Наурыздың 1-і.
БАҚ (Қазақстан)
«Масс-медиа туралы» жаңа заң Парламентте наурыз айында қаралады
Наурыздың 1-і күні ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №1092 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулыға қол қойды.
Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспары 4-1-жолдармен толықтырылды. Масс-медиа туралы және 4-2. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Үкімет қаулысымен құқық қорғаушылар мен журналистер сынға алған «Масс-медиа туралы» заң жобасын осы жылдың наурыз айында Парламенттің қарауына енгізу жоспарлануда.
Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
Осы жылдың ақпан айында заң жобасын талқылаған медиа сарапшылар, журналистер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған нұсқасын үкіметтің қарауына жібермеуді талап етті. Айтуларынша, заң жобасы журналистердің жұмысын едәуір қиындатады және сөз бостандығын шектейді. Құқық қорғаушылар заң жобасын толығымен қайта жазу керек дейді.
Наурыздың 3-і.
БАҚ (Қазақстан)
БАҚ туралы заң жобасын қайта қарау керек – медиа сарапшылар
«Правовой медиа-центр» заңгерлері Интерньюс-Қазақстанмен бірлесіп «Масс-медиа туралы» заң жобасының нормаларына талдау жасады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған мәтіннің 82%-ы ескі нормадан, ал 15%-дан астамы анықтамалар мен ұғымдардан, заң жобасы мәтінінің 35%-ға жуығы журналист пен БАҚ-ты реттеу, мониторингілеу, бақылау, есепке алу жөніндегі нормалардан, одан әрі журналист пен БАҚ-тың жауапкершілігі мен міндеттерінен тұратынын көрсеткен.
Құжаттың басым бөлігін телерадио хабарларын тарату саласындағы, оның ішінде анықтамалық сипаттағы мәліметтер құрайды.
Медиа сарапшылардың ақпараты бойынша, журналист пен БАҚ редакцияларын қорғау кепілдігі 15%-дан аз.
БАҚ саласының даму тенденцияларын, қоғамның сұранысы мен мемлекет мүддесін ескере отырып зерттеушілер БАҚ туралы заңды қайта қарауды ұсынады. Олар «Заң жобасында редакциялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, ақпарат пен жаңалық көздерінің плюрализмін дамыту, БАҚ ресурстарына меншік нысандарының алуан түрін дамыту және т.б. сияқты нормалар мүлдем жоқ», - деп қорытындылайды.
Наурыздың 2-сі.
БАҚ (Қазақстан)
Мемлекеттік қызметкерлерді журналистік сұрауға тезірек жауап беруге міндеттейді
Ақпан айында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қолжетімділік және қоғамның қатысуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс топтары жұмысын бастады.
Өткен жылдың маусым айының басында заң жобасына қатысты реттеуші саясаттың Консультативтік құжаты жарияланды. Онда заңнамалық деңгейде реттелуі қажет 5 мәселе көрсетілген:
- Ақпарат иелерінің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы;
- Жер қатынастары, денсаулық сақтау, білім, экология, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау салаларында қоғамдық маңызы бар ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етпеу;
- «Қызметтік қолдану үшін» деген белгісі бар ақпаратқа жатқызылуына байланысты азаматтардың мемлекеттік органдардың мүдделі мәліметтеріне қол жеткізуін шектеу;
- депутаттар бастамашылық жасаған заңдардың жобаларын талқылауға жұртшылықтың қатыспауы;
- халықаралық шарттардың жобаларын талқылауға жұртшылықтың қатыспауы.
Наурыздың 2-сі күні мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д. Қыдырәлі мемлекеттік қызметкерлердің журналистік сауалдарға жауап беру мерзімі жетіден үш-бес күнге дейін қысқаратынын мәлімдеді.
Министр: «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша заңға басқа да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектейтін мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді», - деді.
Наурыздың 9-ы.
БАҚ (Қазақстан)
Қазақстанда «жаппай тәртіпсіздікке шақыру» үшін жаза күшейтіледі
Total.kz тілшісі Парламент Сенаты «Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны атқару, сондай-ақ оның алдын алу саласындағы адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас түрлеріне қатысты» заң жобасына өзгерістер мен толықтыруларды екі оқылымда мақұлдады», - деп хабарлайды.
Түзетулерде жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру үшін санкцияны күшейту қарастырылған.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов: «Қылмыстық кодекстің 272-бабы 1-бөлігінің санкциясы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып-құқық бұзушылықтың жаңа құрамы - Қылмыстық кодекстің 272 - бабы 2 - бөлігінің санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деді.