Анна Калашниковадан Алматы ІІД-де жауап алынды
2016 жылы 8 тамыздаRatel.kz. сайтының тілшісі Анна Калашникова Алматы қаласының ІІД-ге жауап беруге шақыртылды.
Калашникованың айтуынша, тергеуші онымен жақында, яғни өткен сенбіде телефон арқылы хабарласып, өзін Сорокинмым деп таныстырады да, оған Ratel.kz. сайтында жарияланған кейбір мақала бойынша ІІД-ге келуін сұрайды. Бұл – ресми шақырту емес және оны шақырту қағазын тапсырмай-ақ ІІД-ге келуін ауызша сұрағанын атап өткіміз келеді.
Тергеу кезінде «Қай жарияланым бойынша шақырып отырсыз?» деген сұраққа А. Калашникова не сол күні, не дүйсенбіде жауап ала алмады. Оның орнына тергеуші «қала бойынша орын алған оқиғалар туралы мәліметті оған беріп тұрған тынысына қарсы көрсету беру керектігін» айтқан. Оны істемеген жағдайда, ІІД куәгерлерді тартып, ал олар Калашникованының оқиғаларға шолу жасауға қатысқанын растап және оны жалған көрсету бергені үшін, сондай-ақ ақпаратты таратқаны үшін сені сотқа тартамыз деп сес көрсеткен. Ал тілші: «бұл ақпараттың «құпия» немесе «қызмет бабы үшін» деген белгісі бар ме еді?» деп сұрағанда, тергеуші «жоқ» деп жауап берген.
Олай болса, «оқиғалар мәліметін» жариялаудың қала қауіпсіздігіне қалай қатер төндіретіні және полицияның жұмысына қалай кедергі келтіретіні түсініксіз? Анна Калашникова тергеуші Сорокиннен бұл сұраққа жауап ала алмаған.
Ratel.kz. сайтының редакциясы өз басылымы арқылы Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа мына сұрақтарды қойған:
Қылмыстық оқиғалар туралы мәліметті біздің республиканың барлық бұқаралық ақпарат құралдары неге бірдей ала алмайды?
Тергеуші СОРОКИН қандай негізде журналистердің заңды қызметіне кедергі келтіреді және еліміздің ең үлкен мегаполисіндегі қылмыстық жағдай туралы ақпаратты елден жасырып, тергеуші неге өзін Қазақстан Республикасы заңдарынан жоғары қояды?
Осыдан бар-жоғы екі апта бұрын қанпезер қылмыскер қолына автомат алып, қаланы кезіп жүргенде, ал журналистер бар күшін салып, әрең дегенде ақпарат тауып таратқанда, алматылықтар неге ұзақ уақыт бойы қалада не болып жатқаны туралы хабарсыз болды?
Осының бәрін ҚР Конституциясында жарияланған азаматтық құқықтармен қалай байланыстыруға болады, әсіресе оған кіретін сөз бостандығы мен азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын?
Әйтпесе, «полицияның, шынымен, журналистерді қудалаудан басқа істейтін ісі жоқ» деген пікір ел арасында қалыптасуы мүмкін. Әлде олар ұйымдасқан қылмыс, нашақорлық, бандитизм мен терроризм сияқты проблемаларды толық жеңіп шықты ма?
Осыдан кейін мынандай сұрақ туындайды: біз сіздерді өз салығымыздың есебінен бекер ұстап отырған жоқпыз ба?