Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северные ұсталды

21 сәуір 2023

Журналистердің ұсталғаны туралы олардың балалары видеоүндеуде хабарлады. Оқиға кеше кешкісін олардың көз алдында болған.
Журналистердің үлкен ұлы Ратмир Северный: «Кеше кешкі сағат жетіде «Достық Плаза» сауда орталығында ата-анамды мен, қарындасым және інімнің көз алдында ұстады. Оларды арнайы киім киген бірнеше адам ұстап, тергеушілер бейнекамераға түсіріп, жеке заттарын тінтіді. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті. Бізді үйге жеткізген соң әкемді әкетті. Қатты есеңгіреп қалдым оларға «бопсалау» деген айып тағылғаны құлағымда әлі тұр», - деді.

Оның айтуынша, анасымен бір рет қана хабарласып үлгерген, ал әкесімен адвокаттың телефонынан хабарласқанымен байланыса алмаған.
Бір күн бұрын Наргиз Северная әлеуметтік желіде Владимир Северныйдың армия туралы өткір сыни мақалалары Қорғаныс министрлігіне ұнамайтынын және оған қарсы арандатушылықтар болуы мүмкін екенін жазған.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз