6 сәуір.
БАҚ (Қазақстан)
Тоқаев БАҚ пен блогерлерді жалған ақпарат таратпауға шақырды
Қазақстан соңғы жылдардағы ең ауыр су тасқынына тап болды. 6 сәуірде еліміздің 10 облысында (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында) жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілді.
Елдегі күрделі жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Мемлекет басшысы үндеуінде БАҚ өкілдері мен блогерлерге қарата сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «БАҚ өкілдері, пікір көшбасшылары мен блогерлер дүрбелең тудыратын тексерілмеген ақпаратты таратпаңыздар. Мұндай жағдайда билік пен қоғамды топтастыру маңызы. Азаматтардың тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймын», – деді.
6 сәуір.
БАҚ (Қазақстан)
Ақпараттық штаб БАҚ өкілдеріне су тасқыны туралы жедел мәліметтерді ұсынатын болады
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қазіргі су тасқыны жағдайын тиімді көрсету мақсатында Орталық коммуникациялар қызметінің базасында Республикалық ақпараттық штаб жұмыс істейтінін айтты. Ол БАҚ өкілдерін тәулік бойы уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпаратымен қамтамасыз етеді.
Ерлан Қарин:«Бүгіннен бастап Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, «Қазгидромет» және т.б. негізгі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қосымша кезекті онлайн брифингтер ұйымдастырады. Төтенше жағдай жарияланған 10 облыстың штабтарымен тікелей байланыс жоспарланған», – деп жазды. Сонымен қатар, ағымдағы жағдай туралы жаңалықтар блоктарының жиілігі артады, су тасқынына қарсы күрес және оның зардаптарын жою барысы тұрақты түрде қамтылып, төтенше жағдайлар қызметінің, еріктілер ұйымдарының және тартылған азаматтардың, сондай-ақ су тасқынына қарсы күрестің бірлескен жұмысы, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмекті жинау және жеткізу тұрақты түрде қамтылатын болады», деді.
6 сәуір.
БАҚ (Қостанай облысы)
Журналистер Instagram-пабликтің жауапкершілікке тартылуын талап етті
Қостанайлық журналистер Instagram желісіндегі ilovekostanay паблигінің жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартуды талап етті.
6 сәуірде Қостанай облысында су тасқыны шарықтау шегіне жетті. Қаратомар су қоймасынан су ағызуының ұлғаюынан туындаған. Паблик су тасқынының видеосы мен «Сергеевская бөгетін шайып кетті, саяжайлар батып жатыр, су Қостанайға кетті» деген мәтіні бар жазба жариялады.
Қостанай облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Динара Қарымсақова «Областные СМИ» WhatsApp чатында журналистердің бөгеттегі жағдайға сұраған түсініктемесіне «бұл ақпарат шындыққа жанаспайды» деді.
Журналистер мұндай «пабликке» шара қолдану керек деп санайды. Олар:«Қолданушылар мұндай ақпаратқа сөзсіз сенеді», - дейді.
Қарымсақова паблик әкімшісіне хат жазып, видеоны алып тастауды талап етті. Ол мәтін баяғыда өзгертілген деп жауап берді. Қарымсақова Қостанайда және Қостанай облысында жарияланған төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті еске алды. Осыдан кейін видео жойылды.
06, 08 сәуір.
Қоғам (Қазақстан)
Бас прокуратура төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті еске салды
6 сәуірде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы су тасқыны жағдайына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялай отырып, халық пен БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Прокуратура жалған ақпаратты жариялау және тарату әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Сондай-ақ, Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментіндегі жедел штабтың өкілі полиция майоры А.Жұмалиев төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтарға заң алдында жауапкершілік жүктелетінін ескертті.
«Төтенше жағдайлар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар жиі таралады. Жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапкершілік көзделген, яғни, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады», - деді ол.
7 сәуір.
Қоғам (Қазақстан)
Ішкі істер министрлігі су тасқыны туралы фейктерді қарқынды түрде қадағалайтын болады
Exclusive.kz Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі брифингте су тасқыны туралы фейктерге бақылау күшейтілгені туралы айтты, деп хабарлайды.
ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев: «Мемлекет басшысы кеше өз Жолдауында блогерлерді, журналистер мен белсенділерді жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырды. Осыған байланысты ішкі істер органдары қазір ақпараттық кеңістікте күшейтілген, белсенді мониторинг жүргізуде», - деді.
Ол азаматтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырып, «мұндай әрекеттер үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық жазаға дейінгі жауапкершілік көзделгенін» еске салды.
9 сәуір.
БАҚ және блогерлер (Қазақстан)
Депутат Сергей Пономарев БАҚ пен блогерлерді су тасқыны туралы «сарыжалақ» ақпарат таратпауға шақырды
BES.Media хабарлауынша, депутат Пономаревтің мәлімдемесі алдында қала әкімі су тасқыны кезінде автосалонда қыдырып жүрген деген жалған ақпарат таратқан блогермен болған оқиға болған. Бұл үшін блогер кешірім сұрады.
«Біз адамдар өз ауылын, үйін, сақтап қалуға тырысып, бір нәрсені қалай істейтінін көреміз. Үміт үзудің қажеті жоқ, керісінше бірігу керек. Ал 80 жыл бойы болмаған бұл сұмдық апатты бірігу арқылы ғана жеңе аламыз. Сондай-ақ, журналистер мен блогерлерге айтарым, ақпаратты тексеріп, «сарыжалақ» ақпарат бермеңіздер. Мен адамдардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуін сұраймын. Бұл апатты бірге жеңеміз», – деді.