Наурыздың 17-сі.
Тамара Еслямова, «Уральская неделя» (Орал)
«Уральская неделя» газетінің бас редакторына 52 мың теңге айыппұл салынды
17 наурызда Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты «Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямоваға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі қаулыны қарады.
Бас редакторға ҚР Сайлау заңнамасының (ҚР ӘҚБтК-нің 113-бабы) талаптарын сақтамай, анонимді үгіт материалдарын дайындаған немесе таратқан және қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгені (ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігі) үшін айып тағылды.
Оған басылымның «Голосовать исключительно за самовыдвиженцев» («Уральская неделя», 22.02.2023 ж.) және «За какую партию отдадите голос 19 марта?» (Telegram-канал «Уральская неделя», 20.02.2023 ж.)» деген сауалнаманың жарық көруі себеп себеп болған.
Сот іс материалдарын зерттеп, тараптардың уәждерін тыңдай келе, Тамара Еслямованы ҚР ӘҚБтК-нің 120-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 51 750 мың теңге әкімшілік айыппұл салды. Бас редактор шешім шығарылған күннен бастап 30 күннен кешіктірмей төлеуге міндетті.
Наурыздың 17-сі.
Ulysmedia.kz (Астана)
Депутаттыққа кандидат Ulysmedia-ны ар-намысы мен абыройына нұқсан келтірді деп айыптады
Ulysmedia.kz сайтының редакциясына Павлодар облысындағы N23 бір мандатты сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Рысты Жұмабекованың сайлауалды штабынан хат келіп түсті.
Хатта 14 наурызда басылым сайтында жарияланған мақаладағы ақпарат кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіретіні және сайлау нәтижесіне әсер етуі мүмкін екені айтылды.
Редакцияның айтуынша, журналистерге тағылған басты талап – Р.Жұмабекованың зейнеткерлік жасқа келгеніне қарамастан, өзі туралы ешқандай мәлімдеме жасамағанына күмәндануы.
Наурыздың 17-сі, 20-сы
Жанна Байтелова, журналист (Алматы)
Журналист Жанна Байтеловаға блиц-опрос үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды
17 наурызда Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры Б.Ербаев журналист Жанна Байтеловаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
Прокурордың қаулысында: «Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында 2023 жылдың 17 наурызында РЕСПУБЛИКА.KZ.media telegram каналында жарияланған видео табылды. Онда Байтелова Ж.А. 2023 жылғы 16 наурызда Жібек жолы көшесінің бойында Арбатта сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, халық арасында сауалнама жүргізген («Дауыс беруге барасыз ба?» деген сұрақ қойған), - делінген.
Қаулы бойынша, журналист «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағын (сайлауалды үгіт жүргізу құқығын) бұзған. Атап айтқанда, сауалнама жүргізуде кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалардың қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу туралы ОСК-на хабарлау туралы талапты бұзған.
Сот Ж. Байтелованың, прокурордың түсініктемелерін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, журналисті ҚР ӘҚБтК 120-бабының 3-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 15 АЕК (51750 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолданды.
Наурыздың 19-ы.
Елена Вебер, Азаттық радиосы (Қарағанды қ.)
Қарағандыдағы сайлау учаскесінде болған дауды журналистке түсіруге тыйым салуға тырысты
Қарағандыдағы №1 сайлау учаскесінде Азаттық радиосы тілшісі бақылаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында болған дауға куә болды. Тілші оқиғаны камераға түсіре бастады.
Мұны көрген басқа бақылаушылар түсірілімді тоқтатуды талап етті. Олар полицияға қоңырау шалып, акт толтыруды талап етті.
Наурыздың 19-ы.
Сәуле Қуанбек, «Наша Газета» (Қостанай облысы)
Жітіқара ауданында ОСК мүшесі дауыс беру күнінің қорытындысын құпия ақпарат деп санады
Қостанай облысы Жітіқара ауданы бойынша округтік сайлау комиссиясының (АСК) мүшесі (ОСК облыстың екі ауданындағы облыстық мәслихат туралы мәліметтерді жинақтайды) бүгінгі дауыс беру бойынша сайлау нәтижелері туралы мәліметтерді/хаттамаларды сұраған журналистке бұл құпия ақпарат екенін, хаттама деректерін бере алмайтынын айтқан.
«Әділ сөз» заңгері Сергей Уткиннің түсініктемесі
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес, журналист мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен олардың фрагменттерін қоспағанда, құжаттар мен материалдарға қол жеткізуге құқығы бар.
Наурыздың 20-сы.
«Наша Газета» (Қостанай қ.)
Қостанайдағы №1 мектеп-лицейде орналасқан № 21 сайлау учаскесінде дауыс санау учаске жабылғаннан кейін үш сағаттан соң аяқталды. «Наша Газета» тілшісіне хаттаманың көшірмесі мөрсіз берілді.
Наурыздың 20-сы.
БАҚ (Қазақстан)
ЕҚЫҰ Қазақстандағы сынайтын журналистерді қорқытуға алаңдаулы
ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Сайлауды бақылау миссиясы (СБМ) Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала қорытындылары мен нәтижелері туралы мәлімдеме жасады.
«Конституция кепілдік берген сөз және БАҚ бостандығына халықаралық стандарттарға қайшы келетін шектеуші құқықтық база нұқсан келтіреді. Мұндай нормативтік-құқықтық база тәуелсіз сыни есептерге әсер етеді және өзіне-өзі цензураның кең таралуына әсер етеді. Соңғы кездері сыни көзқарастағы журналистер мен блогерлерді қорқыту мен қудалаудың соңғы жағдайлары билік тергеулер жүргізгеніне қарамастан, алаңдаушылық туғызуда», - делінген хабарламада.
Наурыздың 20-сы.
Orda.kz (Алматы)
Orda.kz-тің видео трансляциясы авторлық құқықтың бұзылуына байланысты бұғатталды
Бұл туралы 20 наурызда басылымның бас редакторы Гүлнар Бажкенова хабарлады.
19 наурызда Orda.kz Youtube арнасында Қазақстанда сайлау қалай өтіп жатқаны туралы тікелей эфир өтті.
Бас редакторы Facebook-те: «Біз кеше тікелей эфирде zin-zin әнінің фонында бюллетеньдерді тобымен урнаға тастап жатқан әйелдің қысқа видосын қолдандық, таңертең YouTube авторлық құқыққа байланысты біздің сайлаудан трансляциямызды жауып тастады. Енді біз бұл мәселені шешуге тырысамыз», - деп жазды. Кейінірек Гүлнар Бажкенова бұл мәселе шешілгенін, ал видеотрансляция пайдаланушыларға қайтадан қолжетімді екенін айтты.