Сәуірдің 28-і.
БАҚ (Қазақстан)
Kaspi арқылы қазақстандық басылымдарға жазылуға болады
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басылымдарға онлайн жазылу үшін Kaspi Bank-пен серіктестік орнатты. Бұл туралы Qazaq Forum интернет форумында министр Дархан Қыдырәлі айтты.
«Мұндай қадам жазылушылар үшін оңтайлы болып, олардың қатарын арттыра алатынына сенімдіміз», - деді министр.
Әзірге банктің жазылу қосымшасында 18 басылым бар.
Мамырдың 2-сі.
БҰҰ Бас хатшысы: Сөз бостандығына қауіп төніп тұр
3 мамырда Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күнінің 30 жылдығына орай халықаралық конференцияда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүкіл әлемде баспасөз еркіндігіне қауіп төніп тұрғанын айтты.
Антониу Гутерриш: «Оған жалған ақпарат, өшпенділік сөздер, шындық пен ойдан шығарылған әдебиеттің, ғылыми фактілер мен қастандық теорияларының арасындағы айырмашылықты жою әрекеттері қауіп төндіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарының аз ғана адамдар тобының қолында шоғырлануының артуы тәуелсіз ақпарат ұйымдарының дүние жүзінде күйреуіне әкеледі. Ұлттық ережелер мен заңдарды қатайту журналистердің жұмысын шектеп, сөз бостандығына қауіп төндіреді», - деді.
БҰҰ Бас хатшысы дүние жүзінде журналистерді қудалап, қорқытып, ұстап, түрмеге қамап жатқанын атап өтті. «2022 жылы кем дегенде 67 БАҚ қызметкері қаза тапты. (...) Әйел журналистердің төрттен үшке жуығы желіде сексуалдық зорлық-зомбылыққа, ал әрбір төрттен бірі физикалық қоқан-лоққыға ұшырады», - деді ол.
ЮНЕСКО бөлімінің басшысы Гильерме Канела Де Соуза Годой да әлемдегі сөз еркіндігі жағдайына алаңдаулы.
ЮНЕСКО бөлімінің басшысы: «Соңғы 5 жылда әлем халқының 85%-ы баспасөз бостандығын шектеуді бастан кешірді. (…) Журналистерге шабуылдар жиілеп кетті. Он кісі өлімінің тоғызы ашылмаған, ал қылмыскерлер жазасыз қалады. Әсіресе әйел журналистер зардап шегеді. Біздің деректерге сәйкес, журналист әйелдердің төрттен үш бөлігі желіде қудалауды бастан өткерген және олардың әрбір төрттен бірі физикалық қорқытуға ұшыраған», - дейді.
Мамырдың 3-і.
Блогосфера (Қазақстан)
Депутат блогерлерді ел қауіпсіздігіне қатер төндіреді деді
Парламент Мәжілісіндегі «Ауыл» фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев Үкімет басшысы мен Бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында блогерлерді Қазақстанның қауіпсіздігіне қатер төндірді деп айыптады.
Баққожаев: «Блогер болуға үміткерлердің көпшілігі ақпараттың дұрыстығын тексермейтін және оңай жолмен баю, бопсалау арқылы ақша табу үшін жала жабудан тартынбайтын, ашкөз, елдің әл-ауқатын бұзатын және оның қауіпсіздігіне қатер төндіретін сауатсыз адамдар. Олардың көпшілігі әлеуметтік желіде әртүрлі «хайп» ұйымдастырумен айналысады, елдегі беделі мен атақ-даңқын пайдаланып, халыққа көмектесіп жатқандай кейіп танытады», - деді
Анас Баққожаев бұл құбылыс қоғам үшін де, мемлекет үшін де қауіпті деп есептеп, оны блогердің мәртебесін айқындайтын және жауапкершілігін көрсететін заңнаманың жоқтығымен байланыстырды.
Мамырдың 2-сі.
БАҚ (Қазақстан)
Қазақстандық БАҚ-та қазақ тіліндегі контент көбірек
Астанада өтіп жатқан Qazaq Forum интернет-форумында сөйлеген сөзінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі БАҚ-тағы мемлекеттік тілдегі контенттің үлесі 83 пайызға дейін артқанын атап өтті.
«Атап айтқанда, телеарналардағы қазақ тілінің үлесі 77%-ға, басылымдарда 85%-ға, интернет-ресурстарда 87%-ға жетті», - деді ол.