Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Финполдың ұлы экстрасенстері ұлы гипнотизшы Матаев туралы. Бақылаушының жазбалары

23 тамыз 2016

Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша бірінші сот отырысы 23 тамызда, әдеттегідей, айыптаушының сөзінен басталды.

Прокурордың көп сағаттық бірсарынды, шапшаң баяндамасын алаңдамай тыңдау – оңай болмады. Мен оны тыңдадым да, аң-таң жайда қалдым: осының бәрі рас па?

Айыптаушының сенімі түрде айтуы бойынша, Сейітқазы Матаевтың беделі бұған дейін пайғамбардікіндей болған екен. Осы беделдің гипнозымен, өзінің абырой-беделін бағалай білетін тәрбиелі, ақыл-есі дұрыс шенеуніктер мемлекеттік сатып алу тәртібі жылдан жылға бұзып отырған.

Мысалы, Матаев өзінің «Қазақстан Журналистер одағының төрағасы беделін пайдаланып», Қазақстелекомның стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Маханбетажиевтен тендер шартын бұзып, мемлекеттік тапсырысты алып беруге «көмектесуді» талап еткен. Неге Матаев одан оны сұрамай, иландырмай, нақты талап еткен? Өзіңіз ойлап көріңізші, қатаң заңды бұзу үшін оған өте салмақты негіз керек қой, әйтпесе сізді олар маңайына да жолатпас еді. Оның үстіне Матаев пен Маханбетажиев туыс та, дос та, бизнес бойынша әріптес те емес, олар, айыптау жағы айтып отырғандай, жай ғана бұрыннан таныс адамдар. Бірақ кім кіммен таныс емес! Алайда шенеунік өзінің беделін, карьерасын қатерге тігіп, заңды бұзуға барады, және бір рет емес. Одан кейін де оның орнына келген адамдар да жылдан жылға соны істейді.

Немесе, Матаев «өзінің қызмен бабына сәйкес» Ақпарат және мұрағат комитетінің: мемлекеттік тапсырысты орналастыруға бәйге жариялағанын біліп алады да (бұл – басқалары үшін құпия сияқты!), дереу сол мекеменің жетекшісіне барады. 2010 жылдан 2015 жылға дейін ол өзінің беделімен осы комитеттің төрағалары мен орынбасарларын бірінен соң бірін «гипноздайды». Ал олардың бәрі Қазақстан Журналистер одағының төрағасына құрмет көрсетіп, Матаевтың миллиондарды бірінен соң бірін ұрлау үшін мемлекеттік тапсырыстың шартын бұрмалап отырған.

Жалпы, егер айыптау жағына сенетін болсақ, біз бәріміз қателесіп жүр екенбіз. Қазақстан журналистері Сейітқазы Матаевты өзінің төрағасы етіп сайлағанда және қайта сайлағанда қателесіпті, халықаралық журналистер қауымдастығы оны ТМД және Балтық жағалауы елдерінің журналистер Конфедерациясының вице-президенті етіп сайлағанда да қателесіпті, мүмкін, Қазақстан Президенті де Сейітқазы Матаевты өзінің бірінші баспасөз хатшысы етіп тағайындағанда да, - мұны ойлаудың өзі қорқынышты – қателескен шығар. Біз болсақ, Қазақстан халқы мемлекеттің не істеп жүргенінен көбірек хабардар болсын деп, дүние жүзі Қазақстан туралы көбірек білсін деп Матаев еліміздің ақпараттық жүйесін дамытып, БАҚ-тарды қолдап жүрген патриот деп ойлап келіппіз.

Ал айыптау жағы – Сейітқазы Матаевты өте зиянды қылмыскер деп сендіруге тырысуда. Оны оған итермелеген негізгі себеп – «пайдақорлық» екен, ал мақсаты – мемлекет қаражатын қымқыру, ал оның бар іс-әрекеттері – «алдын ала ойластырған қылмыстық жоспарды» жүзеге асыру көрінеді. Айыптау жағы неге солай мәлімдейді? Айыптау қорытындысында ол туралы бір ауыз сөз жоқ. Осындай мәлімдемелерге орай «Сіз сонда менің жоспарларымды біліп отыратын экстрасенсіз бе?» - деп Сейітқазы Матаев сұрағанда, прокурорлар оған, әрине, жауап берген жоқ.

Енді осы нұсқаны сот қалай бағалайтынын көреміз.

Айтпақшы: бірінші сот отырысында барлық тиісті рәсімдер мұқият сақталды.

Тағы бір айта кететіні: бүгін, яғни 23 тамызда Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубтың үстіңгі қабатын бұза басталды. Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды күдікті ретінде тергеу ісі де, сол ғимараттың сейсмологиялық мықтылығына белгісіз бір әйелдің күдік келтіретін арызы берілген күні басталған болатын. Осыдан кейін Журналистер одағының төрағасы өзін қамауға алар алдында «бұл қудалау тапсырыспен істеліп отыр» деген болжамына енді сенбей көріңіз?


Тамара КАЛЕЕВА


Көшіріп басу мен түсініктеме беруді қолдаймыз, - Сейітқазы Матаевты қолдау комитеті

Өз сұрағыңызды қойыңыз