Маусымның 16-сы.
ОКҚ-да модератор журналистің Шымкент әкіміне сұрағын жеке деп санап алып тастады
Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен өткен баспасөз мәслихатында шенеуніктің ағасы туралы мәселе көтерілді. Журналистің айтуынша, ағасының бұрынғы әйелі Әйтенова жеке пикет өткізіп, онда тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрып-соғу және әкімнің ағасы жазадан құтылу үшін өзінің қызметтік жағдайын, лауазымын пайдаланатынын мәлімдеді. Журналист Мұрат Әйтеновтен мәлімдемеге түсініктеме беруін өтінді.
Бірақ модератор бұл сұрақты баспасөз мәслихаты тақырыбында емес, жеке деп тапты және БАҚ өкілдеріне оны сұхбатында бөлек қоюды ұсынды.
Ал бұл алаңда, оның айтуынша, халықты толғандыратын әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқылануда. Әкім журналистің сұрағына түсініктеме берген жоқ.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
Шенеуніктің (оның туыстарының) отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселе, әсіресе зорлықшыны жауапкершіліктен босату үшін шенеуніктің қызметтік жағдайын пайдалануға күдік, жеке сипаттағы емес, қоғамдық маңызы бар мәселе болып табылады.
Маусымның 19-ы.
Orda.kz (Алматы қ.)
Әділет министрлігі журналистердің Jusan тобының активтерін қайтару туралы сұрақтарына жауап берген жоқ
13 маусымда Әділет министрлігінде Jusan тобының активтерін қазақстандық юрисдикцияға қайтару рәсімінің аяқталғаны туралы хабарлады. Сот немесе жаңа иесіне қатысты қосымша ақпарат берілмегендіктен, Orda.kz Әділет министрлігіне сұрау салды.
Әділет министрлігі Jusan активтерін қазақстандық юрисдикцияға қайтару жөніндегі мәміленің егжей-тегжейін хабарлаудан бас тартты. Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау Департаментінің директоры Ерлан Тұяқбаев келісім шарттың құпиялылығына тоқталды. Сондықтан ақпаратты толық көлемде ұсыну мүмкін емес.
Ведомство тараптардың бірлескен ресми пресс-релизін кейінірек жариялайтынын айтты.
Orda.kz сондай-ақ, мәміле шарттары бойынша банктен сұрақтарына жауап күтеді.
Маусымның 20-сы.
Манас Қайыртайұлы, Азаттық радиосы (Алматы)
Сотталған Сатыбалдының резиденциясын «Елбасы қоры» қалай сыйға алғанын мемлекеттік органдар түсіндіре алмады
2023 жылдың сәуір айының ортасында Қайрат Сатыбалдыға тиесілі Үшқоңыр үстіртіндегі резиденция жалғыз құрылтайшысы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын «Елбасы» қорына берілді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Азаттық радиосының редакциясына келіп түскен жауабына сәйкес, мүлік қайырымдылық шарты бойынша басқа меншік иесіне берілген.
Бұл Сатыбалды мүлкі тәркіленіп, ұрлық жасады деген айыппен бас бостандығынан айырылғаннан кейін болды.
Астананың Байқоңыр ауданы № 2 сотының үкімінде тәркіленген мүліктің тізбесі болмағандықтан, «Азаттық» тілшілері Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына сәйкес үкімде тәркіленуге жататын мүліктің тізбесі көрсетілуге тиіс екенін атап өтіп, судья Нұрлан Баяхметовке жүгінді. Судья жауап жіберді, бірақ онда алынған мүлік туралы нақты ақпарат болған жоқ.
«Азаттық» Сатыбалдыға қатысты істі жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке санкцияланған резиденцияның «Елбасы қорына» қалай өткенін түсіндіруді сұрап жүгінді. Сұрақ жауапсыз қалды. Агенттік «қолда бар ақпарат ресми түрде жарияланады, қалғаны тергеу құпиясы» деп хабарлады. Алматы облысының прокуратурасы «мүлікке меншік құқығын беру фактісі» тексерілетінін айтты.
«Азаттық» «Елбасы Қорына» және Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне жүгінді. Кеңсенің баспасөз қызметі «Елбасы Қоры» туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Маусымның 21-і.
Protege (Алматы қ.)
ProTenge сұрауларын QazaqGaz-дың үш еншілес компаниясы елемеді
ProTenge журналистері өткен жылдың қазан айынан бастап «QazaqGaz» ұлттық газ компаниясының логотипінің құны мен қаржыландыру көзін анықтауға тырысуда.
2022 жылдың қарашасында редакцияға келіп түскен жауапта «QazaqGaz» ҰК» АҚ «Газ саласы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі олардың логотипі үшін төлем жүргізгенін, ал әзірлеуші ресейлік «Артемий Лебедев студиясымен» жасалған келісім шарттарына сәйкес құнын төлегенін айтты. Логотиптің құнын айту мүмкін емес себебі студияның рұқсаты жоқ.
Үш компания – «КазРосГаз», «Амандельді Газ» және «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ақшаға қатысты сұрақтарға жауап бермеді. Сонымен қатар, «QazaqGaz» ұлттық компаниясы да еншілес компаниялар арқылы ардагерлер кеңесін қаржыландыру туралы сұрауға жауап бермеген.