Шілденің 25-і.
Айнұр Сапарова, «Ақ Жайық» (Атырау)
Атырауда оқу орталығындағы алаяқтар туралы журналистердің сұрағына полиция да, прокуратура да жауап бермеді
Атырауда «Мегамозг» оқу орталығына алданған ата-аналар алаяқтық туралы істің тергеу барысына шағымданды. Олар тергеудің өткен жылдың соңынан жүргізіліп жатқанын, енді бұл іске басты күдіктімен бірге бес әйелге қатысты тергеудің тоқтатылғаны белгілі болды.
Мұнымен зардап шеккен ата-аналар келіспейді.
«Ақ Жайық» газетінің тілшісі Айнұр Сапарова мәлімет беруді сұрап полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.
«Пусть отвечают те, кто брал у нас деньги» атты мақаласында журналист: «Полиция департаментінің баспасөз қызметі барлығы прокуратурамен келісілгеніне сілтеме жасап, бізге ресми түсініктеме бермеді. Атырау қаласы прокурорының орынбасары Серік Ищановқа телефон соқтық, бірақ ол телефон арқылы түсініктеме беруден бас тартты және бізді прокуратурада қашан қабылдайтынын айтпады», - деп жазды.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес прокурор сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін қандай көлемде жария етуге болатындығын шешеді. Демек, прокурор аталған мәселені шешуден бас тартуға құқылы емес және журналистке дәлелді жауап беруге міндетті.
Шілденің 26-сы.
Сергей Перхальский, Ratel.kz (Алматы қ.)
Ratel.kz-ке 3050 пәтер сатып алуға қатысты сұраққа жауап бермеді
2023 жылдың 5 шілдесінде Ratel.kz редакциясы «Предприятие капитального строительства акимата города Алматы» ЖШС («ПКС» ЖШС) басшылығына Мемлекеттік сатып алу сайтында орналастырылған Алматының бірінші нарықта пәтерлерді сатып алу бойынша тендерлерді зерделеуден кейін туындаған бірқатар сұрақтарды жолдады.
Редакцияны алаңдатқан сауал 2023 жылдың қазан айына дейін мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істейтін жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін беруге уәде беретін сома – шамамен 75 млрд теңге және пәтерлер саны (3050) екені.
Сәрсенбі, 2023 жылғы 26 шілдеде журналистік сауал жіберілгеннен бері 20 күнтізбелік күн (немесе 12 жұмыс күні) өтті, бірақ Ratel.kz редакциясы сауалға жауап алған жоқ.
Шілденің 26-сы.
Андрей Скиба, «Наша Газета» (Қостанай қ.)
Журналист жол белгілері туралы сұраққа бір аптаға жуық уақыт жауап алуға тырысты
«Наша Газета» апталығының тілшісі Андрей Скиба жол белгілері туралы мақала дайындау кезінде Қостанай әкімі Марат Жүндібаевқа сауал жолдады.
19 шілдеде Қостанай әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов сауалға жауап берді. Жауапта 34 учаске белгіленді, онда қостанайлықтардың өтініштері бойынша түзетулер енгізілді қос тұтас сызық үзілген сызыққа өзгертілді.
Келесі күні Андрей Скиба кейбір аймақтардағы белгілер әлі өзгертілмегенін анықтады. Осыған байланысты 20 шілдеде журналист тағы да жауапты орындаушылардың бірі – Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі Олжас Дүйсековке жүгінді. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жұмыстардың орындалмау себептері мен оның орындалу мерзімін нақтылауға уәде берді.
24 шілдеде Скиба жауап беріле ме деп сұрады. Дүйсеков ТКШ бөлімінің қызметкерінің телефон нөмірін берді. Ол сұраққа жауап беруден бас тартып, жаңа сауал жолдау керек екенін айтты.
Журналист амалсыздан тағы да әкімнің кеңесшісіне жүгінді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне Олжас Дүйсековтің өзі телефон соғып, журналист сауалына жауап алды.
Шілденің 26-сы.
Хадиша Ақаева, Азаттық радиосы (Семей қ.)
Семейде су құбырының құрылысы құпияландырылды
2021 жылы Семейде «ерекше тәртіп» әдісімен қалада су құбырын салуға тендер өтті. Бұл ақпаратты анықтаған тұрғындар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласып, тендер туралы ақпарат негізсіз жабылғанын анықтады.
«(...) Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (ІМАД) мамандары негізсіз мемлекеттік сатып алуды ерекше тәртіппен белгіледі, өйткені нысанды құпияға жатқызу туралы құжат және ақпаратты шектеулі таратылатын ақпаратқа жатқызу туралы бұйрық жоқ». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ұйғарым жіберілгенін қосты.
Азаттық тілшісі Хадиша Ақаева Мемлекеттік аудит департаментінен қандай да бір шара қолданылды ма және Семейдегі су құбыры желілерінің құрылысы туралы ақпаратты негізсіз жасырғаны үшін жауапқа тартылды ма, жоқ па, соны хабарлауды сұрады. Ведомство «департамент аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ» деп жауап берді.
Ал, Хадиша Ақаеваның айтуынша, әкімдік халыққа ақпарат беруден бас тартып отыр. Мәселен, 2023 жылдың маусым айында Семейден қоғам қайраткері Роллан Машпиев су құбырының жобалық-сметалық құжаттамасын жария етуді сұрап, сауал жолдаған. Әкімдік жобаның мемлекеттік құпияға жатқызылғанын және басқарманың сұралған мәліметтер мен құжаттаманы бере алмағанын айтып, бас тартты.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның 17-бабы 1-тармағының 10)б сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңнаманы бұзу фактілері туралы мәліметтер құпиялауға жатпайды. Сондықтан бұл ақпаратты жұртшылықтан жасыру мүмкін емес. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 18 және 18-1-баптарында журналистердің сауалдарына жауап берудің міндеттері мен мерзімдері қарастырылған. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 20-бабының 5) тармағына сәйкес, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын олардың үзінділерін қоспағанда, журналистің құжаттар мен материалдармен танысуға құқығы бар. Осылайша, Мемлекеттік аудит департаменті журналистердің өтініші бойынша ақпарат беруге міндетті емес деп мәлімдегенде қателеседі.
Шілденің 27-сі.
БАҚ (Қазақстан)
Ресей ФСБ ҚР ҰҚК шекара қызметінің бақылау-өткізу бекетіндегі жолды жөндеу туралы хабарламасын жоққа шығарды
21 шілдеде ҚР ҰҚК шекара қызметі өз сайтында 27 шілде мен 25 тамыз аралығында Қостанай облысымен шекарадағы Ресейдің «Бугристое» бақылау-өткізу бекетіндегі жолды жөндеу жұмыстарының жоспарланғаны туралы хабарлама жариялады. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі шекарадан өтудің балама нұсқаларын ұсынып, көліктердің жүруінде туындауы мүмкін қиындықтарды ескертіп, бағыттарды алдын ала жоспарлауға кеңес берді.
22 шілдеде бұл ақпарат барлық республикалық БАҚ-та жарияланып, тіпті кейбіреулері бақылау-өткізу бекетінің уақытша жабылғаны туралы да хабарлаған. Ақпарат жарияланған соң Қостанай облысында сұрақтар мен түсінбеушілік туындады.
Шілденің 25-і күні Ресей ФСБ шекара басқармасы жолды жөндеу туралы ақпаратты жоққа шығарды. Шілденің 26-сы күні «Наш Костанай» газеті де өз дереккөзіне сілтеме жасап, бекеттердің әдеттегідей жұмыс істейтінін хабарлады.
«Костанайские новости» редакциясы түсініктеме алу үшін Қостанай шекара қызметінің өкіліне жүгінді.
«Про «Кайрак» и «Бугристое» - правда/неправда» атты мақаласында басылым журналисі Ирина Гудова «Екі мемлекеттің тұрғындарының бұл жаңалықтан шатасудан қанша жүйкелері тозып, жоспарлары бұзылғанын түсіндіру қажет пе. Осыған байланысты жөндеу және жұмыс режимінде ақаулар бола ма, неліктен барлық БАҚ-қа дұрыс емес ақпарат берілгені туралы деген ресми түсініктемелерді естиміз деп үміттенеміз», - деп жазды.
Шілденің 26-сы мақала жарияланған кезде редакцияға жауап келмеді.
27 шілдеде шекара қызметінің баспасөз орталығы өз сайтында «Қайрақ» өткізу бекетінің жұмысы туралы хабарлама жариялады, онда ол өзінің бұрынғы ақпаратын түсіндіріп, Қазақстандағы «Қайрақ» және Ресейдегі «Бугристое» автобақылау бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.