Көкшетауда судья аккредитацияны редакциялық тапсырмамен шатастырды
15 наурызда «Көкшетау Азия» ақпараттық агенттігінің редакторы Нұржан Баймолдин Көкшетау қалалық сотына облыс тұрғынының жеке құрылыс фирмасына азаматтық талап арызы бойынша өтетін сот отырысына барады. Отырыс басталғанға дейін журналист хатшыға өзінің қызметтік куәлігі мен жеке куәлігін тапсырады. Алайда, отырыс залында судья Могульсун Сатубалдинова БАҚ өкілінен аккредитация беруді талап етеді.
Оның айтуынша, «Бұқаралық коммуникациялар туралы» заңға сәйкес, журналист редакциядан осы процесті көрсетуге жіберілгенін растайтын құжатты алып баруы керек. Н.Баймолдин аккредиттеу үлгісін көрсетуді өтінді. Өйткені ол бірнеше рет сот процестеріне қатысқан және аккредиттеу туралы бірінші рет естіген. Бірақ Фемиданың қызметшісі журналиске БАҚ туралы заңмен танысуға кеңес берген.
Нәтижесінде судья Сатубалдинова процесті де, өзінде аудио-бейнеге жазуға тыйым салған. Бірақ Баймолдинге процесті тыңдауға рұқсат берген. Сонымен бірге ол өзінің фотосы бір жерде жарияланса, журналистің жауапқа тартылатынын айтып қорқытқан.
Кәсіби қызметімен айналыса алмаған басылымның редакторы соттан шығып кетті.
Бұл жағдайға «Әділ сөздің» пікірі:
ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында журналистің ақпарат алу және тарату құқығы бекітілген. Бұл құқық заңмен тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
Журналист кез-келген азамат сияқты, ашық сот отырысына қатысуға құқылы, ол отыруға, тыңдауға, сот процесін жазбаша түрде немесе аудио және видео жабдықтарды қолдана отырып жазуға құқылы.
Шынында да, сот залында бейне және аудиожазба, сондай-ақ фототүсірілім тек төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жүргізілуі мүмкін. Судьяның аккредиттеу туралы талабы журналистің құқықтарын бұзады, ол БАҚ туралы заңда қамтылмайды және ҚР АПК-нің 19-бабында бекітілген жариялылық қағидатын бұзады.
Өз өкілеттігін асыра пайдаланған және журналистен оның ашық сот отырысына қатысуы үшін аккредиттеуді талап еткен судьяның әрекеті оның заңды білмейтін сауатсыздығымен түсіндірілуі мүмкін. Олар ҚР ҚК-нің 361-бабы – «Лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану» немесе ҚР ҚК-нің 158-бабы – «журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау»тармағына жатуы мүмкін.