11, 12 наурыз.
БАҚ (Астана)
Бишімбаевтың сотында журналистерді сот залына кіргізбеді
11 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әйелі Салтанат Нүкенованы айуандықпен өлтірді деп күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен өлім орын алған Гастроцентр директоры Бақытжан Байжановқа қатысты алдын ала тыңдау басталды. Тыңдау ашық өтеді.
Атышулы істен хабар таратуға келген ондаған журналисті мәжіліс залына кіргізбеді. Сот айдауылдары ешқандай түсініктеме бермеді. Астана қалалық сотының ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілі Алина Райымбаева отырыс басталар алдында залда орын болса, БАҚ өкілдері де кіре алатынын мәлімдеді.
Нәтижесінде отырыс залына орын тапшылығына байланысты БАҚ өкілдерінің ешқайсын кіргізбеді. Журналистер үшін екі баспасөз залы ұйымдастырылды.
QOS live редакторы Айнұр Қоскина: «Астана қалалық соты Бишімбаев ісі бойынша сот отырысына мұндай қызығушылықты күтпеген сияқты. Қылмыс жасалған сәттен бұл іске қоғамның қызығушылығы орасан болды. БАҚ пен әлеуметтік желілердегі ондаған мақала үлкен аудиторияны қамтыды», - деді.
11 наурыз.
БАҚ (Астана)
Қазақстан Журналистер одағы Бишімбаевтың сотына қатысты мәлімдеме жасады
Мәлімдемеде 11 наурызда басталған сот процесінде журналистер қиындықтарға тап болғаны айтылады.
ҚЖО Астанадағы филиалының хабарламасында: «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне сот отырысының фото және видеожазбасын сот залынан тікелей түсіру мүмкіндігі берілмейді, сондықтан фоторепортаждар мен телесюжет, сондай-ақ сот залындағы суреттері бар мәтіндік материалдарды алу қазірдің өзінде өте қиын», - делінген.
ҚЖО журналистерге сот трансляциясын қашықтан екі конференц-залдан бақылау және көру ұсынылды дейді.
Одақтың астаналық филиалы «Алайда, сурет пен дыбыстың сапасына әсер ететін техникалық ақаулардың болу ықтималдығын ескере отырып, бұл тәсіл сот талқылауын жария түрде өткізу қағидасына қайшы келеді. Соттың іс қаралып жатқан залдың тар деген уәжіне келіскен журналистер процесті мәжіліс залынан көруге келісіп, фотосуретке және видеоға түсіру үшін бірнеше БАҚ қызметкерлерін кіргізуді сұрады. Сот бұл ұсынысты қабылдамады. Жарияланған «процесстің ашықтығы» жағдайында бұл бас тарту журналистердің заңды қызметіне кедергі болып табылады», - дейді.
ҚЖО процесті фотоға және видеоға түсіретін журналистерді сот залына міндетті түрде жіберуді талап етеді.
ҚЖО Астанадағы филиалы «Егер процесті фотоға және видеоға түсірген журналистерді сот залына кем дегенде шектеулі уақытқа кіргізбесе, бұл істі қараудың объективтілігіне күмән келтіреді және айуандықпен адам өлтіргені үшін әділ жаза қолданылатынына халықтың сенімін жоғалтып қана қоймайды. Халықтың Қазақстанда соттың әділдігіне сенімін жоғалтады», - дейді.
12 наурыз.
БАҚ (Астана)
Қуандық Бишімбаевтың сот процесіне қатысқан 30 журналист заңды қызметіне кедергі келтірілгені туралы арыз жазды
Наурыздың 12-сі күні Қуандық Бишімбаевқа қатысты екінші алдын ала тыңдауда БАҚ өкілдерін орын тапшылығына байланысты, сот залына тағы да кіргізбеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған кадрларда сот залының есігінің алдында кем дегенде жиырма журналист тұр. Сот қызметкерлері журналистерден дәлізде орын босатуды сұрап, 2-3 метр дәліз жасап сотталушы өтетін жол жасады. БАҚ өтініші бойынша фотографтар мен видеооператорлардың шағын тобына түсірілімге 3-4 минут уақыт беру туралы журналистерден тек төртеуін таңдау ұсынылды.
Алдын ала тыңдаудан хабар берген журналистер сот ғимаратына полиция шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот әкімшілігі басылымдардың тілшілерін хаттамалық фото-видео түсірілім үшін сот залына кіргізу туралы өтініштерді елемеу арқылы олардың кәсіби құқықтарын бұзып отыр. Сондай-ақ журналистер сот трансляциясының сапасына, эфирдің болмауына немесе үзілуіне шағымданады. Арызға 30 адам қол қойған.
12 наурыз.
БАҚ (Астана)
Астана соты әкімшілігі Бишімбаев ісі бойынша сот процесін көрсетуге байланысты проблемаларды түсіндірді
Астана қаласы бойынша сот әкімшілігі басқармасының басшысы Елдос Жұмақсанов атышулы іс шағын бөлмеде қаралып жатқанын, оған сотта қаралған басқа қылмыстық істер бойынша сотталушылардың саны бірнешеу болуымен түсіндірді.
«Біздің залдың сыйымдылығы 19-20 адам, яғни мұнда жиналғандар саны. Бір жағында адам көп немесе екі жақтың туыстарының бірі бар, екіншілері жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деді ол.
Елдос Жұмақсанов сот талқылауы басталып, алқабилер құрамын іріктелгеннен кейін журналистерге фото және видео түсіруге мүмкіндік беріледі деп сендірді. «Процесс ашық. Жариялылыққа құрметпен қарайды. Кез келген адам қатыса алатын екі зал ұйымдастырылды. Кімнің не айтып жатқанын, қалай сөйлеп жатқанын көріп, еститін сот отырыстарын онлайн видео- аудио трансляциясы бар.
Журналистер процеске қатысушылар емес. Сотқа мәжіліс бөлмесінде қатысуды, өкінішке орай, техникалық және физикалық жағдайға байланысты қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан сот отырыстарын трансляциялау арқылы процестің ашықтығын қамтамасыз етеміз», - деп қосты Жұмақасанов.
13 наурыз.
БАҚ (Астана)
Бас прокуратура Бишімбаевқа қатысты сот процесін көрсетуде ешқандай мәселе көріп отырған жоқ
Бас прокурордың орынбасары Бишімбаев ісі бойынша журналистерді сот залына кіргізбеу туралы айтты. Әсет Чиндалиев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесінде ашықтық қамтамасыз етілді деп есептейді.
Чиндалиев «Сотта тәртіп қамтамасыз етілуі керек. Бұл – ток-шоу емес, бұл – сот. Онда ашықтық қамтамасыз етілген, олар оны сіздің экраныңызға қояды, сіз болып жатқан барлық нәрсені тікелей эфирде көре аласыз. Бар нәрсенің бәрі сотта көрсетіледі», деді.
Журналистер Әділет министрі Азамат Есқараевтың Бишімбаев ісін жариялау жағдайына қатысты пікірін сұрады. Мәжіліс кулуарында олар соттың журналистерді сот залына кіргізбеуге құқығы бар ма деген сұрақ қойды.
А.Есқараев: «Мен соттың әрекетіне баға бере алмаймын, бұл менің құзыретіме кірмейді. Заңға сәйкес, егер сот ашық болса, онда қолда бар мүмкіндіктер шегінде тиісті қолжетімділік қамтамасыз етілуі керек. Бұл соттың әрекетіне қатысты нақты сұрақ. Тиісінше, бұл туралы пікір айтуға құқығым жоқ», – деп жауап берді.
13 наурыз.
БАҚ (Астана)
Аида Балаева Бишімбаевтың сотында журналистерді орынмен қамтуға уәде берді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша журналистерді сот залына кіргізбеу жағдайына қатысты пікір білдірді.
Министр Facebook парақшасында: «Министрлік әрқашан журналистердің құқықтарын шектеуге жол бермеу, объективті ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге тырысады. Кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын сот белгілеген бөлек бөлмеде бақылады.
Тиісті орындардың болуы бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, министрлік бұл жағдайда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп журналистерді орындармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізетін болады», - деп жазды.
Аида Балаева БАҚ өкілдерін атышулы істі жариялаған кезде бірқатар этикалық аспектілерді, заңның үстемдігін, бейтарап сот төрелігін ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және соттың қызметіне араласудан сақ болуға шақырды.
12 наурыз.
БАҚ (Астана)
Бас прокуратура Бишімбаев сотына қатысты мәлімдеме жасады
12 наурызда Бас прокуратура БАҚ үшін «Қ.Бишімбаев сотына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелеріне күмән келтіретін» ақпаратты жариялады.
Ведомство «Мұндай ақпаратты тарату сотқа нақты іс бойынша объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруға жол бермеу мақсатында оған ықпал ету мақсаты деп
қарастыруға болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 407-бабына сәйкес сот қызметіне араласуға жол берілмейді және қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді. Көрінеу жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті қарастыратынын алға тартады.
Осыған орай, Бас прокуратура барлық азаматтарды және бұқаралық ақпарат құралдарын заңдылықты құрметтеуге шақырады, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудан және сот қызметіне кез келген жағдайда араласуға жол бермеуді ескертеді.
Бұл мәлімдеменің себебі туралы журналистердің сауалына жауап берген ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев: «Бұл мәлімдеме жалған ақпарат таралмауы үшін жасалып отыр. Біреу кейбір фактілерді айналдыра алады. Түсінесіз бе, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыратын мәселе және абайсызда айтылған кез келген сөз қандай да бір салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан мұндай фактілер болмауын сұраймын. Бұл ескерту» деді.
QOS live Telegram арнасының авторы Айнұр Коскинаның мұндай фактілер бар ма деген сұрағанына Әсет Чиндалиев нақты ақпаратым жоқ деп жауап берді.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
Кез келген сот ісін бұқаралық ақпарат құралдарында талқылау «соттың объективті және бейтарап сот төрелігін жүзеге асыруына кедергі жасау мақсатында оған ықпал ету нысаны» бола алмайды. Демек, қазіргі уақытта БАҚ арқылы «сот талқылауының алдын ала нәтижесіне» немесе сотқа өзге де ықпал ету үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.
Сот iсiн қарайтын судьяға қатысты тiкелей немесе жанама әкiмшiлiк өкiлеттiгi бар лауазымды тұлғалардың (жоғары тұрған соттардың судьялары, әкiмдер, министрлер және т.б. жоғары лауазымды тұлғалар, б. Президент, сондай-ақ олардың туыстары және басқа да тәуелді тұлғалар). Аталған тұлғалардың сотқа «телефон құқығы» арқылы да, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы да ықпал етуіне жол берілмейді және заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
14 наурыз.
БАҚ (Қазақстан)
Сенат спикері журналистерге Бишімбаевтың сотын сабырмен қабылдауға кеңес берді
Сенат отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қуандық Бишімбаевқа қатысты өтіп жатқан сот процесіне қатысты пікір білдірді.
Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев: «Алдағы сот шешімі объективті, әділ және заңды болатынына күмәнім жоқ. Сот та, Жоғарғы Сот басшылығы да қоғам алдындағы, адам алдындағы жауапкершілігін түсінеді деп ойлаймын. Бұл жерде ешкім ешқандай айла-шарғыға көнбейді деп ойлаймын. Сондықтан журналистер де жағдайды сабырмен қабылдауы керек», - деді.