Журналистер қалай айыпталушыға айналады?
Бір мысал: Қарағандыда студент оқу ақысын төлеуге ақша тапқысы келіп, Дельфин аквапаркінде жұмыс істейді. Бірақ оған бірнеше ай бойы жалақы төленбеген.
Студент «ekaraganda» ақпарат агенттігінің журналистеріне хабарласып, көмек сұраған. Бұл туралы «Аквапарк қарағандылық әйелге жалақы төлеуден бас тартады» деген мақала жарияланады.
Аквапарктің иесі «Жарық Сарыарқа» ЖШС не істеді? Қызға еңбекақысын төледі ме? Түк болмағандай. ЖШС әдеттегідей басылымды іскерлік беделімізге нұқсан келтірді деп айыптап, сотқа берді. Сот отырысында талапкер өзінің іскерлік беделіне нұқсан келгендігіне байланысты қандай да бір дәлел келтірмеген.
Сот аквапаркте жұмыс істеген бірақ еңбек келісім шартын да, азаматтық-құқықтық шартта жасалмаған екі куәгерден жауап алған. Куәгердің бірі: «Еңбек келісім шарты түгілі менің жеке куәлігімді де қараған жоқ» деп айтқан. Мұндай бірнеше адам арасында кәмелетке толмағандары да, негізінен 17 жастағы жастар болған. Екінші куәдан жауап алғаннан кейін талапкер арызын қайтарып алу туралы өтініш берген.
Сот өтінішті қанағаттандырады. 2020 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ekaraganda» ақпараттық агенттігінің меншік иесі – «Creadom» ЖШС-ға қарсы «Жарық Сарыарқа»ЖШС-нің арызы бойынша азаматтық істі қарауды тоқтатты.
Өкінішке орай, 2015 жылғы Азаматтық процессуалдық кодекстегі өзгерістерден кейін мұндай арыздар қанағаттандырылады, айыпталушылардың пікірлері ескерілмейді, сотта басқа таңдау жоқ. Ешқандай дәлелсіз талап қою, сот отырысы кезінде жауапкердің позициясын, оның дәлелдерін біліп, талаптан бас тарту, содан кейін алынған мәліметтерді ескере отырып қайтадан арызданып жатады.
Бүгінде сот ісі тоқтатылды, бірақ аквапарк иесінің журналистердің үстінен тағы шағым түсіру қаупі бар.