Әділ сөз-депутаттарға: Сіздердің "Масс-медиа туралы" заң жобасын өзгертуге күшіңіз бар
Ескі әдеттерге Жаңа Қазақстанда орын жоқ, сондықтан сөз бостандығын шектейтін ережелер де "Масс – медиа туралы" заң жобасында болмауы тиіс. Депутаттар медиа және құқық қорғау ұйымдарының қолдауымен Заң жобасына оны шынымен тиімді, демократиялық және қоғамға пайда әкелетін өзгерістер енгізуге әбден қабілетті.
"Әділ сөз" халықаралық қорының президенті Карла Джаманкулова бүгін Мәжілістегі "Масс медиа туралы" заң жобасы бойынша дөңгелек үстелде депутаттарға жүгінді. Ол мәжілісмендерге журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты заңнамалық шараларды қосуды, онлайн-платформаларда жарнаманы таңбалау жөніндегі шаралар арнайы тапсырыс материалдар мен мемлекеттік тапсырысты таңбалауға да таралуын көздеуді; БАҚ-ты мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етуді және медиа-нарықта монополия ұғымын енгізуді; сондай-ақ сөз бостандығы мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтын енгізуді және пресс-карта идеясынар бас тартуды ұсынды. "Әділ сөз" депутаттарға осы өзгерістерді әзірлеуге және енгізуге өз көмегін көрсетуге дайын.
Төменде толық мәтінді оқи аласыз
Құрметті төраға мырза,
Құрметті депутат мырзалар,
Бүгін "Масс медиа туралы" заңға қатысты ойымды білдіруге мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс айтамын. Маған өте қысқа сөйлеп, үш минутта үлгеруімді өтінді, сондықтан мен бірден ең басты мәселелерге тоқталып өтейін.
Шын мәнінде, бұл медиа-нарық үшін маңызды қадам және сіздердің қолдауларыңызбен бұл заң қолданыстағы "БАҚ туралы" Заң мен "Телерадио хабарларын тарату туралы" екі заңның бірігуі ғана емес, шын мәнінде жаңа заң болады деген үміттенеміз.
Әділ сөз осы нарықта 24 жылдан бері жұмыс істеп келеді және біз Ақпарат Министрлігі жанындағы Заңнама жөніндегі жұмыс тобына белсенді ат салыстық. Мен сіздерге сол тәжірибеден кейін қандай маңызды екі сабақ алғанымды айтқым келеді.
Бірінші сабақ - сізге бірнәрсе “мүмкін емес” деп айтылса да, егер шындық сіздің жағыңызда болса, онда бәрі мүмкін.
Ведомствоаралық комиссия БАҚ талаптары бойынша ескіру мерзімдерін қысқарту туралы Заңды жобадан алып тастаған кезде, бізге бұл мүліктік емес құқық, олар бойынша ескіру мерзімдерін шектеуге жол берілмейді деп түсіндірді. Бірақ біз жарты жолдан тоқтап қалмадық. Біз халықаралық тәжірибе сілтеме жасадық, бұл кәсіби журналистикаға қаншалықты зиян тигізетінін көрсеттік. Бір жылдан кейін келген шағымдардың барлығы дерлік жеке қадір-қасиетін қорлауға қатысты емес, көбінесе ақша жымқырып қалу мақсатында болады. Ескіру мерзімі қайтарылды, бірақ шектеу үш жылға белгіленді.
Сіздердің көбіңіз бұрын журналист болғансыз және сіздер барлық жазбалар мен мұрағаттарды сақтау қаншалықты қымбат және қиын екенін маған қарағанда жақсы білесіздер. Жала жабу үшін ескіру уақытын 1 жылға дейін шектеу дұрыс шешім болар еді. Егер сіздер де мұның ақылға қонымды екенін түсініп тұрсаңыздар, құрметті депутат мырзалар, сіздер бұны мүмкін ететіндеріңізге үміттенемін.
Екінші сабақ-жаңа Қазақстанда ескі әдет жоқ.
Сіздер бізден, яғни қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, сала мамандарынан ақпарат министрлігі жанындағы жұмыс тобы шеңберінде "Масс-медиа туралы" заң жобасы бойынша жұмысты неге аяқтай алмағанымызды сұрайтындарыңызға сенімдімін. Неліктен біз бүгін сіздерге жүгініп отырмыз, депутат мырзалар? Себебі, осы заңды шын мәнінде жаңа, журналистердің құқықтары мен бостандықтарын және Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін нығайтатын етіп жасау үшін. Өкінішке орай, заң бойынша жұмыста соңғы айлар біз уақытты құр босқа өткізген сияқтымыз. Сіздер БАҚ беттерінде "ерекше жағдайларда" цензураны енгізу туралы конституцияға қарсы идеяларды оқыған шығарсыздар. "Ерекше жағдайлар" деп ЖЭС-тегі қазандықтың жарылуынан бастап жергілікті биліктің немқұрайлылығы нәтижесінде туындауы мүмкін кез келген басқа жағдайға дейінгі нәрселер болуы мүмкін. Цензуралы үнсіздік - бұл мемлекетіміздің іргетасын бұзудың ең жақсы жолы.
Бірақ ескі әдеттерге Жаңа Қазақстанда орын болмайды. Осы ойлардың авторы кім болса да, мен сияқты ол да осы сабақты үйренгеніне сенемін. Менің ойымша, ескірген әдістермен жаңа жүйені құру мүмкін еместігін, депутат мырзалар, сіздер басқалардан жақсы түсінесіздер.
Президент Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында айтқандай Сіздерде елдің идеологиялық егемендігін заңды шаралар арқылы нығайтуға, бұл заңды қағаз жүзінде ғана емес, шынымен де маңызды етуге, журналистердің қауіпсіздігін қорғаудың нақты шараларын ұсынуға барлық мүмкіндіктеріңіз бар.
Жұмыс тобындағы жұмысқа сарапшылар мен құқық қорғаушылар қосылуға дайын және біз жарнаманы ресімдеу немесе таңбалау, БАҚ үшін мемлекеттік субсидиялар мен гранттардың ашықтығын қамтамасыз ету немесе журналистер мен редакцияға тінту тек сот санкциясы бойынша жүргізу сияқты мәселелер туралы жазбаша көзқарасымызды ұсынуға дайынбыз. Журналистердің еркін сөйлеуі мен қауіпсіздігіне қатысты жағдай сөз бостандығы жөніндегі Омбудсмен институтының қорытындысын талап ететініне сенімдіміз. Тағы қайталап айтайын, осы және басқа да мәселелер бойынша, біз жазбаша ұсыныстар беруге әрқашан дайынбыз.
Біз БАҚ-тағы бәсекелестіктің дамуына қолдау көрсетуіміз керек, өйткені тәуелсіз және жауапты БАҚ-тарсыз демократиялық өзгерістер жасау мүмкін емес. Бұл менің сөзім емес, бұны да Президент Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
Мемлекет басшысының сөзін жерге қалдырмайық.
Назар аударғаныңыз үшін рақмет!