Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сөз бостандығы өшпенділік сөздерді жоққа шығарады

11 наурыз 2022

Қазақстан Журналистер одағы мен

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының

МӘЛІМДЕМЕСІ

Ресей-Украина қақтығысы қазір бүкіл әлемде және қазақстандық әлеуметтік желілерде де аса белсенділікпен талқылануда. Азаматтар оның ішінде бірінші кезекте журналистер, біздің Конституциямыз кепілдік берген өз пікірін білдіру еркіндігін толық көлемде пайдаланады. Дегенмен, өздерінің сенімдерін қорғай отырып, көптеген адамдар қызбалықпен шектен асып кетіп жатады.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық стандарттар, атап айтқанда, ұлттық, нәсілдік немесе діни өшпенділікті насихаттауға тыйым салу жөніндегі Рабат іс-қимыл жоспары «жек көрушілік» пен «дұшпандықты» терең және қисынсыз айыптау, дұшпандық және құптамау сезімдерінің көрінісі ретінде анықтайды. Демек: қандай да бір әрекетті немесе әрекетсіздікті жек көруге болады, бірақ азаматтығына, ұлтына, дініне қарай халықты, ұлтты, діни немесе басқа топты жек көруге болмайды.

Біреуге, әсіресе БАҚ пен әлеуметтік желілерде көпшілік алдында айтылған өшпенділік, қалай қарасаңыз да, жанама болса да, мардымсыз айтылса да, бірақ үндеу болып табылады. Не үшін? Іс жүзінде не болуы мүмкін? Өз пікіріңізді білдіргенде ең алдымен осыны ойлау керек.

Біз кез-келген өткір мәселелерді ашық талқылауға, дәлелді даулар, қарсыластарды қорламай, қорқытусыз және агрессиясыз  пікірталасты жақтаймыз. Тізбек кімге керек: санадағы хаос – сөздегі хаос – қоғамдағы хаос?

Қазір журналистер мен блогерлердің өз ұстанымдарын білдіру кезінде дау-дамай мәдениетін, қарсыласқа деген құрмет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін есте сақтауы бұрынғыдан да маңызды деп есептейміз.

Өз сұрағыңызды қойыңыз