Мамырдың 12-сі.
Асылбек Байғазиев, аудандық «Ауыл айнасы» газеті (Қазталов ауданы, БҚО)
Облыс әкіміне сұрақ қоймақ болған журналист сөгіс алды
Мамырдың 11-і күні Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің қатысуымен абаттандыру мәселелері бойынша тікелей эфир өтті. Аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Асылбек Байғазиев эфир аяқталуға жақын қалғанда келді. Ол спикерден аудан тұрғындары атынан бір сұрақ қоюға рұқсат сұрады. Әкім жауап беруден бас тартып, кімнің сұрағын қоймақ болғанын анықтамақ болды.
Кикілжіңнен кейін журналист кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғадан кейін облыстық ішкі саясат басқармасы «Ауыл айнасы» газетінің редакциясына хат жазып, әкімнен кешірім сұрап, түсініктеме беруді талап еткен. Журналистен түсініктеме алынып, Асылбекке сөгіс жарияланды. Бұл жағдайды Асылбек әлеуметтік желіде хабарлады.
Мамырдың 15-і.
БАҚ (Қазақстан)
АҚДМ журналистерге балалардың проблемаларын қалай көрсету керектігін айтты
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «БАҚ-та балалар мәселесін қалай қауіпсіз көтеруге болады» атты практикалық нұсқаулықты жариялады.
Нұсқаулық журналистерге арналған принциптер мен ұсыныстарды, қорқыту, суицид, балаларды жыныстық зорлық-зомбылық мәселелерін хабарлау бойынша қағидалар мен кеңестерді, осы мәселелерді әлеуметтік желілерде жариялауды, сондай-ақ осы саладағы халықаралық құжаттарға сілтемелерді қамтиды.
Журналистер ұстануға тиіс қағидаттар – кез келген жағдайда әркімнің қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу, жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен құпияны сақтау, шешім қабылдауға қатысу және зиян мен жазадан қорғау, әңгімелер мен суреттерді жариялау кезінде балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндірмеу, жариялаудан бас тарту т.б..
Практикалық нұсқаулық журналистерге, блогерлерге, БАҚ өкілдеріне және балалар мәселелері бойынша материалдарды дайындап, жариялайтын барлық мүдделі тұлғаларға арналған.
Мамырдың 18-і.
Интернет (Қазақстан)
ҚР ІІМ интернет зиян келтіреді, деп есептейді
ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зулхаиров балалардың жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасау жағдайында интернет үлкен проблема деп санайды.
«Біз көріп отырғанымыздай, басты мәселе – адамгершілік тәрбие және интернет кеңістігінің бізге тигізетін зияны. Мұнда біз АҚДМ-мен бірге заңсыз мазмұнды анықтаймыз. Тек биыл ғана біз осындай 5 мыңнан астам сайтты анықтадық, бүгінде 1,5 мыңнан астамы бұғатталды. Білім Министрлігімен және АҚДМ-мен бірлесіп балалардың интернетте болуының алдын алу және қауіпсіздік бойынша үлкен жұмыс атқарылуда», - деді Ренат Зулхаиров ОКҚ брифингінде.
Мамырдың 16-сы.
БАҚ (Қазақстан)
Үкімет Қазақстанның ақпараттық кеңістігінен ЛГБТ насихатын таппады
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ идеологиясымен күрес туралы сұрағына жауап бере отырып: «Бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі нәтижелері бойынша халықтың көп ғасырлық дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын бұзуға бағытталған материалдар жоқ. Сондай-ақ, телеарналарда азғындықты насихаттайтын, қоғамға моральдық зиян келтіретін хабарларға жол берілмейді. Интернет кеңістік мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында», деді.
Мамырдың 17-сі
Азаттық радиосы (Астана қ.)
ОКҚ модераторы мемлекеттік қызметшінің жалақысы туралы мәселені «жеке мәселе» деп санады
Азаттық радиосы тілшісінің әкімнің жалақысы туралы сұрағына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде: «Миллион 900 мың (теңге) қолға аламын мен оны жүз рет айтқанмын. Басқа сұрақ жоқ па? Барлық жерде бар – сізге дайындалу керек. Онда интернетті ашыңыз, бәрі де бар», - деп жауап берді.
Журналистің нақтылау сөзінен кейін баспасөз мәслихатының модераторы «жеке сипаттағы сұрақтарды» баспасөз мәслихатынан тыс жерде қоюды сұрады. Мемлекеттік қызметкердің жалақысы «жеке мәселе» емес деген тілшінің сөзінен кейін әкім бұл тақырыпты жауып тастады.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, баспасөз мәслихатында Ералы Тоғжанов алғаш рет облыс әкімі ретіндегі жалақысының қанша екенін айтқан.