«Әділ сөз» қоры сөз бостандығының бұзылуына мониторинг жүргізуді қайта бастады

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Қазақстандағы пікір білдіру еркіндігі, ақпарат алу және таратуға қатысты құқық бұзушылықтарға тұрақты мониторинг жүргізуді қайтадан бастайды.
Біз журналистер мен редакцияларға қысым көрсету, ақпаратқа қолжетімділікті шектеу, аккаунттарды бұғаттау, сөз бостандығы мен БАҚ-тың кәсіби қызметіне әсер ететін басқа да жағдайларды жүйелі түрде тіркеп отырамыз.
Апта сайын негізгі оқиғаларға шолу жариялаймыз. Ал ай сайын Қазақстандағы жағдайдың толық көрінісін ұсынамыз.
Бұл мониторинг жеке жағдайларды ғана емес, жалпы ахуалды бағалауға мүмкіндік береді: қандай құқық бұзушылықтар орын алғаны, жағдайдың қалай өзгергені және қандай үрдістерге ерекше назар аудару қажет екені көрінеді.
Мониторингтің барлық шығарылымын adilsoz.kz сайтынан оқуға болады.



