Мамырдың 6-сы.
БАҚ (Әлем)
ДДҰ басшысы COVID-19 пандемиясының аяқталуы туралы брифинг өткізді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебрейесус әлемдегі COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимінің аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Женевадағы брифингте: «Кеше Төтенше жағдайлар комитеті өзінің 15-ші кездесуін өткізді және маған халықаралық алаңдаушылық туғызатын Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялауды ұсынды. Мен бұл ұсыныспен келістім», - деді.
2020 жылдың 30 қаңтарында ДДҰ әлемде коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай жариялады. 2020 жылдың 11 наурызында пандемия жарияланды.
2020 жылғы 16 наурызда Қазақстанда COVID-19 пандемиясына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Елде төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 11 мамырында тоқтатылғанымен, карантинге байланысты шектеулер болды. Шектеулер тек 2022 жылдың мамырында толығымен алынып тасталды.