Матаевты қолдау комитеті журналистерге кеңес береді
Егер дәрігерлер мүмкін деп тапса, Сейітқазы Матаев 29 тамызда ауруханадан шығып, оның ісі бойынша сот тыңдауы жалғасады.
Матаевты қолдау комитеті сот басталғалы бері оған қатысты жарияланымдарды талдай келе, журналистерден: осы процесс туралы хабар таратқанда объективті және тәуелсіз болуды сұрайды!
Атап айтсақ, оны КТК сияқты істемеу керек, мысалы, шындығында Матаевтарға қарамайтын особняктар мен автомашиналарды Сейітқазының отбасына жататын меншік ретінде көрсетпеу керек.
Эксклюзив, әрине, әдемі нәрсе, бірақ ол үшін айыптау жағы «теріп» берген және «ерекше сенімге кірген» БАҚ-тарға ғана берген тергеу құжаттарын жариялауға бола ма?
Айыптау мен қорғау жағының құқықтары тең болуы – әділ соттың алтын қағидасы. Сейітқазы мен Әсет Матаевтар соған қазір қол жеткізуге тырысуда және сол қағиданы өзінің кәсіби беделін бағалай білетін журналистер де ұстануы керек. Ақиқатты басшылыққа алатындар үшін Комитет: журналистік зерттеу жүргізіп, мәселен, мына жәйттерді анықтауға кеңес береді:
- Ақпарат комитеті әр кезде дайындаған: БАҚ-тардың мемлекеттік ақпарат саясатын түсіндірудегі мемлекеттік тапсырыс шарттары қаншалықты шындыққа негізделген («техникалық ерекшелік» деп аталады)?
- Мемлекеттік тапсырысты орындаған басқа БАҚ-тардың есептері ҚазТАГ-тың есептерінен несімен ерекшеленеді?
- Неге Қазақтелеком өз тапсырыстарын қалауынша БАҚ-тарға орналастырып, оларға «ақшаны артынан Ұлттық баспасөз клубы төлейді» деп уәде берген?
- Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубының сейсмологиялық қауіпсіздігіне «қам жеген» «Сақтар» ПКСК-ның төрайымы кім? Және қазір енді бұзылған осы ғимараттың сенімділігі туралы алғашында оң қорытынды берген ГАСК – ПКСК төрайымы арыз бергенде, неге бірден, алғашқы оң қорытындысынан бас тартып, сотқа жүгінген?
- Сіз біреудің беделіне құрмет көрсету үшін ғана заңды бұзуға дайын адамды білесіз бе (Ақпарат комитеті мен Қазақтелекомның өкінген жетекшілерінен басқа)?
Осы және осыған ұқсас сұрақтарға жауап тапқан кезде, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы мен ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің бас директорын соттап жатқан қазіргі теңдесіз соттың қалай мүмкін болғанын бәріміз түсінеміз.