Шілденің 11-і.
Амангелді Батырбеков, «С-Информ» (Сарыағаш, Түркістан облысы)
Кассациялық инстанция Амангелді Батырбековтің үкімін қайта қарауы керек
3 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының шешімімен «С-Информ» газетінің бас редакторы Амангелді Батырбеков жала жапты деген айыппен 20 тәулікке қамалды.
Арызданушы Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы 10 наурызда журналист өзінің Facebook парақшасында ол туралы қасақана жалған ақпарат таратты. Онда бірнеше жыл бұрын Б.Нәжметдинұлының қылмыстық іс бойынша күдікті, қорғану құқы бар куәгер болғанын жазған.
Батырбеков өзінің кінәсін жоққа шығарады және жарияланған ақпарат қылмыстық іс құжаттарымен расталады деп мәлімдейді.
Қаулыда бірінші сатыдағы сот Шымкент қаласы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының жауаптарына және сотта тергеуші Н. Өмірзақовтың айғақтарына сілтеме жасайды.
Журналист және оның адвокаты Е. Әбдіғаниев Батырбековтың іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды және журналисті қамаудан босатуды талап етіп, аудандық соттың қаулысына шағымданды.
«Әділ сөз» қоры: «жала жабу туралы істерді қарау кезінде негізгі фактор «көрінеу» белгісі - сот талқылауында дәлелденген және анықталмаған» деген өз ұстанымын білдірді.
Журналистерді қорғау комитеті (Committee to Protect Journalists, CPJ) Қазақстан билігін журналист Амангелді Батырбековті босатуға және жала жапқаны үшін қамауға алуды жою үшін ел заңнамасына өзгерістер енгізуге шақырды.
11 шілдеде Түркістан облыстық соты Сарыағаш аудандық сотының қорытындысымен келісіп, Батырбековті жала жабу бойынша кінәлі деп тану туралы қаулыны күшінде қалдырды. Журналист пен оның адвокатының шағымы қанағаттандырусыз қалды.
18 шілдеде «Әділ сөз» қоры осы жағдайға «Журналистің көрінеу жалған ақпарат таратқаны дәлелденбей қамауға алынды» деген құқықтық сараптама жариялады.
«Әділ сөз» қоры бұл іс бойынша шығарылған Түркістан облысы соттының шешімін кассациялық сатыда қайта қарау қажеттігін айтты: «Егер Түркістан облысының төменгі сатыдағы сотының жала жабу үшін жауапкершілікке тарту туралы қаулылары қасақана дәлелсіз өтірік күшінде қалатын болса, Қазақстанның басқа соттары заң үстемдігін қолдануда «біркелкілікті» сақтай отырып, олар болашақта журналистерді жала жабу үшін дәл солай – қылмыс құрамы болмаған жағдайда жауапқа тарта алады» деп мәлімдеді.
Шілденің 17-сі.
Алма Омарова, «Total Media Qazaqstan» ЖШС (Алматы)
Алматыдағы апелляциялық алқа Total.kz журналисіне қарсы шағымды қолдамады
17 шілдеде Алматы қалалық сотында «Астана-ЕРЦ» ЖШС-нің «Total Media Qazaqstan» ЖШС-не қатысты талаптарды қанағаттандырусыз қалдыру туралы сот шешіміне шағымын қарауды аяқтады.
Еске салайық, талапкер журналистер серіктестіктің қызметіне қатысты беделге нұқсан келтіретін ақпарат таратқанын айтып, жауапкерлерді жарияланған «Астана- ЕРЦ» ЖШС-і астаналық тұтынушыларға 1,5 млрд теңгені қайтаруы керек» деген мақаланың үзіндісін жоққа шығаруға міндеттеуді талап еткен. Мақала total.kz сайтында 2022 жылдың 8 тамызында жарияланған. Мақалада Geotech Corp ЖШС бас директоры Марат Бөлекбаевтың «Астана- ЕРЦ» ЖШС туралы ішкі мемлекеттік аудит департаментімен анықталған бұзушылықтар бойынша айтқан пікірі келтірілген.
Талапкер тарап кеткен ақпаратты теріске шығаруды талап етті.
24 мамырда Алматы қаласы Алмалы ауданының N2 аудандық соты «Астана-ЕРЦ» компаниясының талап арызын қанағаттандырмады.
17 шілдеде азаматтық істер жөніндегі сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз , талапкердің шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.
Шілденің 18-і.
Жанар Асылханова, «31 канал» ТК (Семей қ., Абай обл.)
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының күзетшісі тұрғындардан сұхбат алған журналистің үстінен полицияға шағымданды
«31 арна» редакциясына Семей арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қамқорлығындағылар толық көлемде тегін дәрі-дәрмек алмайтындықтарына және тағамның сапасына шағымданды.
13 шілдеде телеарнаның тілшісі Жанар Асылханова орталыққа келді. Есікте күзетші журналистің кіргенін тіркеп алды. Орталықтың тұрғындарымен сұхбат жазу кезінде қарттар үйінің қызметкерлері Жанардың түсірілім жүргізуіне жол бермеуге тырысты. Бірақ Жанар журналист ретінде ақпарат жинауға құқығы бар екенін еске салғаннан кейін, жұмысын жалғастырды.
14 шілде күні телеарнада «Скандал в доме престарелых Семея: старики жалуются, что недоедают» атты сюжет көрсетілді. Онда зейнеткерлер шағымдарын, ал орталықтың басшылығы өз пікірлерін айтады.
Сюжет шыққаннан кейін 4 күн өткен соң, 18 шілдеде Семей қаласы Затон аудандық ішкі істер бөлімінен Жанар Асылхановаға телефон соғып, орталықтың күзетшісі Асылханованың үстінен орталықтың қамқорлығындағыларды видеоға түсіргені үшін журналистке қарсы арыз жазғанын айтты.
Жанар «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 20-бабына сәйкес журналист ретінде кез келген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға баруға құқылы екенін, сондай-ақ аудиовизуалды жабдықты пайдалану арқылы видео, фотосурет түсіруге құқылы екендігін айтты. Сондықтан, Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының күзетшісінің айтқан талаптарын негізсіз деп санайды.