Тамыздың 21-і.
БАҚ (Қазақстан)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жеке Telegram арнасын ашты
Дархан Қыдырәлі жазылушыларға: «Қайырлы күн достар! Өздеріңіз білесіздер, кеше мен жеке Telegram арнасын аштым. Бұл арнада елдегі болып жатқан оқиғалармен қатар саланың дамуы туралы өз ойларыммен бөлісетін боламын. Арнаға жазылғандардың барлығына алғыс айтамын», - деді.
Сондай-ақ ведомства басшысы YouTube желісінде «қоғамдағы өзекті мәселелерге» жауап беретін «Өзекті» атты жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлады.
Тамыздың 23-і.
Әлеуметтік желі (Қазақстан)
БҚО ассамблея мүшелері Қазақстанда тыныштықты сақтау үшін әлеуметтік желілерді жабуды ұсынды
«Уральская неделя» газетінің хабарлауынша, ҚР Ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинмен кездесуде орыс диаспорасының өкілі Вячеслав Солодилов әлеуметтік желіні жабуды ұсынды.
Солодилов: «Соғыс болып жатқаны өте жаман. Олар осылай футбол ойнайды ма? Бірі ана жақты, екіншісі мына жақты жақтайды. Бірақ сіз үнсіз, талқылайсыз. (...) Біз бұл жанжалды тоқтатуымыз керек. Бұл әлеуметтік желілер идеологиялық жағынан зиянды, оларды жабу керек. Олар сондай жаман нәрселерді жазады! Ал осыны қоздырмақ болғандар Украинаға барып сол жақтан хабар таратады, оларды түрмеге жабу керек. Президент не деді? Біздің елден тыс барлық нәрсе біздің соғыс емес, біздің қақтығысымыз емес деді. Біз Қазақстан қалай өмір сүрудің үлгісін көрсетеді деп айтамыз. Соңғы уақытта бұл механизм бұзылды», - деді.
«Тілмұра» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ирина Суетина қазақстандық әлеуметтік желі құруды ұсынды.
«Жастар, студенттер ақпаратты әлеуметтік желіден алады. Қазақстандықтар тек позитивті, жақсы ақпарат алуы үшін оларға қатаң сүзгі қолдану қажет. Facebook – шетелдік компания. Біздің өз мамандарымыз бар, оларға жеке, ұлттық, әлеуметтік желі құруға тапсырма беру керек. Сонда жастарымыз пайдалы ақпаратты тұтынатын болады және олар өз жетістіктерін жасай алады», - дейді қоғам белсендісі.
Бұған Ғалым Шойкин: «Темір қалқамен жабу мүмкін емес. Халықтан ақпаратты жасыру да дұрыс емес, бұл техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Қолдаушылар да, қарсылар да болады. Бізде пікір плюрализмі бар. Біз демократиялық, плюралистік мемлекет құрып жатырмыз, біз ашық қоғамбыз. Барлығы заң саласында болуы керек. Егер фактілер болса, сотқа жүгіну керек» деп жауап берді.