Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Прокуратура ҚТЖ-да заң бұзушылықтарды фото- және видеотіркеуге салынған тыйымды алып тастауға қол жеткізді

19 шілде 2023

Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайын фото- және видеотіркеуге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауын заңсыз деп санап, оның күшін жоюға қол жеткізді.

Тыйым салу Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына тікелей қайшы келеді, онда әркімнің заңда тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар делінген.

Бас көлік прокуратурасы: «Мұндай шектеу, ең алдымен, теміржолдағы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде дәлел жинауды қиындатып, қауіпсіздіктің нашарлауына әкелетін түрлі оқиғаларды жасыруға жағдай туғызады. Бүгінгі күні прокуратураның наразылығы толығымен қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды», - деп түсіндірді.

Журналистер «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 20-бабында журналистің мемлекеттік органдарға бару аудиовизуалды техника құралдарын пайдалана отырып жазбалар жүргізу құқығы тікелей көзделгеніне қарамастан, ҚТЖ объектілерінде ғана емес, көптеген басқа да ұйымдарда (әкімшілік, қонақ үйлер, сауда орталықтары, спорт кешендері және т. б.) фото және видеотүсірілімге заңсыз тыйымдарға жиі тап болады. Фото және видеотіркеуге тыйым салу әртүрлі лауазымды адамдар мен ұйымдардың акті, қаулысымен емес, Парламент қабылдаған Заңмен ғана көзделуі мүмкін.

«Әділ сөз» прокуратураның мұндай үлгі боларлық шешімін құптайды. Өйткені сөз бостандығын әлемнің барлық демократиялық мемлекеттері негізгі бостандықтардың бірі ретінде мойындайды. Оған Қазақстан Конституциясы да кепілдік береді. Демек, сөз бостандығын қамтамасыз ету – қоғамның қаншалықты дамығанын және елімізде қолданыстағы заңдардың қаншалықты құрметтелетінін көрсететін көрсеткіш.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз