Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Мемлекеттік құрылымдар мен қоғам өкілдері журналистердің қауіпсіздігі мәселесін талқылады. Баспасөз хабарламасы

Жүктеу 30 мамыр 2023

Баспасөз хабарламасы

26 мамырда Астанада ЮНЕСКО-ның қолдауымен «2022 жылға арналған журналистер қауіпсіздігінің көрсеткіштері» ұлттық баяндамасын дайындау жөніндегі көпжақты консультативтік кеңестің отырысы өтті. Көп жақты консультативтік кеңес (ККК) Байланысты дамытудың халықаралық бағдарламасы аясында құрылды. Оның міндеттеріне 2022 жылы журналистердің қауіпсіздігі туралы объективті есеп дайындау әдіснамасын бағалау және тәсілдерін әзірлеу кіреді. Көпжақты консультативтік кеңестің мүшелері ерікті түрде жұмыс істей отырып, еліміз қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес журналистердің қауіпсіздігі және Қазақстанда сөз бостандығын нығайту бойынша жыл сайынғы баяндамаларды дайындау стандарттарын қалыптастыруға үлес қосады.

«ЮНЕСКО-ның баспасөз еркіндігі мен сөз бостандығын қолдау шеңберіндегі негізгі іс-шараларның  бірі журналистердің қауіпсіздігін қолдау және оларға жасалған шабуылдың  жазасыздығымен күресу болып табылады.
Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының м.а. Амир Пирик: «ЮНЕСКО журналистерді БҰҰ-ның журналистердің қауіпсіздігі және жазасыздық мәселесі бойынша іс-қимыл жоспары мен тиісті халықаралық міндеттемелерге сәйкес қорғайды», - деді.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры зерттеудің сапасы мен әдістемесі журналистердің қауіпсіздігі туралы ұлттық баяндаманың негізін қалауы мүмкін екенін айтып, бұл есепті қалыптастыруға толық жауапкершілікпен қарайды. Бұл заңнамалық бастаманы Қазақстан Республикасының Парламенті мақұлдаған жағдайда, жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынылатын болады.
 

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық ұйымының президенті Карла Жаманқұлова: «Біз және ЮНЕСКО үшін бұл баяндаманың толық, объективті және жан - жақты болуы, процестің барлық қатысушыларының ұстанымдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жүйелі өзгерістерге мүмкіндік туғызуы өте маңызды», - деп атап өтті.
Көпжақты консультативтік кеңес отырысы журналистердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға қатысты өзекті мәселелерді талқылау алаңына айналды. Шара барысында журналистика саласының сарапшылары мен мамандары құрастырған «2022 жылға арналған журналистердің қауіпсіздік көрсеткіштері» баяндамасының алдын ала қорытындылары таныстырылды.

Отырысқа Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Парламент Мәжілісінің, Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері, журналистер, белсенділер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Олар журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы мәселелерді шешудің тиімді жолдарын талқылады.
Кездесу барысында қызу пікір талас болып, көптеген қызықты ұсыныстар айтылды. Есептің жобасы маусым айында, ал қорытынды құжаттың тұсаукесері қарашада өтеді.

Өз сұрағыңызды қойыңыз