Алматыда «Гиперборей» Youtube-арнасы операторының екі машинасы өртенді
20 ақпан күні түнгі сағат үштер шамасында Вадим Борейкоға тиесілі «Гиперборей» Youtube арнасының операторының 1999 жылғы Audi және 1987 жылғы Jeep Nissan көліктері өртеніп кетті. Оператор тұратын үйдің кіре берісінде бейнебақылау камералары жоқ, бірақ көлік өртенгенде тарс еткен дыбыс естілген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірді. Таңғы сағат 5-ке дейін Youtube арнасының қызметкері Түрксіб ауданына қарасты ПБ-да болды. Youtube арнаның авторы Вадим Борейко да түнде оқиға орнына және полиция бөліміне барды. Біраз уақыт бұрын белгісіз біреулер оның пәтерінің есігін құрылыс көбігімен жапсырып кеткен болатын.
Таңертең оператордың үйіне тергеушілер, сот-медициналық сарапшылар, терроризмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Түрксіб ауданы әкімшілігі мен Алматы қалалық полиция басқармасының өкілдері келді.
Алматы полиция департаменті ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот өрт-техникалық сараптамасы тағайындалғаны туралы хабарлады.
«Гиперборей» арнасының жұмысы уақытша тоқтатылды, оператор мерзімсіз ақылы демалыста.
«Әділ сөз» қоры Вадим Борейко мен Youtube-арна операторына қажетті заң көмегін көрсетуге дайын.