Ақпанның 16-сы.
БАҚ (Қазақстан)
ЦДИАӨМ интернет-ресурстардың ақ тізімін жасайды
26 қаңтарда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі (ЦДИАӨМ) министрі Бағдат Мусин министрлік алқасында ЦДИАӨМ мемлекеттік техникалық қызметпен бірлесіп төтенше жағдайда қолжетімді болатын интернет-ресурстардың «ақ парақ» -тізімі жасалып жатқанын хабарлады.
Осыған байланысты Zakon.kz редакциясы бұл тізімге қалай кіруге болатыны туралы сауал жолдады.
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Төтенше жағдай кезінде бұғаттауға жатпайтын сайттар реестрінде «Қазіргі таңда БАҚ деректерін тарату желілерінің статикалық мекен- жайы тіркелмегенін» түсіндірді, деп хабарлайды редакция.
БАҚ, 10 ақпандағы МТҚ жауабына сәйкес, сілтемесі арқылы кез келген уақытта статистикалық IP мекен-жайын тіркей алады.
Zakon.kz редакциясы МТҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап: «Реестрде кіші желілердің тізімі қалыптастырылады, бірақ оларды әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар төнген немесе туындаған кезеңде ерекшеліктер тізіміне қосу, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізу жөніндегі шешімді жедел штаб немесе уәкілетті орган қабылдайды» деп хабарлады
«Әділ сөзі» заңгері Сергей Уткиннің түсініктемесі:
«Төтенше жағдай туралы» заңда «ақ тізім» деп аталатын интернет-ресурстарға қолжетімділікті қалдыра отырып, интернетті әдейі ажырату сияқты төтенше жағдайға ден қою шарасы мүлде қарастырылмаған, тиісінше интернет-ресурстарды «ақ тізімге» жатқызу критерийлері көзделмеген. Бұл ретте атқарушы билік органдары заңда тікелей белгіленген әрекеттерді ғана жасауға құқылы. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңға тәуелді актілермен емес, тек Заңмен (Конституцияның 39-бабының 1-тармағы) шектелуі мүмкін.
Ақпанның 18-і.
БАҚ (Қазақстан)
Қоғам белсенділері БАҚ туралы жаңа заң жобасына қарсы митингті заңсыз болдырмады дейді
2 ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Масс-медиа туралы» ҚР Заңының жобасын талқылауға ұсынды. Жарияланған заң жобасында жұмыс топтарының отырыстарында талқыланбаған нормалар бар, жоба мәтіні жұмыс тобымен келісілмеген, ал АҚДМ ұсынған нормалар журналистің жұмысын едәуір шектейді.
Медиа қорғаушылар заң жобасын мұндай түрде қабылдауға болмайды, оны толығымен қайта жазу керек дейді.
11 ақпанда Астана әкімдігіне «Масс-медиа туралы» заң жобасын қабылдауға қарсы бейбіт митинг өткізу туралы хабарлама берілді. 15 ақпанда әкімдік бейбіт жиынды өткізуден бас тартты. Басқа ресми іс-шара немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі деді.
«Правовой Медиа-Центр» заңгері Гүлмира Біржанова мен оның әріптесі Диана Окремова шенеуніктердің сөзіне сенбейді.
Олар 18 ақпанда белгіленген уақытта елордада заң бойынша бейбіт митингілер өткізуге рұқсат етілген орындарды тексерді. Барлығы бос болып шыққан. Бабамұратовтың айтуынша қандай да бір шара өтетін цирк алдындағы алаңда бос болған.
«Правовой Медиа-Центр» Астана әкімдігінің шешіміне сотқа шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді.
Ақпанның 18-і.
БАҚ (Қазақстан)
Астана әкімдігі журналистер митингісін өткізуден бас тартуын түсіндірді
BES.media елордалық ішкі саясат басқармасы «Масс-медиа туралы» заң жобасына қарсы митинг өткізудің болжамды уақыты мен орны бойынша басқа бір митингі өткізуге келісілгенін хабарлады. Бірақ оны ұйымдастырушы кенеттен ойын өзгерткен, деп хабарлайды.
Ішкі саясат басқармасының редакцияға түсіндіруінше, Астана әкімдігіне осы жылдың 17 қаңтарында бейбіт митинг өткізу туралы хабарлама келіп түскен. Онда бастамашылар никотинсіз және никотині бар электронды темекіні әкелуге және пайдалануға наразылық білдіргісі келген.
Қала әкімдігі бұл іс-шараны өткізуге келісіп, осыған байланысты «Масс-медиа туралы» заңды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің хабарламасынан бас тартқан. Шенеуніктердің айтуынша, кейінірек ұйымдастырушылар митингтен бас тартуға шешім қабылдап оны әкімдікке ескертпеген.
Ақпанның 22-сі.
БАҚ (Қазақстан)
Ақпарат министрі «Масс-медиа туралы» заң жобасына түзетулер енгізуге уәде берді
«Власть» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің ведомствосында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдері тарапынан үлкен сынға ұшырағанын мойындады, деп хабарлайды.
22 ақпанда үкімет кулуарында министр заң жобасына әлі де түзетулер енгізілетінін айтты. «Біз бұл мәселе бойынша тұрақты, жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жоспарда бұл туралы сын айтқан әріптестермен кездесу бар. Заң жобасы Мәжіліске түсуі үшін әлі де белгілі бір жұмыс жүргізу қажет. Біз заң жобасын сынаған әріптестерімізді Мәжілістің жұмыс тобына шақырамыз. Біз сын туралы білеміз» деді.
Ақпанның 22-сі.
БАҚ (Қазақстан)
«Масс-медиа туралы» заң жобасынан даулы нормалар алынып тасталуы мүмкін
Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы Кемелбек Ойшыбаев Facebook парақшасында БАҚ өкілдері мен журналистер тарапынан қатаң сынға ұшыраған «Масс-медиа туралы» заң жобасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған конференция ұйымдастырылғанын хабарлады. Конференцияға құқық қорғаушылар, журналистер, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері қатысқан.
Талқыланған мәселелер:
- заң жобасында көзделген БАҚ пен журналистерге қойылатын талаптар төтенше жағдайларды жариялау кезінде материалдарды уәкілетті органмен келісу. Медиа қауымдастық бұл тармақ цензураны енгізу деп санайды.
Бұған жауап ретінде АҚДМ: қазіргі уақытта осы тармақты алып тастау мүмкіндігі пысықталуда немесе ол түзетілетін болады.
- диффамациялық даулар кезінде талап қою мерзімі туралы тармақты заң жобасынан алып тастау.
Қ.Ойшыбаев: «Министрліктің өкілі Жасұлан Өміралиев министрлік қоғамдық пікірді естігенін, осы тармақтың қажеттілігімен бөлісетінін және тармақты заң жобасына қайтару бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты», - деп жазды.
- журналистің баспасөз картасын енгізу мәселесі.
Қызу пікірталастан кейін «қатысушылардың көпшілігі беру және қайтарып алу процедурасы халықаралық тәжірибені ескере отырып анық жазылуы керек. Кейін пресс-карта журналистің жұмысына кедергі болмас үшін нақты белгіленуі керек» деген пікір білдірді.
Кемелбек Ойшыбаев конференцияда YouTube арналарын бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатқызу, интернет-телевизиялық ағындарды реттеу және т.б. қажеттігі айтылды, деп хабарлайды.
Конференцияға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Елдос Нәшірәлі мен БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев қатысты.
Министрлік айтылған ұсыныстарды қарастыруға уәде берді. Жаңартылған заң жобасы наурыз айының басында аяқталып, халыққа көрсетіледі деп жоспарлануда.