Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы 2022 жылғы 1-8 қыркүйек аралығы

8 қыркүйек 2022

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылғы 1-8 қыркүйек аралығында Қазақстандағы пікір білдіру, ақпарат алу және тарату бостандығы құқығы жағдайына зерттеу жүргізді.

 

2 қыркүйек

Гүлбану Әбенова, журналист және блогер (Нұр-Сұлтан қ.)

Сот блогерден министрге моральдық шығын үшін өтемақы ретінде 1 миллион теңге өндірді

2 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық соты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бұрынғы басшысы, Қазақстанның қазіргі Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің журналист және блогер Гүлбану Әбеноваға қарсы ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арызы бойынша шешім шығарды.

Сот 2022 жылдың наурыз айында Гүлбану Әбенованың Саясат Нұрбек Халықаралық бағдарламалар орталығын басқарған кездегі «Болашақ» стипендиясы бағдарламасы аясындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық схемалары туралы Facebook желісіндегі жазбаларына байланысты басталған.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды. Сот қаулысының қарар бөлігінде 2020 жылғы 28 және 30 қарашадағы және 2021 жылғы 25 қаңтардағы алты хабарламада таратылған ақпарат С.Нұрбектің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін шындыққа жанаспайды деп танылды. Сот шешімі бойынша блогер «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның экс-басшысына моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, сондай-ақ 11 532 теңге сот шығындарын өтеуі тиіс.

Соттың шешімі апелляциялық сатыда дауланбақ.

 

2 қыркүйек

Катерина Попкова, Нұрсұлтан Аббаз, «Хабар 24» ТК (Шымкент қ.)

Бір жарым апта бойы журналист ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы туралы ақпарат іздеді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының шаруалары «Хабар 24» телеарнасының журналистері Катерина Попкова мен Нұрсұлтан Аббазға берген сұхбатта делдалдар өнімдердің бағасын «көтеретінін» айтқан. Бұл негізінен көкөністер мен жемістерге қатысты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын кім және қалай қадағалап отырғанын білу үшін телеарна редакциясы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді. Олар бұл тақырыппен облыс әкімдігі айналысатынын айтып, түсінік беруден бас тартты.

Түркістан облысының әкімдігі Катерина Попкованы бір басқармаға, кейін екіншісіне, одан кейін үшіншісіне сілтеді. Нәтижесінде бір жарым аптаға жуық уақыттан соң журналист облыс әкімінің баспасөз хатшысына шағымданғаннан кейін Катеринаға облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының бас маманы Азамат Мұхтар түсініктеме берді.

 

2 қыркүйек

БАҚ (Қазақстан)

Түркістан облысы әкімдігі 22 миллион теңгеге пресс-тур ұйымдастырмақ

Түркістан облысының билігі лот жариялады. Соған қарағанда аймақта танымал қазақстандық блогерлер үшін пресс-тур ұйымдастырмақ, деп хабарлайды Orda.kz

2 қыркүйекте Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған лоттың қосымша сипаттамасынан белгілі болғаны Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы 22 млн. 402 мың 678 теңгеге жыл соңына дейін «Түркі әлемінің бесігі» тақырыбында пресс-тур ұйымдастырмақ.

Бұл сомаға ұйымдастыру шығындарынан басқа (көлік, баннерлер, ақпараттық буклеттер, түскі ас, естелік кәдесыйлар және т.б.): «Кемінде 6 танымал блогерді (әлеуметтік желілерде 1 млн жазылушысы бар) шақыру.  Оларға 1 млн. теңгеден кем емес қаламақы төлеу, көлік шығындары және жатын орынмен қамтамасыз ету қарастырылған».

Шақырылған блогерлермен бірге Яндекс медиасының жарнама мамандары, Google контекстік медиа желісінің сарапшылары, бейнеоператор және лингвистика Phd докторлары  бар. Олар облыстағы баспасөз хатшылары мен жастар үшін үш семинар өткізуі керек.

«Түркі әлемінің бесігі» жобасы жергілікті БАҚ-та, ақпараттық сайттарда, әлеуметтік желілерде ақпараттық қолдау техникалық ерекшелікке сәйкес «17 материалды жергілікті 2 облыстық  басылымда (таралымы 15 мыңнан кем емес), әр аудан, қала деңгейінде жұмыс істейтін 5 ақпараттық сайтта және 10 басылымда жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

 

3 қыркүйек

Назымгүл Күміспаева, «Хабар» ТК (Нұр-сұлтан қ.)

«Хабар» телеарнасының журналисін өліммен қорқытты

«Хабар» телеарнасының журналисі Назымгүл Күміспаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін өлтіремін деп қорқытып жатқанын хабарлады.

Назымгүл Күміспаева қауіп-қатерді кәсіби қызметімен және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы петицияға қол қоюымен байланыстырады. Белгісіз ер адам жеке хабарлама арқылы қоқан-лоққы көрсеткен. Ол былай (орфографиясы сақталған): «Жалғыз барсаң, жақын арада саған да пышақ ұрады. Сен өзің соған сұранып тұрсың... Сен жұмысқа бара жатқанда бетіңе қышқыл шашамын. Мен сені машинамен соғамын. Жұмыста абыройыңды түсіремін» деп жазды.

Журналист Нұр-Сұлтан қаласының полиция бөліміне арыз жазып, кейін ол ер адамның кем дегенде 30 әйелді қорқытқанын анықтады. Бірнеше күн бұрын осындай қоқан-лоққыға «Отырар» телеарнасының тілшісі Көркем Үсібалиева да ұшыраған.

 

4 қыркүйек

Инна Лопатко, «Караван» (Солтүстік Қазақстан облысы)

Журналистіжұмысшы қайтыс болған құрылыс нысанына кіргізбеді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Караван» газетінің меншікті тілшісі Инна Лопатко өңірдің бас құрылысшысы салынып жатқан нысанның аумағына кіруге тыйым салғанын мәлімдеді.

31 тамызда Петропавлда салынып жатқан қазақ драма театрының аумағында қайғылы жағдай орын алды. Онда бір адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды. Су құдықтарын тазарту кезінде үш жұмысшы зардап шекті. «Караван» тілшісі Инна Лопатко бұл туралы материал дайындады. Журналист құрылыс алаңын суретке түсіруге рұқсат сұрайды. Бірақ Инна Лопатконың айтуынша,СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қайролла Галеев объектіге кіруге тыйым салды. Ол шешімін қауіпсіздік техникасы талаптарымен түсіндірген.

Нәтижесінде журналист қоршаудың тесігі арқылы құрылысты суретке түсірді.

 

5 қыркүйек

Әмір Қасенов, ҚазТАГ (Нұр-Сұлтан қаласы)

ҚазТАГ ХАА шеф-редакторы Есеп комитеті тарапынан қысым жасалғанын мәлімдеді

ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің шеф-редакторы Әмір Қасенов редакцияның жұмысына қысым жасалғанын мәлімдеді.

Шеф-редактор Facebook-тегі жеке парақшасында Есеп комитетінің қызметкері ретінде таныстырылған Дәулеттен қоңырау түскенін айтты (тегін айтпаған- Әділ сөз). Ер адам мақаланың тақырыбын өзгертуді талап еткен. Қасеновтың айтуынша, қоңырау шалушы өтінбеген, керісінше нұсқау берген.

«Токаев снял Бергенева с должности члена Счетного комитета» атты мақалада ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметінің А.Бергеневті қызметінен босату туралы хабарламасына сілтеме жасаған.

 

5 қыркүйек

Көркем Үсібалиева, «Отырар» ТК (Шымкент қ.)

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы БАҚ-та қандай ақпаратты жариялау керек екенін жақсы біледі

«Отырар» телеарнасының журналисі Көркем Үсібалиева Түркістан облысында кәмелетке толмаған баланы зорлау туралы материал дайындап жатыр.  Бұл туралы аудан тұрғындары «НеМолчиКЗ» қорына хабарлаған.

Ақпарат алу үшін ол аймақтың полиция департаментіне жүгінген. Ведомствоның баспасөз хатшысы тергеу аяқталмағандықтан камераға сұхбат бере алмайтынын айтқан. Содан кейін ол қазір учаскелік полиция қызметкері бала мен мүгедектігі бар ер адамды құтқарғаны туралы жаңалықтар жіберетінін айтқан.  Баспасөз хатшысының айтуынша, бұл хабарды жариялау керек.

 

5 қыркүйек

Георгий Говоров, «Наша Газета» (Қостанай қ.)

Тізімде жоқ: «Наша Газета» журналисіне Президенттің сапарын жазуға рұқсат бермеді

«Наша Газета» апталығының тілшісі Георгий Говоров 5 қыркүйекте Аманқарағай орман шаруашылығындағы өрт туралы мақала жазу үшін Әулиекөл ауданына келді. Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Новонежинка кентінде өртпен күрес жөніндегі штаб орналасқан. Оған 5 қыркүйекте ҚР Президенті Тоқаев келуі тиіс еді.

Говоров бірнеше шатырлар орналасқан штаб аумағына өтуге тырысты, бірақ оны қауіпсіздікке жауапты қызметкер мен өзін таныстырмаған полиция қызметкерлері жібермеді. Олар журналист Говоровтың Президенттің сапарын жазуға жіберілген БАҚ қызметкерлерінің тізімінде жоқ екенін хабарлады.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін газеттің бас редакторы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбайға хабарласқан.Ол әкімдік ешқандай тізім жасамағанын айтып, президент аппараты қызметкеріМирланның байланысын телефонын берген. Бірақ Мирлан қоңырауға жауап бермеді, WhatsApp хабарламасын оқымады.

Кейінірек Говоров Нұр-Сұлтандағы «Азаттық» радиосының тілшісін көрді, ол оған да президентпен кездесуге рұқсат етілмегенін, бірақ ол президенттің гуманитарлық көмек тарату орталығы арқылы өткенін айтқан.

 

6 қыркүйек

Sotrepot.kz (Қостанай қ.)

Мүмкін бірақ болмайды: Қостанай облыстық соты процеске қатысушылардың дербес деректерін пайдалануға рұқсат бер(ме)ді

Қостанай облыстық соты Sotrepot.kz бас редакторы Татьяна Ковалевағаекі ұшты жауап берді.

Тамыз айының соңында sotrepot.kz сайтының тілшілері екі кәсіпкер арасындағы дауға қатысты сот отырысын бақылады. Адвокат Инесса Киселева зардап шеккен тараптың жеке деректерін БАҚ-та таратуға тыйым салу туралы өтініш берді.

Судья Светлана Усенко өтінішті қанағаттандырды. Sotrepot.kz бас редакторы Татьяна Ковалева облыстық соттың төрағасына шағым жіберіп, шешім оның кәсіби қызметін орындауға кедергі келтіретінін мәлімдеді.

Журналистердің пікірінше,Қостанай облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Ерманов қосымша түсіндіруді талап ететін жауап берді.

«Жәбірленушілер өкілінің өтініші бойынша адвокат Киселева А.А. жәбірленуші тарапты видео, фотосуретке түсіруге және олардың жеке деректерін таратуға тыйым салу туралы, мәлімделген өтінішке қарсылық білдірмеген процеске қатысушылардың пікірін тыңдап, сот өтінішхатты қанағаттандырды. Жәбірленушілер мен олардың өкілдерінің жеке деректерін видеоға, фотоға түсіруге және таратуға тыйым салынады. БАҚ өкілдеріне жеке деректерді пайдалануға тыйым салынбаған», - делінген жауапта.

Әлеуметтік желіде «Сот жеке деректерді пайдалануға тыйым салғанымен, БАҚ-қа оларды пайдалануға тыйым салмағаны белгілі болды. Мен бұл қалай болуы мүмкін екенін түсінбеймін? Адвокат Инесса Киселеваның біздің редакцияны сотқа беруге мүмкіндігі бар ма, ол және оның клиенттері кімдер?», - деп сұрады Ковалева.

 

6 қыркүйек

БАҚ (Қазақстан)

АҚДМ жаңа БАҚ туралы заң жобасын әзірлеу үшін кеңес беретін құжатты жариялады

Открытые НПА порталында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына нормативтік саясаттың консультативтік-кеңесші құжатын талқылау үшін жариялады.

Құжатты әзірлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы негіз болды. Онда ол «БАҚ туралы» заңды «мемлекет мүдделерін, қоғамның талаптары мен медиа саласының даму тенденциялары» негізінде қайта қарауды тапсырды.

Министрлік ұсынған консультативтік құжатқа сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында 8 проблема бар, оларды шешу үшін заңнамалық реттеу қажет.

Журналистің мәртебесін арттыру; бұқаралық коммуникация құралдарының мәртебесін айқындау; мемлекеттік қаржыландыруды реформалау; мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл; БАҚ-ты тіркеу тәртібінің өзгеруі; телерадио хабарларын тарату саласындағы трендтердің өзгеруі; интернет-жарнаманы регламенттеу; өзін-өзі реттеу институттарын дамыту.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін айқындайтын №2 мәселеге қатысты консультативтік құжатта: «Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдары қызметтің барлық салаларына еніп, сол арқылы құқықтық саладан тыс жатқан бұқаралық коммуникациялардың жаңа түрлерін құруда. Интернет, интернет ресурстары, әлеуметтік желілер қоғамдық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Бұл мәселенің шешімі СМЖ жаңа ұғымдары мен пәндерін анықтауда, сондай-ақ оларды жүйелеуден көрінеді.

Ықтимал оң нәтиже ретінде әзірлеуші «Бұқаралық коммуникацияның жаңа түрлерін ажырату бұқаралық ақпаратты тарататын субъектілердің қызметін реттеуге мүмкіндік береді»деп көрсетеді.

 

6 қыркүйек

Марина Низовкина, Аtameken business ТК (Шымкент қ.)

Шымкент әкімдігі «қоқыс» тақырыбына түсініктеме берген жоқ

Шымкенттегі Atameken business телеарнасының тілшісі Марина Низовкина мегаполисте қоқыс шығаратын компанияларға айыппұл салынғаны туралы репортаж түсірді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.  Марина Низовкина түсініктеме алу үшін қалалық экология департаментіне жүгінді. Онда журналистке Шымкент қаласының әкімдігіне қоңырау шалуға кеңес берілді.  М. Низовкина қала әкімінің баспасөз хатшысы Б.Қоныспен байланысқа шықты. Алдымен ол журналистің сұрақтарын елемеді және сюжет эфирге шыққаннан кейін ғана жауапты маманның байланыс нөмірін берді. Бірақ түсініктеме алу мүмкін болмады.

 

6 қыркүйек

БАҚ (Қазақстан)

ІІМ ҚАЖК Арыстанбек Мұхамедиұлының 4 айдан кейін өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті туралы ақпаратты растады

Мамыр айында BES.media тelegram арнасының бірнеше көзі бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының пәтерінде тінту жүргізілгеннен кейін веналарын кесіп тастағанын және астаналық ауруханалардың бірінде екенін хабарлады. Нұрсұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растамады және жоққа шығарған жоқ.

Төрт айдан кейін бұл фактіні ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі @informburo_kz-ке растады, деп хабарлайды BES.media Telegram арнасы.

«Мамыр айында Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚАЖК-ға уақытша ұстау изоляторынан ауыстырылған. Білектің зақымдануы. Кесу», - деп түсіндірді комитетте.

 

6 қыркүйек

Көркем Үсібалиева, «Отырар» ТК (Шымкент қ.)

Түркістан облысының полиция департаменті баланы ұрып-соғу мәселесін елемеді

Әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан видео пайда болды. Оқиға Түркістан облысы Шардара қаласында болған.  Резонанстық істің мән-жайын анықтау үшін «Отырар» телеарнасының журналисі Көркем Үсібалиева облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Журналист сюжетке сұхбат беруді сұрады. Алайда, К.Үсібалиеваның айтуынша, сұраныс еленбеді.  Ведомствоның өкілі тіпті телефон қоңырауларына жауап бермеді.

 

7 қыркүйек

Ардақ Ерубаева, Nur.kz (Ақтөбе қ.)

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі Ардақ Ерубаеваның үкімет кортежін суретке түсіруге тырысқаны үшін ұсталғанына таң қалды

Премьер-министр баспасөз қызметінің басшысы Қанат Күлішманов Facebook-те Nur.kzтілшісі Ардақ Ерубаеваға қатысты жағдайға түсініктеме берді. Ардақ Ерубаева 31 тамызда Ақтөбеде Үкімет басшысының кортежін суретке түсіруге әрекет жасағаны үшін ұсталған және кейіннен полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған.

Ол 31 Тамызда Премьер-министр жүретін қызметтік микроавтобусты түсіруге ешкімге тыйым салынбағанын айтты.

«Мен Ақтөбеде екі жыл тұрып, жұмыс істегенімді атап өткім келеді және Ардақ екеуіміздің кәсіби ғана емес, достық қарым-қатынастарымызды да қолдаймын. Осы күндері біз онымен байланыста болдық. Әрине, мен бұл жағдайға қатты таң қалдым. Журналистердің кәсіби қызметіне мұндай шектеулерге жол берілмейді деп санаймын», — деп жазды Күлішманов.

 

7 қыркүйек

Ләззат Төлемісова, Амангелді Батырбеков, «С-Информ» (Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы)

«С-Информ» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті тағы  бедел түсірді деп айыптады

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында «Заңғар-Медет»қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ләйлә Дарханбаева мен Гүлшан Артықбаева «С-Информ» республикалық газетінің редакторы Амангелді Батырбековке және басылымның тілшісі Лаззат Төлемісоваға қарсы арызы қаралып жатыр. Талапкерлер беделге нұқсан келтіретін ақпаратты жоққа шығаруды, әрқайсысы 1 миллион теңге моральдық шығынды өндіруді талап етіп отыр.

Сотқа арыздануға Ләззат Төлемісованың 2021 жылдың 28 қаңтарында жарияланған мақаласы себеп болды. Онда талапкерлердің айтуы бойынша сенімсіз жала жабатын ақпарат жарияланған, сондай-ақ мақалада иллюстрация ретінде пайдаланылған Л.Дарханбаева мен Г.Артықбаеваның фотосуретіне жазу жазылды.

Қазіргі уақытта сот-психологиялық-филологиялық сараптаманың тағайындалуына байланысты талап арыз бойынша процесс тоқтатылды.

Бұл Ләйла Дарханбаеваның сотта қаралып жатқан «С-Информ» басылымының редакторына қарсы қозғаған бірінші ісі емес. 2022 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында Сарыағаш аудандық соты қоғамдық бірлестік төрағасының шағымын қарады, оған Батырбековтің Facebook-тегі жазбалары мен газеттегі мақалалары себеп болды.

Талапкердің айтуынша, Батырбековтың мақалалары қоғамда ол және оның қызметі туралы теріс пікір қалыптастырады. Л.Дарханбекова «С-Информ»басылымының редакторын беделге нұқсан келтіретін ақпаратты теріске шығаруды міндеттеуді, Батырбековтен 1,5 миллион теңге моральдық шығын өндіруді талап етті.

Шілденің 21-і күні сот Ләйлә Дарханбекованың арызын толығымен қанағаттандырусыз қалдырды.

 

8 қыркүйек

Әлия Ахмедиева, Ratel.kz (Қонаев қ., Алматы облысы)

Алматы облысы Балқаш ауданының әкімдігі сыбайлас жемқорлық туралы сұрақтарға жауап бергісі келмейді

Ratel.kz тілшісі Алматы облысы Балқаш ауданының әкімдігі редакцияның сұрақтарына жауап бергісі келмейтінін хабарлайды.

Ахмедиева Балқаш ауданына жергілікті тұрғындардың өңірдегі сыбайлас жемқорлық туралы хабарламасынан кейін барған.  Журналист аудан әкімінің баспасөз хатшысы Анар Нұрғалиеваға өзінің келуі туралы алдын ала ескерткен. Тілшінің аудан басшысына, оның туыстарына және олар құрған «заңсыз бизнес империясына» қатысты сұрағына ешкім жауап берген жоқ.

Баспасөз хатшысы уақыт сұрап, жауаптарды электрондық пошта арқылы жіберуге уәде берді. Бұл туралы Ахмедиева 28 тамызда айтты.

8 қыркүйекке дейін жауап келген жоқ.

 

Мониторинг «Әділ сөз» қоры тілшілерінің және ашық көздерден алынған ақпараттар бойынша дайындалды.

«Әділ сөз» қорының мониторинг қызметінің жетекшісі Елена Цой

e-mail: lena@adilsoz.kz

Мониторингке қатысты сұрақтар бойынша info@adilsoz.kz-ке хабарласуға болады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз