Атырауда сайлау комиссиясының төрағасы өзін түсіруге тыйым салды
Атырау қаласындағы N39 учаскелік сайлау комиссияның төрағасы Бауыржан Қартан өзінен басқаның барлығын түсіруге рұқсат берді. Төраға кадрға түсуге құлықсыздығын фотоға жақсы түспейтіндігімен түсіндірді.
«Әділ сөз» заңгері Сергей Уткиннің түсініктемесі:
Біріншіден, журналист «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 20-бабының 3-тармағы негізінде ешқандай рұқсатсыз фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқылы.
Екіншіден, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабының 1-1 тармағына сәйкес сәйкес, егер бұл адам бұқаралық іс-шараларға қатысса (сайлау осындай іс-шараларға жатады), егер таратылатын ақпаратта адамның суреті және оған қатысты мәліметтер болса (УСК төрағасы осыған жатады), егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында (УСК төрағасының лауазымдық және (немесе) қоғамдық қызметі Сайлау кезінде сайлау учаскесіндегі УСК конституциялық құрылысты қорғау – Конституцияға сәйкес билікті бейбіт жолмен ауыстыру деп түсіндіруге болады) жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді.
Үшіншіден, БАҚ өкілдеріне арналған сайлау туралы заң фото және видео түсіру мәселесін реттемейді.