Мамырдың 18-і.
Интернет (Қазақстан)
ӘҚБтК-ке жалған ақпаратты орналастыру және тарату туралы бап енгізу ұсынылды
Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралып жатыр.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2 бабын толықтыру ұсынылады –
«456-2. Жалған ақпаратты орналастыру, тарату».
Бапқа сәйкес, жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, ашық деректер интернет-порталдары арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру, тарату құқық бұзушыларға айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа сәйкес:
- Лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне (құқық бұзушылықты кім жасағанына байланысты) 30-дан 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін айыппұл мөлшері артады;
Интернет-платформаларда жалған ақпаратты жариялау да жазаға әкеп соғады:
- жеке тұлғаларға - 20 АЕК мөлшерінде,
- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, 30-дан 150 АЕК-ке дейін (құқық бұзушылықты кім жасағанына байланысты). Бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық айыппұлдың өсуіне әкеп соғады.
Бапта сондай-ақ осы құқық бұзушылықтарды жасаған инфлюенсер яғни ықпал етушілерге (блогерлерге) айыппұлдар белгіленген:
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде белгiленсiн. Қайталанатын құқық бұзушылық айыппұлды көбейтуге әкеп соғады.
Инфлюенсер (блогер) – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында адамдардың белгісіз шеңберіне бағытталған онлайн платформаларда ақпаратты жариялайтын онлайн платформаның пайдаланушысы.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
ӘҚБтК-нің жалған ақпарат үшін жаза туралы көрсетілген 456-2-бабы онлайн-платформалардың кез-келген меншік иесі мен пайдаланушысын, оның ішінде кез-келген салалық субъектінің жеке немесе коммерциялық мүддесі үшін, яғни сыбайлас жемқорлық мақсатында жауапқа тарту үшін таңдамалы түрде пайдаланылуы мүмкін.
Әлбетте, бұл бапты жобадан алып тастау керек. Кез-келген мүдделі тұлға өзі туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратқан жағдайда азаматтық іс жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылы. Алайда мемлекет онлайн-платформаның иесін немесе пайдаланушысын қолданыстағы ӘҚБтК-нің 73-3-бабына сәйкес жала жапқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.
Сонымен қатар, құқық қорғау орғандары өздеріне ұнамайтын кез-келген пікірді жалған ақпарат деп санауы мүмкін. Мысалы, онлайн-платформаны қолданушы Украинадағы қақтығысты арнайы операция емес, соғыс деп атайды.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабының 1-тармағына сәйкес әрбір адамның өз пікірлерін кедергісіз ұстануға құқығы бар болғандықтан, заң жобасында пікірді (бағалау пікірін) жалған ақпарат және құқыққа қайшы контент санатына жатқызуға болмайтынын айқындау қажет.
Мамырдың 18-і.
Адвокаттар БАҚ-та қылмыстық қудалау органдарының мақалаларын жоққа шығара алады
Мәжілісте ҚК, ҚІЖК және ҚАК оңтайландыруға бағытталған түзетулері бар заң жобасы таныстырылды, онда Әділет министрлігі адвокатқа айыптау тарапының мақалаларын БАҚ-та теріске шығаруға құқық беруді ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұсаукесерде Әділет вице-министрі Алма Мұқанова түсіндіргендей, түзетулер адвокатқа прокурордың келісімімен оның қорғауындағы тұлғаға қатысты қылмыстық қудалау органдарының жариялауын теріске шығаруды БАҚ-та жариялау мүмкіндігін беруді ұсынады.
«Тәжірибеде қылмыстық қудалау органдары кінәсіздік презумпциясы қағидаттарын бұзатын ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы мүмкін жағдайлар бар. Бұл қоғамда наразылық туғызып, тергеу барысына әсер етіп, күдіктінің тұлғасын «қаралауы», - деді вице-министр Мұқанова.
Вице-министр Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу») талаптарын бұзбай, теріске шығаруға жауап ретінде адвокатқа құқық беру сот түпкілікті шешім қабылдағанға дейін азаматтарды қорғау мүмкіндігін күшейтетінін атап өтті.
Наурыздың 23-і.
Интернет (Қазақстан)
ЦДИАӨМ интернет жылдамдығын арттыру үшін шаралар қабылдады
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) 2023 жылғы 18 мамырдағы бұйрығымен жаңа «Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін» бекітті.
Сымды интернет сапасына қатысты шағымдардың артуына байланысты ЦДИАӨМ байланыс арнасының өткізу қабілетін арттырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткізу қабілеттілігін арттыру операторларды көрсетілген тарифте мәлімделген параметрлерге сәйкес интернет қызметтерін көрсетуге ынталандырады. Бұл түптеп келгенде тұтынушыларға оң әсер етеді деп күтілуде.
Бұл ретте дауыстық байланыс қызметтерінің сапасы мен мобильді интернетке қолжетімділік көрсеткіштері өзгеріссіз қалды.
Бұйрық 2023 жылдың 2 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі.