Михаил Козачковтың бұлтартпау шарасын өзгертті
18 ақпан 2023
Бүгін Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті. Қамауда ұстау үйқамаққа ауыстырылды.
Еске салайық, 2022 жылдың 18 желтоқсанында Козачков ұсталған болатын. Ал 20 желтоқсанда Михаил Козачков 2 айға қамауға алынды. 30 қаңтарда қамауға алу мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды.
Козачковты қорғау үшін журналистік және қоғамдық ұйымдар мәлімдеме жасап, оның жағдайы туралы үкіметтік емес адам құқығын қорғау ұйымдары хабарлады.