Сәуірдің 4-і.
«Рауан» радиосы (Лисаковск қ., Қостанай облысы)
«Рауан» радиосы енді Лисаковск көшелерінде сөйлемейді
3 сәуірде «Рауан» радиосы редакциясына Лисаковск қаласы әкімдігінің ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен хабарлама келіп түсті. Онда мемлекеттік орган «Мир көшесіндегі жарық бағандарына 10 дана және Лисаковск қаласындағы «Победа» саябағында жарық бағандарына 15 дана музыкалық колонканы орнатпайтындықтарын хабарлайды. Бұл 2023 жылға жоспарланған Лисаков қаласының көше жарықтандыру желісін жаңғыртуға байланысты» делінген.
«Рауан» 2015 жылдан бастап ресейлік «Маяк» радиосын (жазбасын) тарататын көшедегі радио желі.
«Рауан» радиосы» станциясының бас редакторы Есенгелді Қуанышпаев хабарламаға осы жылдың ақпан айында «Басе» YouTube-арнасында жарияланған ролик себеп болуы мүмкін деп болжайды. Онда оппозициялық арна Лисаковск қаласын «Ресей басып алды» көшеде Ресей әскерлерінің Украинамен соғыстағы жетістіктерін насихаттайтын «Маяк» радиосы таратылады деп әкімді айыптаған.
Есенгелді Қуанышпаевтың мұндай болжамына 21 ақпанда видео жарияланғаннан кейін редакцияға Лисаковскіде 1 наурыздан бастап бағандарды жалға беру шартын бұзу туралы хабарлама келген. 22 ақпанда Лисаковск қаласы әкімдігі ІСБ бастығы Жүсіпов пен редакция Маяктың әскери операция туралы материалдарын таратпау туралы келісімге келген. Осы шарттар бойынша Лисаковск әкімдігі 2023 жылға арналған жаңа жалдау шарттарын қайта қарайтын болған. «Рауан» Радиосы» келісімді орындады.
Есенгелді Қуанышпаев Лисаковск қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жолдаған жауап хатында осы уәждер мен музыкалық колонканы бағандарға орнатудың мүмкін еместігімен келіспейтінін айтты. Бас редактор тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне 25 ақпанда белгісіз біреулер 4 метр биіктіктегі 24 тіреуіштің сымдарын зақымдап, 24 музыкалық колонканы істен шығарғанын хабарлады.
Есенгелді Қуанышпаев ТКШ бөлімінің жауабын заңсыз, негізсіз және «Рауан» радиосы» ЖШС-нің заңды құқықтарына нұқсан келтіреді деп санайды.
7 сәуірде «Радио «Рауан» ЖШС бас редакторы Лисаковск әкімдігінің ТКШ бөлімінен өз хатына жауап алды. Жауапта 2023 жылға жоспарланған жарықтандыру желілерін жаңғыртуға байланысты жарықтандыру бағандарына музыкалық бағандарды орнату мүмкіндігі жоқ екендігі хабарланды. Бұл жұмыстарға байқау 2023 жылдың 6 сәуірінде жарияланды. Қуанышпаев Қостанай облысының әкіміне шағымдануға ниетті.
Сәуірдің 7-сі.
Асхат Ниязов, «Обожаю» (Батыс Қазақстан облысы)
Журналист бірнеше күн тасқын су басқан аудан әкімімен жүздесе алмады
«Обожаю» тәуелсіз жобасының авторы Асхат Ниязов наурыз айының ортасында Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданындағы су тасқынынан кейін Бөрлі ауданына барды. Ақсай қаласында журналист жергілікті тұрғындармен тілдескенімен, аудан басшысы Еркебұлан Исхановпен кездесе алмады.
Бөрлі ауданы әкімінің көмекшілері әкімнің шалғай округке кеткенін айтты. Ниязов Еркебұлан Исхановқа өзі хабарласқанымен телефонын алмады. Аудан әкімінің қай жерде жүргенін білу де нәтиже бермеді. Журналист келесі күні әкіммен кездесуге келісті. Алайда, ертесінде де әкім орнында жоқ болды.
Сәуірдің 12-сі.
Есенжол Елекенов, «Уральская неделя» (Орал қ.)
БҚО спорт басқармасының басшысы қабылдау бөлмесінде бірнеше сағат отырған журналисті себепсіз қабылмады
«Уральская неделя» тілшісі Есенжол Елекенов «Ақжайық» футбол клубының жағдайы туралы материал дайындады. Соңғы ақпарат бойынша, Батыс Қазақстан облысының спорт басқармасы команданы қаржыландыруды бірнеше миллионға қысқартуды көздеді. Журналист облыстық спорт басқармасына кейбір сандарды нақтылау және қысқарған қаражатты қайда жұмсайтындарын сұрамақ еді. Алайда, басқарма басшысы Қаймен Есендияров журналистің қандай мәселе бойынша келгенін біліп, онымен сөйлеспей қойды. Елекенов облыстық спорт басқармасы бастығының қабылдау бөлмесінде шамамен үш сағат отырды. Осы уақыт ішінде бастық кабинетте болды, тіпті оған келушілер де болмады. Журналист бес жарымда кабинетке кірді. Алайда, басшы жазбаша сұрау салуды талап етіп, журналистпен сөйлеспеді.
Сәуірдің 12-сі.
Мәжілісмен блогерлер мен журналистерге әскерде қызмет етуді ұсынды
ҚР Парламенті Мәжілісінің Amanat партиясы фракциясынан депутаты Константин Авершин Қорғаныс министріне депутаттық сауал жолдады.
Депутаттық сауалда «Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жағдайы туралы пікірталас шиеленісуде. Өкінішке орай, мұнымен армияда қызмет етпеген және оған қатысы жоқ «диван сарапшылары» айналысуда. Бұл тақырып жауапкершілікті талап етеді. Жұртшылық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жай-күйі туралы хабардар болуы тиіс екенін түсіну қажет. Бұл ұлттық қауіпсіздік, біреудің ұлы, біреудің бауыры болатын әскерге шақырылушылардың өмірі мен денсаулығына да қатысты», - делінген
Авершин: «қоғамға жеткізілетін ақпараттың шынайылығын арттыру үшін әскери борышын өтемеген блогерлер мен «қоғамдық пікір көшбасшылары» деп аталатын азаматтардың әскери қызметте (мерзімі 1-3 ай) болу мәселесін пысықтауды ұсынды.
Депутат бұл шара «блогерлер, журналистер, қоғамдық пікір көшбасшылары арасынан әскери қызметтің қыр-сырын шынайы жариялауға шын мүдделі адамдарға армияның атмосферасына енуге, ал қоғамға әскери қызмет туралы балама ақпарат алуға мүмкіндік береді» деп санайды.