Журналистердің сайлаудағы құқықтарының бұзылуы: білімсіздік немесе нигилизм бе?
10 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттарға сайлау барлық сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелері журналистердің дауыс беру процесін жариялау құқығын білмейтінін және құрметтемейтіндігін көрсетті.
Алматыда №173 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Ысқақов журналистің ПТР сынағы жоқ деген желеумен «Азаттық» радиосының тілшісі Аян Қалмұратты учаскеден қуып шықты. Кейінірек Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова журналист пен учаскелік сайлау комиссиясының өкілі арасында «түсініспеушілік болғанын» хабарлап, оның айтуынша Аян Қалмұрат өзін бақылаушы ретінде таныстырған. «Азаттық» тілшісі түсірген видеода Қалмұраттың өзін журналист екенін және сайлауда БАҚ өкілдері үшін коронавирустық тестілеуден өтуміндетті емес екенін бірнеше рет қайталағанын естуге болады.
Алматы облысында Жалғамыс ауылындағы № 894 учаскеде «Азаттық» тілшісінен комиссия өкілі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қолданыстағы талаптарына сілтеме жасай отырып, ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтама көрсетуді талап етті.
Алматыда Orda.kz тілшісі Сәуле Сәденова COVID -19-ға ПТР-тестінің болмауына байланысты 379 сайлау учаскесіне кіре алмады. Тек жарты сағаттан соң ережелер туралы ескертулерден кейін журналиске жұмыс істеуге рұқсат етілді.
Алматы облысы Еңбекші ауылының №446 сайлау учаскесінде сайлауды жария етуге кедергі жасау үшін ерекше сылтау айтылды. Онда «Азаттық» тілшісі Асылхан Мамашұлы кейбір сайлаушылар жәшікке үштен көп бюллетень салғанына назар аударды (өңірлерде үш бюллетень беріледі: мәжіліс, аудандық мәслихат және облыстық мәслихат сайлауы үшін). Осыдан кейін сайлау комиссиясының төрағасы «Азаттық» тілшісінің Алматы облысы коронавирусты жұқтыру қаупі бойынша «сары аймақта» тұрғанын айтып, учаскеден кетуін талап етті. Ол журналиске жұмыс істеуге бес минут уақыт бере алатынын айтқан.
Ақтөбе қаласындағы №28 сайлау учаскесінің төрағасы Ержан Бақытбек «Азаттық» радиосының журналисі Жаңагүл Жүрсінге сайлау комиссиясының мүшелерін суретке түсіруге тыйым салды. Облыстық сайлау комиссиясының араласуынан кейін ғана Жаңагүл Жүрсін жұмысын жалғастырды.
Түркістан облысындағы «Азаттық» тілшісі Дилара Иса №79 сайлау учаскесінде өзін Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары ретінде таныстырған қызметкер телефонын тартып алуға тырысқанын хабарлады.
Сайлау күні «Уральская неделя» апталығының журналистері өздерін аңдығандарды байқап, оны полиция жүргізгені туралы видеоға түсірді.
Қостанайда «Наша газета» басылымының тілшісі Георгий Говоров күні бойы №1 сайлау учаскесінде өткен сайлауды жариялап отырды. Кешке қарай кофе ішуге шыққан ол сағат 19.30-да дауыстарды санауға жарты сағат қалғанда қайтып бөлмеге кіре алмады.Сайлау комиссиясының төрағасы Берген Қалақов журналистке «Бақылаушылар, сенімді тұлғалар үшін орындар саны алты адаммен шектелгендіктен, учаскеден кетіңіз», - деген.
«НГ» тілшісі учаскені тастап кетуден бас тартқан кезде комиссия төрағасы полиция шақырып, журналист партиялардың бақылаушыларын қорлады, олардың бақылауына сенбейді деп мәлімдеді. Сонымен қатар, Б.Калаков полицияға Говоровтың комиссия қызметкерлерін сатылады деп атағаны туралы арызданамын деген. Ал Говоров бұлай айтпағанын, өзі полицияға облыстық сайлау комиссиясын журналистің қызметіне кедергі жасады деп арыз түсіретіндігін айтқан.
Жоғарыда келтірілген бұзушылықтар тізімі әлі толық емес, бірақ олар 10 қаңтарға тән.
«Әділ сөздің» түсініктемесі:
Біз сайлау комиссиялары басшыларының сипатталған жағдайларын талдамаймыз: Мұнда құқықтық надандық, дөрекілік, қулық туралы. Кез келген жағдайда, журналистердің заңды кәсіби құқықтарының бұзылуы және соның салдарынан қоғам сайлаудың қалай өткендігі туралы толық және жан-жақты ақпарат алу құқығының бұзылуы туралы айтуға болады.
Әрине, сайлауда жұмыс істеген журналистерден COVID -19 үшін ПТР тесті талап етілмейді. Бұл ешқандай заңда немесе ережемен қарастырылмаған.
Журналистердің сайлау учаскелерінде видео мен фотосуретке түсіруіне тыйым салу заңның бұзылуы болып табылады.
Журналисті әлеуметтік қашықтықты сақтауға байланысты сайлау учаскесінен шығаруы заңды өрескелбұзушылық. Тиісті хабарламамен расталған коронавирустық COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимыл алгоритмі журналистерге таратылмайды, сондықтан олар сайлау процесінің қатысушылары болып табылмайды, олар тек жазады.
Журналистің заңды кәсіби қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 158 бабыжәне басқа да заңдар, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңымен қорғалады. Естеріңізде болсын:
-сайлауда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтірген жағдайда тұлға заңда белгіленген әкімшілік және өзге де жауапкершілікке тартылады (50-бап, 2-тармақ, 17б);
-дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлау учаскесінде сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әр бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден бір мезгілде қатысуға ... құқылы (20-бап, 8-тармақ).
Әрине, сайлау аяқталғаннан кейін сайлауға қатысты бұзылған құқықты қалпына келтіру өте қиын. Бірақ сот, прокуратура, сайлау комиссиялары арқылы ОСК-ға шағымдану арқылы заң бұзушылық фактісін дәлелдеуге және әділ жазаға қол жеткізуге болады.