4 желтоқсан
Әлем
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Батысты Ұйымға мүше елдерге ақпараттық шабуыл жасады деп айыптады
4 желтоқсанда «Россия сегодня» халықаралық баспасөз орталығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов баспасөз мәслихатын өткізіп, аймаққа жаңа сын қатерлерді талқылады.
BES.Media Иманғали Тасмағамбетов Ресей мен Беларустің батыс шекарасындағы қауіп-қатердің күшеюі, Арменияның ұйымға қайта оралу мүмкіндігі туралы айтып, Батысты қатысушы елдерге ақпараттық шабуыл жасады деп айыптады, деп хабарлайды.
BES.Media Тасмағамбетовтің: «Ақпараттық қысым мен достас емес елдердің шабуылдары жалпы қауіпсіздікке әсер ететіні сөзсіз. Мысалы, USAID-тің ТМД елдеріне 300 миллион еуроға жуық қаражат (бұл ол сөз бостандығын, адам құқығын және басқаларды қамтамасыз ету деп аталады) бөлетінін айтсақ та жеткілікті. Бұл өте үлкен ақша, және біздің елдерге ақпараттық жүктеме өте күшті екені түсінікті», – деген сөзін келтіреді.
Тасмағамбетов әсіресе дос емес елдер қолдайтын ақпараттық шабуылдар жағдайында болжау және талдау жұмыстарының маңыздылығын алға тартқан.
3 желтоқсан
Әлеуметтік желі (Қазақстан)
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанда кеңсесі жоқ шетелдік онлайн платформалардың трафигін тарылтуды көздеп отыр
Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Ілияс Есмағұл шетелдік әлеуметтік желілерді Қазақстанда өз кеңселерін ашуға қалай ынталандыратынын айтты, деп хабарлайды.
Ілияс Есмағұл «Интернет-алаяқтық: қарсы әрекет, алдын алу, байланыс» конференциясы барысында: «Біз министрлік ретінде заң талаптарын орындамаған жағдайда онлайн-платформалардың трафигін тарылтуға мүмкіндік беретін бұйрық әзірледік. Бұл заңды елемейтін платформалар үшін қосымша ықпал ету тұтқасы болады», - деді.
4 желтоқсан
Қоғам (Қазақстан)
Қазақстандағы абоненттердің жартысынан көбі телефон алаяқтығына тап болды
BlueScreen.kz Kaspersky Who Calls қолданбасының деректеріне сілтеме жасап, 2024 жылы Қазақстандағы әрбір екінші пайдаланушы телефон алаяқтығына тап болды, деп хабарлайды.
Kaspersky Who Calls қолданбасының анонимді статистикасына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстандағы пайдаланушыларға соғылған спам қоңырау 72,4% құрады. Бұның жартысынан көбі (52,1%) алаяқтармен бетпе-бет келген.
Алаяқтар өзін банктің немесе мемлекеттік органның қызметкері ретінде көрсетіп, әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді түрде қолданады. Мұндай қоңыраулардың мақсаты - жеке ақпаратты алу, банк шоттарына қол жеткізу немесе жәбірленушіні ақша аударуға мәжбүрлеу.
Сарапшылар:
-Телефон арқылы жеке ақпаратты, әсіресе құпия сөздер мен растау кодтары сияқты ақпаратты бермеңіз.
- Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдаланыңыз және құрылғыларды үнемі жаңартып отырыңыз.
-Қолданбаларды тек ресми көздерден жүктеп алуды ұсынады.
5 желтоқсан
Қоғам (Қазақстан)
ҚР ҰҚК жыл басынан бері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне жасалған 550 млн астам кибершабуылдың алдын алды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның 2024 жылдың басынан бергі жұмысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады.
Атап айтқанда, Ермек Сағымбаев Мемлекет басшысына ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жасалған 552 миллионнан астам кибершабуыл мен алты мың DDoS шабуылының алдын алғанын айтты.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
6 желтоқсан
Қоғам (Қазақстан)
Әділет министрлігі: Метаға қазақстандық музыка бойынша келіссөздер жүргізу үшін серіктесті анықтау қиынға соғуда
CMN.KZ қазақстандық музыканың Instagram мен Facebook-ке қайта оралуы күмәнді. Әділет министрлігі барлығы америкалық Meta холдингі бірден бірнеше ұйыммен жүргізіп жатқан келіссөздердің нәтижесіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсылықованың мәліметі бойынша, Әділет министрлігі Meta (Instagram және Facebook желілерінің иесі) мен Қазақстан авторлық қоғамы (KazAK) арасындағы дауды шешуге тырысқан. Бірақ баға саясатындағы келіспеушіліктерге байланысты келісімге келу мүмкін болмады: ҚазАҚ әртістердің сыйақысын көбейтуді талап етіп отыр.
Вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте: «Біз Әділет министрлігі ретінде бұл азаматтық-құқықтық қатынас екенін және тараптар арасында белгілі бір құпиялылық бар екенін түсіне отырып, бұл дауды мүмкіндігінше реттеуге тырыстық. Өкінішке орай, сәтті болмады. Оған себеп – құқықты ұжымдық басқару ұйымдарының бірінің принципті ұстанымдары сәйкес келмейді, ал Мета белгілі бір шарттарға көнбейді», - деді.
Әділет министрлігі бұл оқиғаны бұрын-соңды болмаған деп атады. Вице-министр даудың Қазақстанда авторлық құқықты басқарумен айналысатын 15 ұйымның болуына байланысты туындағанын, ал Мета кіммен келісім жасасу керектігін таңдауда қиналатынын түсіндірді. Басқа елдердің көпшілігінде мұндай құқықтарды әдетте бір ұйым реттейді.
Еске сала кетейік, қараша айының соңында Instagram іздеуінен Қазақстанның музыкалық каталогы жоғалып кеткен болатын. Мета компаниясы продюсер Бақтияр Әлиевтің сауалына жауап ретінде компанияның ҚазАҚ-пен серіктестік келісімін ұзарта алмайтынын хабарлады. Өз кезегінде Қазақстан авторлар қоғамының бас директоры Айнұр Есендікова Метаның қазақстандық музыкалық контентке тосқауыл қою туралы шешіміне қынжылыс білдіріп, Метамен келіссөздер жүргізіліп жатыр деді.
Ал AgainGame WorldWide Label менеджері Ырысдәулет Сламбек Tengrinews.kz тілшісіне олардың музыкасы да басқа музыкалық ұйыммен жұмыс істегеніне қарамастан Instagram-да жоғалып кеткенін айтты.