы кезде Қазақстан аумағынан шабуылдар басталды. Сондықтан сайт әкімдігі порталды жауып, сервисті жөндеуіне тура келіп жүр.

Редакция мұны азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянның сот процесімен байланыстырады, себебі «Ақ Жайық» ол сот туралы тұрақты түрде ақпарат беріп отыр.


БІЗДІҢ КЕҢЕСІМІЗ:

DDos-шабуылдар жасау – ҚР Қылмыстық кодекстің «Зиян келтіретін компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату» деп аталатын 210-бабына сәйкес келеді, ол үшінүш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.

Қылмыстың бұл түрі бойынша қылмыстық жауапкершілікке нақты жеке тұлға немесе бір топ адам тартылуы мүмкін. Әдетте, оның кім екені белгісіз болғандықтан, құқық бұзушыларды іздестіру процесі қиын болады. Алайда ҚР ІІМ-нің (МВД) криминалды полициясында және республика бойынша барлық ішкі істер департаменттерінде ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрес құрылымдары ашылған. Компьютерлік желілерге заңсыз кірумен күрес, міне, солардың құзырына кіреді.

DDos-шабуылдар зардап шеккендер өзінің тұратын орны бойынша немесе құқық бұзушының мекен жайын білсе, сол жердің полициясына арыз беруіне болады. Қазақстан бүгінгі күні басқа мемлекеттермен ақпараттық қауіпсіздікке қатысты бірнеше келісімдерге қол қойған, сол келісімдер бойынша полициясының арнайы құрылымдары ақпараттық қауіпсіздікке төнген қатерлерді анықтауға және олардың жолын кесуге, сонымен бірге олардың салдарларын жоюға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру- техникалық және ұйымдастыру-экономикалық сипаттағы шаралар қарастырылған. Егер шетелден құқық бұзушылар осындай келісім жасалған мемлекеттерде тұрса, олар да жауапқа тартылады.

Біздің ойымызша, полицияға арыз берумен шектелмеу керек. Бұл оқиға туралы, сонымен бірге прокуратураға және профилдік министрлікке, т.б. мекемелереге хабарлау қажет. Сайтта орналасқан ақпаратқа қол жеткізе алмаған бірнеше адам қатырынан полицияға арыз түсірсе, көбіне ол оң нәтиже береді. Құқық қорғау органдары мұншама арызды ескермеуі мүмкін емес, себебі бұл жерде адамдардың ақпаратқа қол жеткізуіне қатысты конституциялық құқығы (ҚР Конституциясы, 20-бап) жаппай бұзылып отыр. Сондай-ақ полицияға түскен арызбен не болып жатқанын үнемі бақылауда ұстап отыру керек. Ал бұл істің техникалық жағына келетін болсақ, мамандар DDoS-шабуылды тіркеп, бұдан былай өз Интернет-ресурсының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ойлануы қажет. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз