Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Владимир мен Наргиз Северныйдың ісі бойынша тергеу объективті және ашық болуы керек

21 сәуір 2023

20 сәуір күні кешке Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталды.
Бүгін журналистердің үлкен ұлы ата-анасымен байланыса алмағанын және олар туралы іс жүзінде ешқандай ақпараты жоқ екенін айтқан видео хабарлама таратты. Осыдан кейін ҚР Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz Telegram-каналында: «Ерлі-зайыпты С-лар жағымсыз материал жарияламау үшін кәсіпкерді бопсалады деген күдікпен ұсталды» деген қысқаша баспасөз хабарламасы жарияланды.
 

«Әділ сөз» қоры Северныйдың отбасымен және заңгермен байланыста. Біздің білуімізше, адвокат өз қорғалушыларымен байланыста, бірақ жария етпейтін құжатқа қол қойған. Бұл ақпараттық вакуумды тудырып, халықтың тергеу әрекеттеріне сенімін төмендетеді.
«Әділ сөз» қоры Владимир мен Наргиз Северныйға қатысты іс бойынша тергеу ашық, жан-жақты және объективті жүргізіліп, күдіктілер мен олардың балаларының құқықтары қатаң сақталатынына, ҚР Ішкі істер министрлігі бұл іс бойынша тергеуді ашық әрі тергеу барысы туралы уақтылы ақпарат береді деп үміттенеді.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз