Қазақстандағы сөз бостандығының бұзылуы 2022 жылдың 17-24 қарашасы аралығы
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры 2022 жылдың 17-24 қарашасы аралығында Қазақстандағы сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату құқығының жағдайына зерттеу жүргізді.
16 қараша
Анна Цурканова, vera.kz (Шымкент)
Шымкентте журналистке мектеп әжетханасын суретке түсіруге тыйым салынды
vera.kz сайтының журналисі Анна Цурканова Білім министрлігі жариялаған акция аясында Шымкенттегі мектеп әжетханаларының жағдайы туралы мақала дайындап жүрген. Ол мақалаға сурет түсіру үшін №30 мектепке келеді. Білім беру мекемесінің директоры Аннадан тек қызметтік куәлігін ғана емес, жеке куәлігін де көрсетуін өтінді. Құжатты қолына алған директор оны суретке түсіріп алмайынша қайтармайтынын айтқан. Содан кейін әйел телефон арқылы біреуге қоңырау шалып, тілшінің деректерін айта бастаған.
Анна Цурканова жеке куәлігін қайтаруды талап етеді. Бірақ директор үшінші қоңыраудан кейін ғана құжатты берген. Содан кейін мұғалімдер журналистің артынан жүгіріп, оған мектеп дәретханасын суретке түсіруге құқығың жоқ деп айқайлай бастаған. Анна тыйымға қарамастан, мақалаға сурет түсірді.
17 қараша
Азаттық радиосы, (Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы)
Шығыс Қазақстан полициясы Азаттықтың сұрағын «қабылдады», бірақ жауап бермеді
15 қарашада Азаттық радиосы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментіне азаматтық белсенді Серік Ыдырышевтың ұсталуына қатысты сауал қойды. Ыдырышевтың әйелі Азаттыққа белсендінің 12:00-де ұсталғанын, не үшін ұсталғаны белгісіз екенін хабарлаған.
Ведомствоның баспасөз хатшысы «сұрақ қабылданғанын» айтты. Бірақ материал шыққанша сағат 20.20 –ге дейін ешқандай ақпарат берілмеді. Кейінірек редакцияға 15 қараша күні кешке сот отырысы өтіп, нәтижесінде Ыдырышевқа бірнеше күн бұрын полицияға хабарламастан Глубоковский ауданынан шығып кеткені үшін айыппұл салынғаны белгілі болды. Хаттамаға сәйкес, сот отырысы сағат 17.15-те басталып, бір сағатқа созылған.
17 қараша
Диас Кузаиров, блогер (Павлодар)
Блогердің үкімі өзгеріссіз қалды
Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы блогер Диас Кузаировқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Еске салайық, 13 қыркүйекте Диас Кузаиров әлеуметтік желіні пайдалана отырып, билік өкіліне тіл тигізгені (ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы, 2-бөлігі) үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 АЕК (61 260 теңге) көлемінде айыппұл салынған.
16 мамырда сағат 23:14-те Кузаировтың үйіне полиция қызметкерлері ұлтаралық алауыздықты қоздыру туралы қылмыстық іс бойынша жауап алуға шақыру қағазын тапсыру үшін келеді. Диас шақыруды қабылдап алудан бас тартқан, себебі кеш болып, оның баласы ұйықтап жатқан. Алайда полицейлер айтқандарын істетуге тырысқан. Кузаиров полицейлердің әрекетін бассыздық деп оқиғаны өзінің YouTube арнасында тікелей эфирде көрсеткен.
Полиция билік өкілін қорлау туралы қылмыстық іс қозғады. Ресми сараптама «бассыздық» сөзі полицейлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайды деген қорытындыға келді.
Блогердің адвокаты ұсынған балама сараптама бұл жағдайда «бассыздық» қорлауға жатпайтынын көрсеткен. Өйткені қорлайтын лексикаға анайы сөздер мен сөз тіркестері жатады.
17 қараша
«Уральская неделя», ЖШС «Пресс-неделя» (Орал қ.)
Сотта кәсіпкер әйелдің «Уральская неделяға» қарсы арызы бойынша сараптама тағайындалды
17 қарашада Орал қаласының N2 сотына «Бірлік» ЖШС құрылтайшысы Эльмира Конееваның «Уральская неделя» газетінің редакциясы мен «Пресс-неделя» ЖШС шығарушысына қарсы шағымы бойынша филолог маман тартылды.
Еске салайық, сот отырысына тілші Мария Драчеваның «Юность» в Уральске четвертый год не работает оборудование для круглогодичного катания на коньках» (Uralskweek.kz, 23.05.2022) атты мақаласы себеп болған. Мақала БҚО спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың ресми есебі бойынша дайындалған.
Филологтың алдына даулы мақаланың жалпы бағыты мен мазмұны қандай, ақпарат растау түрінде берілген бе, мақаладағы көрсетілген мәліметтер талапкердің іскерлік беделін, ар-намысын, абыройын түсіре ме? – деген үш сұрақ қойылды.
Сотта сарапшы ретінде Батыс Қазақстан облысындағы М. Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетінің маманы таңдалды. Маман барлық мәселелер бойынша 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін қорытынды беруі керек.
18 қараша
Exclusive.kz (Алматы қ.)
Роскомнадзор қазақстандық БАҚ–қа тағы нұсқау берді
Exclusive.kz редакциясы Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі Федералды қызметтен (Роскомнадзор) «ақпарат тарату тәртібін бұзу туралы» хабарлама алды.
Роскомнадзордың хатында: «Ақпараттық ресурстың иесі хостинг провайдерінен немесе аталған өзге тұлғадан тиісті хабарлама алған сәттен бастап бір тәулік ішінде заң бұзушылықпен таратылатын ақпаратты жоюға міндетті», - делінген.
Әңгіме Exclusive.kz сайтында 2022 жылғы 30 маусымда жарияланған «Amnesty International: удар по театру в Мариуполе – «явное военное преступление» российских войск» атты мақала жайлы болып отыр.
18 қараша
Тамара Ваал, «Власть» (Астана)
Астана қаласы сотының баспасөз хатшысы: отырыстың қай уақытта басталатыны маңызды емес
Жұма күні елордада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды. Бұл ақпаратты «Власть» газетінің журналисі Тамара Ваальға Астана сотының баспасөз қызметі растады.
Процестің басталу уақытын нақтылау туралы сауалға баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова: «Қашан басталса да әдеттегідей жұмыс уақытында басталады, басқа ақпарат болмайды» деді.
ҰҚК 2016 жылдан бері басқаған Кәрім Мәсімов қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынды. Ол осы көтерілісті ұйымдастырды деп күдіктеледі. Бұл іс тергеу басталғаннан бері құпияландырылды. Тергеу Масимов пен оның орынбасарларының бірі Әнуар Садықұловқа билікті басып алу әрекеті деген айыптаудан басқа, мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылғанын түсіндірмеді.
18, 20 қараша
Динара Егеубаева, DINARION (Алматы қ.)
Динара Егеубаеваның көлігін желіммен толтырып, «миналаған»
YouTube арнасының авторы және жүргізушісі, журналист Динара Егеубаева 18 қарашада белгісіз адамнан көлігін бүлдіргені туралы хабарлама алды. Әйнек тазалағышын әйнекке жабыстырып, дөңгелегін түсірген. Есігіндегі құлпын желіммен толтырған.
«Ертең тежегіштер істен шыға ма? Бұл жағдайды менің қауіпсіздігіме қауіп төндіреді деп санаймын», - дейді журналист.
Бір тәуліктен кейін, 20 қарашаға қараған түні Динара Егеубаева Facebook-те: «маған полиция келді. Менің көлігім миналанған деп айтылды. Саперлер келді. Төменге түсуімді сұрайды» деп жазды.
Полиция қызметкері 102 нөміріне белгісіз адамнан қоңырау түскенін ол «бейбіт орыстардан кешірім сұрауын» талап ететінін, әйтпесе үйді жарып жіберетінін айтқан. Полиция журналистің көлігін, ауласын және пәтерін тексерді.
Динарадан екі түсініктеме алынды.
18 қараша
БАҚ (Орал қ.)
Орал мәслихатының депутаттары БАҚ-тан не жасыруға тырысты?
Орал мәслихатында кезекті сессия өтті. Мәслихат хатшысы бұл туралы журналистерді жалпы чат арқылы хабардар етті. Күн тәртібінде екі мәселе - бюджетті нақтылау және «әртүрлі мәселелер» болды.
БАҚ өкілдері бірінші сұраққа тура 11 минут қатысты, содан кейін журналистерге бұдан әрі отырыс бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтетінін хабарланды. Жағдайды нақтылау әрекеті нәтиже бермеді. Журналистерден тек залдан шығуды сұрады. Депутаттар БАҚ-тан қандай құпияларды жасыруға шешім қабылдады, бұл құпия болып қалды.
19 қараша
Динара Егеубаева, DINARION (Алматы қ.)
Динара Егеубаеваның желіде 4 жалған аккаунты пайда болды
Dinarion YouTube арнасының авторы және жүргізушісі Динара Егеубаева кезекті қауіп Instagram-да бір күнде 4 жалған аккаунт пайда болғаны туралы хабарлады.
Олардың бірінде - оны Қазақстанда тыйым салынған ДВК қозғалысының көшбасшысы Мұхтар Әблязовпен байланыстыру әрекеті болған.
Егеубаева Facebook-те: «Маған бәрібір. Бірақ бұл үшін қанша ақша бөлінеді? Мен YouTube-та видеоролик, телеграмм арналарда жазба жариялау туралы айтып отырған жоқпын. Мен туралы ғана емес, осы сандырақтың бәрі сіздер мен біздің ақшамызға жасалатынын бәрі түсінеді деп үміттенемін»- деп жазды.
Қазіргі уақытта барлық 4 жалған аккаунт бұғатталды.
20 қараша
Гүлжан Ерғалиева, ElMedia (Алматы)
ElMedia кеңсесіне төртінші шабуыл жасалды
20 қарашаға қараған түні белгісіз біреулер Elmedia редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс есігін тағы сындырды.
Ерғалиева Facebook желісіндегі парақшасында: «Ғимараттың қауіпсіздігі әлсіз, бейнебақылау камералары жоқ, қожайындары кіре берісте тиісті бақылауды жүргізбейді. Өткеннен бері полиция ештеңе таппады. Ондай шапқыншыларды қазір интернеттен оңай табатынын, олар кез келген тапсырысты орындайтынын айтады. Өз басым бұл әйнекті сындыру әрекетін жеке өзіме берілген сигнал, сонымен қатар жұмысымызды қиындату үшін бізді осы жерден шығару әрекеті деп түсінемін»-деп жазды.
23 қарашаға қараған түні редакцияға бір жарым ай ішінде төртінші рет шабуыл жасалды.
ElMedia хабарламасында «Бүгін түнде ElMedia редакциясы орналасқан әкімшілік ғимараттың кіреберісінің терезелері тағы сынды. Бұл жолы екінші қатардың терезелері бүлінген. Еске салайық, сайлау алдындағы түні топ кіреберісті таспен атқылаған болатын. Бұған дейін қазан айының ортасында екі шабуыл жасалған. Полиция әр оқиғада үлкен бастықтармен топ болып келді. Олар көп нәрсе жасады, саусақ іздерін алды, барлығынан сұрап шықты. Бірақ соңында ештеңе жоқ. Редакция мен жоба жетекшісі Гүлжан Ерғалиеваның телефондарына жасалған шабуылдар сияқты», - делінген.
Редакция «бұзақылар өздерінің жазасыздығын сезеді» дейді.
Редакция «бұл істі жай қалдыруға және (немесе) полицияның кәсіби міндеттерін орындауын күтуге ниеті жоқ» деп мәлімдеді.
«Бізден ElMedia эфирінде жауап күтіңіз, саяси бұзақы мырзалар» - деді басылымның редакциясы.
20 қараша
Айнұр Коскина, Vesti.kg (Астана қ.)
Vesti.kg журналисі Айнұр Коскинаға боттар шабуыл жасады
Vesti.kg журналисі Айнур Коскина Instagram-да Президент Тоқаевтың дауыс беруін жариялай алмаған бірнеше БАҚ өкілдері туралы «Об отношении к СМИ в Новом Казахстане» деген тақырыппен бейнеролик жариялады. Айнұр видео жазбаның астындағы пікірлерде оған боттар шабуыл жасады деп хабарлады.
«Өздері кінәлі» стиліндегі пікірлер негізінен жалғыз ғана жазбасы, бірнеше жазылушысы бар аккаунттан жазылған.
20 қараша
«Ақ Жайық» (Атырау)
«Ақ Жайықты» 10 жыл бұрынғы мақала үшін сотқа берді
Талапкер Бауыржан Дәуіталиев 10 жыл бұрынғы мақаланы сайттан алып тастауды талап етуде. 2012 жылдың 12 сәуірі мен 6 қыркүйегінде жарияланған екі мақала да ресми ақпарат пен сот үкімі негізінде дайындалған.
Бірінші мақалада қоныс колониясының бастығы Б.Дәуіталиевті қаржы полициясы қызметкерлерінің пара алды деген күдікпен ұстағаны, екіншісінде соттылығы туралы жазылған.
Талапкер ешқандай материалдық талаптар қоймайды.
22 қараша
Анастасия Новикова, «31 канал» ТК (Шымкент қ.)
Фармацевтикалық бақылау департаменті келесі жылға дейін түсініктеме күтуді ұсынды
Әлеуметтік желіде медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне сілтеме жасай отырып, Шымкент тұрғыны косметологиялық қызметтің сапасына шағымданғаны туралы ақпарат пайда болды.
«31 арна» журналисі Анастасия Новикова ведомствоға хабарласып, камераға оқиғаға түсініктеме беруін өтінді. Департамент сұхбат идеясы өте жақсы екенін, бірақ жаңа жылдан кейін ғана түсініктеме бере алатынын айтты. Олар журналистке шамамен 1,5 ай күтуді ұсынды. Анастасия Новикова баспасөз қызметінің өкіліне келесі жылы бұл ақпарат жаңалықтар үшін өзекті болмайтынын түсіндірді. Материал департаменттің пікірінсіз эфирге шықты.
22 қараша
БАҚ (Солтүстік Қазақстан облысы)
Антикор үш айдан кейін СҚО-да шенеуніктің ұсталуына түсініктеме берді
Антикор «Хабар» телеарнасының сюжетінде атышулы ұстау туралы айтуға мәжбүр болды. Тергеу изоляторындағы тұтқындардың сайлауда қалай дауыс бергені туралы сюжет түсіріп жатқан журналистер кездейсоқ энергетика басқармасының бұрынғы басшысы Бақыт Ілиясовты сол жерден көріп қалды.
Үш ай бұрын ол ақпараттық кеңістіктен жоғалып кетіп, қазір кенеттен пара алды деп күдіктелгені анықталды. Журналистер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның үнсіздігін жаңа ережелерге сәйкес Ілиясовтың ұсталуына байланысты өңір басшылары өз лауазымдарынан айырылуы мүмкін екендігімен байланыстырады.
«Хабар» сюжетінің сондай-ақ әлеуметтік желідегі шудың арқасында Антикор шенеуніктің ұсталғанын растайтын, бірақ басқа ақпаратты ашпайтын пресс-релиз жариялады.
22 қараша
Кирилл Павлов
Журналист Кирилл Павлов Алматының тергеу сотына жолдаған сауалына берген жауабында қағазбастылыққа шағымданды
Журналист әлеуметтік желіде: «Журналистік зерттеуге Алматы тергеу соты үзілді-кесілді бергісі келмейтін ақпарат қажет болды. Осыған байланысты олар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына сауал жолдап мұны істеуге толық құқылы екендеріне қаулы сұрады. Бірақ Жоғарғы Сот сұрауды кенеттен Алматыға бағыттады», - деді.
23 қараша
Саида Турсуметова, Elitar.kz (Шымкент қ.)
Шымкенттегі судьяға БАҚ-қа қалай қарау керектігін түсіндірді
15 қарашада Шымкент қаласының әкімшілік сотында учаскелік инспектордың әрекеттеріне шағымдану туралы азаматтық іс бойынша отырыс тағайындалды. Процесс онлайн форматта өтуі керек еді. Алдын ала Elitar.kz ақпараттық агенттігінің бас редакторы Саида Турсуметова хатшыдан, сондай-ақ судья Г.Мамыровадан оны процеске қашықтан қосуды өтінді. Алайда, белгіленген күні тілшіні қоспады.
С. Турсуметова Шымкент қаласы сотының төрағасы Е. Рахымбековке шағым жазды. 23 қарашада «тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар расталды. Бұл судья Г. Мамырова мен сот отырысының хатшысы Ш. Алмабайдың назарынан тыс қалуына байланысты мүмкін болды. Қалалық соттың төрағасы Е. Рахимбеков судья Г. Мамыровамен сөйлесті. Оған БАҚ өкілдерін сот отырыстарына жіберу тәртібі түсіндірілді» деген жауап алды.
23 қараша
Жаухасын Жұмағұлова, Мереке Сүлейменов (Павлодар ауданы, Павлодар облысы)
Павлодар облысында сот әкімнің белсенділерге қарсы арызын қанағаттандырудан бас тартты
23 қарашада Павлодар облыстық соты бірінші сатыдағы соттың Григорьев ауылдық округінің әкімі Виталий Бруцкийдің ауылдастары – жергілікті өзін-өзі басқару төрағасы Жаухасын Жұмағұлова мен жергілікті өзін-өзі басқару мүшесі Мереке
Сүлейменовке қатысты талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін заңдастырды.
Естеріңізге сала кетейік, әкім сотқа ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап-арызбен жүгініп, теріске шығаруды және әрбір жауапкерден 500 мың теңгеден моральдық шығынды өтеуді талап еткен болатын.
Ж.Жұмағұлованың үстінен арыз әлеуметтік желіде Бруцкийдің досына 18 гектар жерді рәсімдеп бергенін, жер телімінің қараусыз қалғанын құбырлар, пленка қалдықтарға толып қалғанын айтқан видеоға байланысты жазылған. Белсенділер президент әкімшілігіне үндеу жолдап, оның артынан БАҚ-та көптеген мақалалар жарияланды.
Виталий Бруцкий М.Сүлейменовтің үстінен «Депутатқа сұрақ» WatsApp чатында автор ауылдық округ әкімін әрекетсіз деп айыптаған дауыстық хабарламаға байланысты сотқа жүгінген.
14 қыркүйекте Павлодар қалалық соты әкімнің талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Апелляциялық саты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, Виталий Бруцкийдің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.
23 қараша
who.int (Қазақстан)
Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайты бұғатталды
Internet Freedom Telegram арнасының хабарлауынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты (https://www.who.int) Қазақстанда осы жылдың қазан айынан бері ашылмайды.
Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының арызы бойынша Талғар қаласының соты 14 қазанда кейбір шетелдік сайттарда, соның ішінде ДДҰ-ның ҚР заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпаратты қамтитын өнімдер бар деген шешім шығарды. БАҚ өнімдері Суицид туралы ақпаратты тарату заңсыз деп танылған. Осыдан кейін ресурс бұғатталған.
23 қараша
Ольга Воронко, Ratel.kz (Павлодар қ.)
Полицияны тергеуге алынған істен гөрі Ольга Воронконың кіммен тұратыны көбірек қызықтырды
Қарашаның 23-і күні Ratel.kz тілшісі Ольга Воронкоға Павлодар полиция басқармасынан телефон соғып, оның мақалаларының біріне қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға келуді сұраған.
Журналист ауырып жатқанын, қызуының көтерілгенін және шақырту қағазын алмағанын түсіндірді. Бірақ Қайроллаев есімді сұхбаттасушы әңгіме ұзаққа созылмайды деп сендірді. Шақырту қағазы журналиске уақытты үнемдеу үшін ғана жіберілмеді деді.
Кейін әлеуметтік желіде Ольга Воронко Қайроллаевтың қарамағындағы майор Әжібаевтың жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, оның некеде екенін айтуға тыйым салғанын айтты.
Воронко: «Ол менің күйеуіммен емес, танысыммен тұратынымды жазғысы келді. Ол менен жауап алған қылмыстық іс сұйытылған мұнай газына қатысты болды», - деп жазды.
Нәтижесінде Воронко майор басшылығынан араласуды сұрағаннан кейін ғана жауап алу басталды. Қайроллаев қарамағындағы қызметкерге хаттамаға «отбасымен тұрады» деп жазуды және куәгерден мәні бойынша жауап алуға кірісуді ұсынды. Ольга Воронко ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойғандықтан, істің егжей-тегжейлерін айтпайды.
23 қараша
Protenge.kz (Астана)
«Самұрық-Қазына» қоры Protenge.kz журналистеріне уақытында жауап бермеді
Protenge.kz жобасының авторлары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ) қызметіне қызығушылық танытты, себебі ұлттық компания акцияларының 90%-дан астамына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қоры 30 миллионнан астам жай акцияларды сатуға шығарды.
Редакция Түркияда Эгей теңізінің жағасында Kempinski Bodrum сәнді қонақ үйі бар екенін анықтады, оның 75 пайызы ҚМГ еншілес кәсіпорны «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС-не тиесілі. Қазақстан бұл қонақүйді 2006 жылы сатып алған және 2015 жылдан бері бұл негізгі емес активті сатуға әрекеттеніп келеді, деп хабарлайды Protenge.
Журналистер «Қазмұнайгаздан» қонақ үйдің осы уақытқа дейін неге сатылмағанын сұрады. Бұл сұраққа объектіні бағалау жүріп жатыр деген жауап алды. Алайда, «ҚазМұнайГаз» Түркияда өз активін бақылауды жоғалтқаны белгілі болды. 2016 жылдан бастап ҚМГ Aysir Turizm компаниясын басқаруға жіберілмеді, сол уақыттан бері сот жүріп жатыр.
Protenge.KZ «Самұрық-Қазына» қорына не болып жатқанын және неге ҚМГ шетелде мемлекеттік мүлікті басқара алмайтынын анықтау үшін жүгінді.
«Самұрық-Қазына» 21 қарашада жауап беруі керек еді. Бірақ жауап бермеді», - деп хабарлайды редакция.
24 қараша
Станислав Манаков, «Обозрение недели» АА (Павлодар қ.)
«Басқа нәрселермен айналысыңыз!» - журналист сауалына баспасөз хатшысының жауабы
15 қарашада журналист ауыл шаруашылығы басқармасына картопты өңдеу бойынша өндірушілермен жасалған келісім-шарт туралы ақпарат беруді сұрап жүгінген. Басқарманың баспасөз хатшысы ақпарат беруі тиіс бөлімнің нөмірін айтты. Бірақ көрсетілген нөмірдегілер журналистің сұрағынан ештеңе білмей, ақпарат беруден бас тартты. Журналист тағы да департаменттің баспасөз хатшысына хабарласты, ол: «Жарайды, мен басқа ештеңе айтпаймын, басқа нәрселермен айналысыңыз» деп жауап берді.
Нәтижесінде журналист Павлодар облысы әкімінің аппаратынан аз-маз мәліметтерді білген. Ал 24 қарашада сұраныс өзекті болмай қалғанда Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы журналистке қажетті ақпаратты алу үшін кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына хабарласу керектігін айтты.
Мониторинг «Әділ сөз» қоры тілшілерінің және ашық көздерден алынған ақпараттар бойынша дайындалды.
«Әділ сөз» қорының мониторинг қызметінің жетекшісі Елена Цой
e-mail: lena@adilsoz.kz
Мониторингке қатысты сұрақтар бойынша info@adilsoz.kz -ке хабарласуға болады.