12 желтоқсан
Интернет (Қазақстан)
ЦДИАӨМ деректердің жаппай таралып кетуін киберқауіпсіздікке төнген негізгі қауіп деп атады
ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Bluscreen.kz сайтына берген сұхбатында 2024 жылы елдегі киберқауіпсіздік саласындағы негізгі мәселелер және оған министрліктің жасап жатқан әрекеті туралы айтты.
Әбдіқалықов ақпан және наурыз айларында орын алған және алаяқтықтың өсуіне әсер еткен жеке деректердің жаппай таралып кетуін үлкен қауіп деп атады.
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы «Бұл қауіпке жауап ретінде біз өз жұмысымызды қайта қарап, түзетулер енгізуге мәжбүр болдық», – деді. Ол Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығының, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ негізінде компьютерлік инциденттерге жауап беру бойынша ұлттық қызметтің, сондай-ақ Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының құрылғанын атады.
Биылғы тағы бір мәселе – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) мен биометрияны заңсыз пайдалану.
Руслан Әбдіқалықов «Көбісі биометриялық сәйкестендіруге көшу электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану қажеттілігін жояды деп үміттенді. Дегенмен, жасанды интеллект пен дипфейктің дамуына байланысты жаңа қауіп пайда болды», - дейді.
Спикердің айтуынша, оның ведомствосының басты назары дерек иелерінің жауапкершілігін және жақын арада жүзеге асырылатын заңнамалық және техникалық шешімдерді жетілдіруге бағытталған.
Әбдіқалықовтың айтуынша, бар мәселені шешу үшін салалық ақпараттық қауіпсіздік орталықтарын құру, киберсақтандыруды енгізу және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жоспарлануда.
18 желтоқсан
Қоғам (Қазақстан)
Мәжіліс биометриялық деректерді пайдаланудың қаупіне алаңдаулы
Қазақстан халықтық партиясынан (ҚДП) Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстан азаматтарының биометриялық деректерін пайдалану қаупіне байланысты депутаттық сауал жолдады.
ҚазТАГ депутаттың сауалынан: «Банктер, абоненттік байланыс нөмірлерінің бөлшек сауда нүктелері, білім беру мекемелері, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, бизнес-орталықтардың өткізу пункттері – адамның биометриясын оның қалауына және осындай шараларды қабылдаудың негізділігіне қарамастан тіркейді», - деп айтқан үзіндісін келтіреді.
Магеррамов биометриялық деректерді беруден бас тарту сол банктік немесе ұялы байланыс операторының қызметін ұсынудан бас тартуға әкелуі мүмкін дейді. Осылайша, азаматтар дербес деректерді жинау объектісіне айналуға мәжбүр.
Депутат әлеуметтік желілерде жасанды интеллект арқылы жасалған танымал тұлғалардың жүздері мен дауыстары бейнеленген қаржы пирамидаларының жарнамалық роликтерінің таралуына тоқталды. Оның айтуынша, дипфейк технологиялары бір фотосурет негізінде шынайы бейнелер жасауға мүмкіндік береді.
ҚДП өз сауалында:
1.Бiлiм беру ұйымдарында генеративтi ЖИ-ны пайдалануды реттеудi заңға тәуелді актiлер деңгейiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2.Азаматтардың дербес деректерін (биометриясын) жинау және өңдеу үшін шектеулі адамдар тобына ғана өкілеттік бере отырып, дербес деректерді жинаудың, өңдеудің және сақтаудың нақты және ашық тетігін қамтамасыз ету.
3.Азаматтардың биометриясын жинауды және сақтауды жүзеге асыратын субъектілерді деректерді заңсыз пайдалану және үшінші тұлғаларға беру мәніне тексеру жолымен азаматтардың дерекқорын (биометриясын) берудің заңсыз фактілерінің жолын кесуді ұсынады.
13 желтоқсан
Telegram (әлем)
Telegram 2024 жылы 15 миллионнан астам топ пен арнаны бұғаттады
BlueScreen Telegram 2024 жылы 15 миллионнан астам топ пен арнаны бұғаттады, деп хабарлайды. Мессенджер 2023 жылдың 12 желтоқсаны мен 2024 жылдың 11 желтоқсаны аралығын қамтитын контентті модерациялау туралы деректі жариялады.
2024 жылы 15,4 миллионға жуық арна мен топ бұғатталды. Ресурстардың ең көп саны 23 наурызда (224 мыңнан астам), 22 қыркүйекте (203,6 мың) және 26 сәуірде (179,7 мың) жойылды.
2024 жылы балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсететін материалдармен байланысты 700 мыңнан астам топ пен арна, сондай-ақ 129 мыңға жуық террористік бағыттағы қауымдастық бұғатталды.
BlueScreen Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың:«Соңғы бірнеше жыл ішінде Telegram ай сайын миллионға жуық арна мен топты, сондай-ақ он миллионнан астам ереже бұзатын пайдаланушыны жойды, бірақ бұл жұмыстың көп бөлігі сахнаның артында қалды, модерацияға жұмсалған күш-жігеріміздің көлемін жұртшылық толық білмейді», - деген сөзін келтіреді.
17 желтоқсан
Қоғам (Қазақстан)
Интернетке қосылу жылдамдығының төмендеуі тұтынушы құқығын бұзады
Ulysmedia.kz тілшісі Әсем Ғұмарова Астанада өткен брифингте Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің өкілдеріне: қазақстандықтар митингі немесе мереке алдында интернет байланысының нашарлауына немесе әлеуметтік желілерді бұғаттауға жиі шағымданады. Бұл тәжірибе тұтынушы құқығын бұзады ма? деген сұрақ қойды.
Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов интернетке қосылу жылдамдығын төмендету тұтынушылардың құқығын бұзатынын мойындады.
«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңға сәйкес тұтынушы сапалы қызмет алуға құқылы. Бұл жағдайда сіз интернет байланысы қызметі туралы айтып отырсыз. Әрине, бұл тұтынушы құқығын бұзады.
Бізде байланыс саласындағы уәкілетті орган – Цифрлық даму министрлігі бар. Ол жерде тиісті комиссия жұмыс істейді. Сіз олармен тікелей байланыса аласыз. Біз де салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган ретінде бұл өтініштерді қадағалап, министрліктерге жолдаймыз», - деді.
19 желтоқсан
Euronews (Қазақстан)
Euronews қазақстандық журналистерді оқытуды жоспарлап отыр
Астанада өкілдігі ашылған Euronews халықаралық ақпараттық арнаның директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвид Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевпен кездесуінде Euronews Academy жобасын іске қосу жоспарын жариялады. Жоба қазақстандық журналистерді заманауи технологияларға оқытуға және жоғары кәсіби стандарттарды енгізуге бағытталмақ.
Қазақстан Президенті Euronews өңірлік кеңсесінің ашылуы Қазақстанның, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия өңірінің экономикалық, мәдени және туристік әлеуетін танымал ету үшін жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл шара аймақ елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы диалогты ілгерілетуге көмектеседі.
Мемлекет басшысы білікті мамандар даярлауға мүдделі екенін растап, Қазақстандағы медиа секторының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығын айтты.