Тамыздың 10-ы.
Андрей Скиба, «Наша Газета» (Қостанай қ.)
Сот отырысына қатысушылар нені қалайды, нені қаламайды, оны судья өзі шешті
«Наша газета» 4 тамызда Қостанайдағы әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотта болған оқиға туралы хабарлайды.
«Наша газета» тілшісі Андрей Скиба жедел жәрдем фельдшерін балағаттаған науқасқа қарсы дәрігердің арызы бойынша ашық сот отырысына келді. Екі тарап та өз суреттерін БАҚ-та жариялауға қарсы екендіктерін айтты.
Скиба судья Азамат Айтқожиновтан отырысқа қатысушылардың аты-жөні мен тегін жариялауға болады ма деп сұрады. Судья жеке деректерге қатысты заң бар екенін, бүгін отырысқа қатысқандардың барлығы фото және видеоға түсуден бас тартқандықтан, тілші олардың деректерін де жариялай алмайды деді.
Редакция бұған келіспеді. Журналист процеске қатысушыларды суретке түсірмеді (тек судьяның суретін қолданды), бірақ мақалада тараптардың аты-жөні көрсетілді.
«Әділ сөз» қорының түсініктемесі
АІЖК-нің 19-бабына сәйкес ашық сот отырысында іске қатысушы адамдардың пікірлері ескеріле отырып, соттың рұқсатымен фото-, видео түсірілімге және тікелей эфирге ғана жол беріледі. Бірақ судьяға БАҚ өкілдерінің ашық сот отырысында қолжетімді ақпаратты жариялауына шектеу қою құқығы берілмейді, сондықтан журналистер соттың қосымша рұқсатынсыз көрген-білгенінің барлығын жариялай алады.
Тамыздың 11-і.
БАҚ (Астана қ.)
Байланыс сапасы туралы баспасөз конференциясының спикері: менің жауабым - жауап жоқ
Орталық коммуникациялар қызметінде Beeline-Қазақстан, Mobile Telecom-Service (Tele2/Altel), KCell өкілдерінің қатысуымен өткен байланыс сапасы тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында компаниялар қызмет тарифтерін осы жылдың соңына дейін көтере ме деген мәселе сөз болды.
СЕО Beeline Қазақстан компаниясының бас атқарушы директоры Евгений Настрадин бәлкім, жоқ деп жауап берді.
Tele2 және Altel Бас директоры Сергей Коньков базаның бір бөлігі бойынша тарифтерді көтеру мүмкін деді.
«Кселл» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков жауап беруге дайын емес екенін айтты. Журналистің тариф пен байланыс сапасына байланысты конференцияға келіп, лауазымды және жауапты адам ретінде сұрақтарға жауап бере алмағанына наразылық білдіргеніне Өзбеков: «Мен мұнда сұрақтарға жауап беруге келдім. Менің жауабым дәл қазір менде нақты жауап жоқ» деді.
Тамыздың 11-і.
Интернет (Қазақстан)
Amanat партиясы қазақстандықтар интернетке қанша ақша жұмсайтынын есептеді
Шілде айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин интернетке қосылу мәселесінде проблема тұрғындардың тұрғын үй кешендерінде станцияларды орнатудан қорқуынан басқа, тарифтердің арзандығына байланысты екенін айтқан еді.
11 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектен министрдің интернеттің Еуропа елдерімен салыстырғанда арзан екендігі туралы мәлімдемесін және бұл есептеулер неге негізделгенін, тұтыну себеті ескерілді ме деп сұрады.
Асхат Оразбеков халықаралық рейтинг негізге алынғанын айтты.
«Тұтыну себетіне қатысты интернет құнына келетін болсақ, біз халықаралық рейтингті негізге алғандықтан, мұндай есептерді жүргізген жоқпыз. Біз үшін бұл маңызды сәт болды. Әрине, бізде бәрі нашар деп айтуға болады, бірақ интернет сәл қымбаттаған кезде тұтыну себеті біздікінен де төмен елдер бар. Объективті түрде айтсақ, біз орташамыз», - деді вице-министр.
Айтпақшы, Amanat партиясының Қоғамдық саясат институты Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының ең қарапайым тарифтерінің бағасына талдау жасады. Институттың мәліметінше, бір қолданушының орташа тариф құны 3208 теңгені құрайды немесе айына ең төменгі жалақының 4,5% (ең төменгі жалақы 70 000 теңге). Ал кабельдік интернеттің орташа құны айына – 4813 теңге. Осылайша, үш адамнан тұратын отбасы үшін интернет құны 14500 теңгеден кем емес. Төрт адамнан тұратын отбасының шығыны айына – 18 000 теңге, көп балалы отбасылар үшін интернет әлдеқайда қымбат.