28 қыркүйек.
Көркем Үсібалиева, Tengrinews.kz (Шымкент)
Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы әкімге қатысты сауалға жауап берген жоқ
17 шілдеде Tengrinews.kz порталының редакциясы Шымкент қаласының әкімдігіне сауал жолдады. Шығарушы редактор Сатаева А.О және орындаушы – тілші Үсібалиева К. қол қойған хатта журналистер әкім Мұрат Әйтенов қала аудандарының жағдайын білу үшін жаяу жүріп тексеруді қаншалықты жиі жүргізетінін, мұндай тексерулер кезінде қандай проблемаларды анықтайтынын, оларға қанша уақыт кететінін және әкім бұл әдісті тиімді деп санай ма деген сұрақтарға жауап беруін сұрады.
Алайда, редакция бұл сауалдарға жауап алмады. Қыркүйекте Шымкентте жаңа әкім тағайындалып сұрақ өзектілігін жоғалтты.
28 қыркүйек.
Алиса Бойко, elitar.kz (Шымкент)
Хайуанаттар бағының «ашулы директоры» журналиске түсініктеме беруге жол бермеді
Қыркүйек айының басында БАҚ мемлекеттік сатып алулар сайтындағы мәліметтерге сілтеме жасап, «Шымкент мемлекеттік хайуанаттар бағы» жануарларға арналған ет өнімдерін әлеуметтік орталықтар үшін белгіленген бағадан жоғары бағаға сатып алады деген материал жариялады.
Осы мәліметке сүйенсек, хайуанаттар бағы үшін бір келі сиыр етінің құны 2800 теңге болса, балаларды қолдау орталықтары еттің келісін 1875 теңгеден сатып алады.
Қыркүйектің 11-і күні elitar.kz сайтының журналисі Алиса Бойко Шымкент зообағынан түсініктеме беруді сұрады. Ол жануарларға арналған өнімдерді сатып алуға қанша ақша жұмсалатынын және нақты не сатып алынғанын айтуды сұрады. Хайуанаттар бағының қызметкерлері бірден ақпарат бере алатындарын бірақ «директордың рұқсатымен, ол бүгін ашулы» екенін айтты.
Кейін ақпарат берілмеді.
29 қыркүйек.
Марина Низовкина, Atameken business channel (Шымкент)
Шымкенттегі бірнеше мемлекеттік орган журналистің сауалына жауап бермеді
«Атамекен» бизнес арнасының Шымкенттегі тілшісі Марина Низовкина «Әділ сөз» тілшісіне қыркүйек айында бірнеше сауалына жауап алмағанын айтты.
Тұрғындары үй құлап қала ма деп қорқатын көппәтерлі үйдің бірінші қабатындағы құрылыс туралы сюжетті дайындау кезінде Марина Низовкина мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгінді.
Журналисті тұрғын үй иесі жөндеуді заңды түрде бастады ма, сондай-ақ Шымкентте заңсыз құрылыс фактілерінің саны қанша деген сұрақ қызықтырды. Басқарма жағдайға түсініктеме беруден бас тартты. Журналист осы мәселелерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолдады, онда оған қала құрылысын талдау бойынша толық ақпарат берілді.
Марина Низовкина балабақшалардың заңсыз қызметі туралы сюжетті дайындау кезінде экономикалық тергеу департаментінен түсініктеме ала алмады.
Журналистке берген сұхбатында қазір қылмыстық іс бойынша күдікті болып табылатын Мектепке дейінгі мекеменің бұрынғы бухгалтері балабақшаны заңсыз байытудың бірнеше әдісін қалай ойлап тапқанын және ол ұрлық схемасын Экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) тергеушілеріне «ұстатқанын» айтты.
Адвокаттың айтуынша, әйелді білім басқармасының лауазымды тұлғаларымен сөз байласқаны үшін айыптайды, бірақ бұл қызметкерлер тергеу барысында анықталмаған.
Марина Низовкина Департаменттен түсініктеме сұрады, бірақ соңында телеарнадағы сюжет түсініктемесіз шықты.
2 қазан.
Светлана Ромашкина, Vlast.kz (Алматы қ.)
Алматы әкімдігі заңнамаға сілтеме жасап, қала құрылысы кеңесімен келісілген жобаларды жасырды
«Vласть» басылымы Алматы қаласы бас жоспарының сайтында қала құрылысы кеңесі қарайтын (мақұлданған немесе қабылданбаған) құрылыс жобаларын жүктеу функциясы жұмыс істеп тұрды. Жақында ол қол жетімсіз болып қалды, деп хабарлайды.
Редакция әкімдікке хабарласып, ТК эскиздік жобалары бойынша ақпаратты және басқа құжаттарды құқық иесінің жазбаша рұқсатымен ғана алуға болады деген жауап алды.
«Әкімдік өз жауабында Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексіне» және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рұқсат беру және өзге де құжаттарды ұсыну, эскиздік жобалар бойынша ақпарат және оларды жүктеу құқық иеленушіге (уәкілетті өкілдің) сұрау салулар бойынша берілетініне» сілтеме жасайды.
Осы ақпаратты алуға құқық иесінің жазбаша келісімімен ғана алуға болады», - деп жазады «Vласть» тілшісі Светлана Ромашкина.
3 қазан.
BES.media (Алматы қ.)
Алматылық жылу желілері құлаған жазғы алаң туралы сауалға жауап бермеді
Алматыда Traveler's Coffee кофеханасының жанында Гагарин-Есқараев көшелерінің қиылысындағы жылу желілерін жөндеу кезінде жазғы алаң құлады.
Оқиға қыркүйек айының ортасында болды. Кофехана Алматы әкімі Ерболат Досаев пен мердігер компанияның атына хатта келтірілген залалды есептеп, жіберді. Кофехананың басқарушысы Индира Ягфарованың айтуынша, «Алматы жылу желілерінен» (АлЖЖ) әлі жауап жоқ.
BES.media редакциясы да залалдың орнын толтыру мәселесімен Алматы жылу желілеріне хабарласты. АлЖЖ бұл сұрақты елемеді. Редакцияға жылу желілері бұған дейін жариялаған қираудың себебі технологиялық нормаларды өрескел сақтамау салдарынан орын алғаны және мердігер компанияға шара қолданылатыны айтылған пресс-релизді жіберді.
4 қазан.
Марина Низовкина, Vera.kz (Шымкент қ.)
Шымкент ПД ЖҚБ полицейлердің құқық бұзушылықтары туралы сұрауға жауап бермеді
15 қыркүйекте Vera.kz журналисі Марина Низовкина Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының (ЖҚБ) бастығы Х. Маматаевтың атына екі сауал жолдады.
Бірінші сауал полиция департаментінің қызметкерлері А.Айымбетов пен Д. Мейірхан арасындағы кикілжің атап айтқанда, Айымбетовтің әлеуметтік желіде полковник Мейірханның және оның отбасы мүшелерінің дербес деректерін таратуына қатысты болды. Журналист сотқа дейінгі тергеу басталды ма, ІІМ дерекқорынан полиция полковнигінің жұбайы мен қайын енесінің жеке деректерін алған қызметкердің жеке басы анықталды ма, Мейірхан отбасын қорғау үшін ЖҚБ қандай шаралар қолданады деп сұрады.
Екінші сауалда журналист сыбайлас жемқорлық қылмыстарға күдікті полиция қызметкерлерін ұстау статистикасын, сотқа дейін жеткен істердің санын және қылмыстық жауапкершілікке тартылған полиция қызметкерлерінің лауазымдарын хабарлауды сұрады. Журналист тегі мен басқа да дербес деректерін көрсетпей, тек лауазымдарын айтуды сұрады.
4 қазанда Марина Низовкина жауап алды, онда ЖҚБ Шымкент қаласы бойынша ҚСКБ-ға (құқықтық статистика комитетінің басқармасы) статистикалық ақпарат алу үшін жүгінуді ұсынды.
4 қазанда бірінші сұрауға берілген жауапта тек басталған қызметтік тергеу туралы хабарланады, оның нәтижелері бойынша «қатысы бар адамдар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады» делінген.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 17-бабының 1-тармағының 10) тармағына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және олардың лауазымды адамдарының заңнаманы бұзу фактілері туралы мәліметтер құпияға жатпайды.
Бұл мемлекеттік органдар журналистің сұрауы бойынша мұндай фактілер туралы лауазымды тұлғаның толық аты-жөнін, лауазымын және заң бұзушылықтың сипатын (қандай норма бұзылғанын), сондай-ақ аталған лауазымды тұлғаның қандай нақты жауапкершілікке тартылғанын көрсете отырып ақпаратты беруге міндетті.
5 қазан.
БАҚ (Қостанай облысы)
Журналистерге Қостанай облысындағы автогаз жеткізудегі үзілістер туралы жауап берілмеді
Қостанай облысының тұрғындары жергілікті БАҚ-қа жанармай құю бекеттерінде автокөліктерге газ берудегі үзіліс туралы үнемі хабарлап отырады.
21 қыркүйекте «Наша Газета» Instagram аккаунтының қожайыны Константин Рашевский «Областные СМИ» WhatsApp чатында Аймақтық энергетика басқармасынан жанармай құю станцияларындағы жанармайға қатысты жағдайға түсініктеме беруді және оның қашан тұрақты түрде қолжетімді болатынын сұрады. Рудныйлық журналист те бұл мәселені қолдап,
Рудныйда автогаз проблемалары бар екенін айтты.
Сол күні де, ертесіне де жауап болмады.
Бірнеше рет еске салғаннан кейін, 23 қыркүйекте қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Динара Қарымсақова: «Басқарма келесі аптада түсініктеме беруге уәде берді», - деді.
5 қазанға дейін энергетика басқармасы автогаз жағдайына қатысты баспасөз мәслихатын ұйымдастырған жоқ, баспасөз релизі де таратылмады. Тұрғындардың жанармай проблемалары туралы шағымдары енді түспегендіктен, тілшілер бұл мәселені қозғауды тоқтатты.