Көкшетау прокуратурасы журналистің камерасын итеру, қорлау, ұру – бұл қылмыстық құқық бұзушылық емес, деп есептейді
Көкшетауда 716.kz тілшісі Оксана Матасованың 2021 жылғы 26 мамырдағы арызы ҚР ҚК 158-бабы«журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау»бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Жәбірленушінің адвокаты бұл шешімге шағымданды.
Оқиғаны еске салсақ, 716.kz ақпараттық порталдың редакциясына Көкшетау қаласының тұрғыны өзінің 14 жасар ұлы Қылшақты өзенінің жағалауын абаттандыруда басқа кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтінін, балалармен еңбек шарты жасалмағанын және олардың жұмысына ақы төленбегенін жазған. 2021 жылдың 26 мамырында портал тілшісі Оксана Матасова кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен хабарласып, ақпаратты тексеру және жұмыс берушілерден түсініктеме алу үшін өзен жағасына барады. Өзен жағасынан балаларды көріп, олармен сөйлеседі. Ол бірден «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 20-бабының 3-тармағымен рұқсат етілген телефон камерасын қосады. Жұмысшылар Руслан дегенге қоңырау шалады. Осыдан кейін бір ер адам келеді, өзінің алдында тілші тұрғанын естігенде, ол бірден ашуланып, агрессивті әрекет ете бастаған. Камераны қағып, журналистті итеріп, жұмыс орнынан қуып жіберді.
Сол күні тілші полицияға ер адам ҚР ҚК-нің 158-бабының 2-тармағы «журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау», ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-тармағын «қорлау», сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-бабын «ұсақ бұзақылық» (қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу) бойынша арыз жазады. Алайда, 7 маусымда анықтау органы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарады. «Ұсақ бұзақылық» ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша бұзақыға 14500 теңге айыппұл салынады.
9 маусымда Көкшетау қаласының прокуратурасы қылмыс құрамының болмауына байланысты ҚР ҚК 158-бабы бойынша істі тоқтату туралы қаулымен келіседі.
«Мені шақырған прокуратура өкіліне неге бұл істе қылмыс құрамы көрінбейді? деген сұрадым. Прокуратура қызметкері күдікті менің корреспондент екенімді білмейтіндігімен шағымданған дейді. Өйткені, мен өзімді тек ауызша түрде таныстырыппын. Сол күні, 9 маусымда мен Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы, генерал Арманбек Хакімбекұлы Баймурзиннің қабылдауында болдым. Ол менің өтінішімді қабылдап, істі қайта бастауға тапсырма берді», - дейді О.Матасова.
2021 жылғы 10 маусымда жәбірленушінің адвокаты Ақмола облысының прокуратурасына арыз берді. Онда ол қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жоюды және сотқа дейінгі тергеуді қайта бастауды сұрады. Қаулының қарар бөлігі қылмыстық істің мазмұнымен сәйкес келмейтінін көрсетті. Атап айтқанда, қылмыстық іс материалдарында кәмелетке толмаған куәгерлердің айғақтары бар, олар азаматтың (Руслан) қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін ғана емес, оның әрекеттерінде журналистік қызметке кедергі келтіретін, сондай-ақ О.Матасованы қорлау ҚР ҚК нормаларында көзделген қылмыс құрамын тікелей көрсетеді. Сонымен қатар, анықтау органы О.Матасовадан баяндалған фактілерді дәлелдейтін бейнематериалдарды алмаған, бұл істің барлық материалдарын толық және объективті зерттеу туралы ҚР ҚПК-ның 24-бабын бұзды, дейді.