Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сенат депуттарына Үндеу

8 желтоқсан 2017

Мәселе сіз бен біздің жақын болашағымыз туралы, сондықтан хатты мұқият оқыңыздар. Егер келіссеңіз – қолыңызды қойыңыз (тегіңіз, атыңыз, мәртебеңіз). Бір аптадан кейін біз бұл хатты барлық «қолдармен» бірге Сенат спикері Қ.Тоқаевқа жібереміз. «Қолдарыңызды» фейсбук немесе info@adilsoz.kz электронды пошта арқылы жіберіңіздер.

Бізді тыңдайды дегенге үміт, әрине, көп емес, алайда, егер біз қол қусырып отырсақ, онда журналистиканың беделі туралы арманмен қош айтыса беруге болады.

 

АШЫҚ ХАТ

Парламент Сенаты депутаттарына

Құрметті депутаттар!

Мәжілісте қабылданған «Ақпарат және коммуникация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР парламент Сенаты депутаттарына жіберілді. Оның біраз бөлігін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңына енгізетін ұсыныстар алып отыр.

Осы заң жобасының бірқатар негізгі баптары сөз бостандығының халықаралық стандарттарына, БҰҰ, ЕҚЫҰ,ОЭСР, ЮНЕСКО-ның ұсныстарына қайшы келеді және ақпаратты еркін алу мен тарату, пікір еркіндігі сияқты конституциялық кепілдіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейді, сондай-ақ Президенттің жемқорлықпен күрес жөніндегі міндетін БАҚ-тарға орындауға кедергі келтіреді.

Заң жобасында журналистердің сұрауы бойынша ақпарат беру тәртібін күрделендіріп жіберген және оның мерзімін екі жарым есеге созып отыр, ал бұл – беделді халықаралық ұйымдардың кеңестеріне қайшы келіп тұр. Атап айтсақ, Еуропа Кеңесінің «Ресми құжаттарға қол жеткізу туралы (CETS № 205)» Конвенцияда: «Ресми құжаттарға қол жеткізу құқығының негізінде – сұрауға тез жауап беру жатыр» деп көрсетілген.

Заң жобасы ешқандай заңдық негіздемесіз «заңды мүддеге нұқсан келтіретін мәліметтер» деген терминді кіргізіп, журналистерді жеке, отбасылық құпияларды тарату үшін рұқсат алуды міндеттеп отыр, алайда бұл түсініктердің нақты құқықтық анықтамасы жоқ. 2010 жылы Конституциялық кеңес ҚР Конституциясына берілген ғылыми-практикалық түсініктемесінде: «Жеке, отбасылық құпия – жеке өмірдің бір бөлігі және ол ҚР Конституциясымен, заңдарымен қорғалады. Адамның мінезіне, түріне, денсаулығына, материалдық, отбасылық жағдайларына, өмір салтына, өмірбаянының кейбір фактілеріне жататын мәліметтер де қорғалады» деп көретілген.

Құпияларға қатысты басқа нормативтік түсініктемелер жоқ. Соған қарамастан, азаматтық сектордың осы «жаңартпаны» алып тастауға ұмтылған барлық талпынысы елеусіз қалды.

Пайдаланушылар өз ақпараттарын сайтта орналастырған кезде (форумдар, әлеуметтік желілер, жаңалықтарға беретін түсініктемелер және т.б.), сайттардың иелеріне– заң жобасы, шын мәнісінде, цензура орнатып және телекоммуникация желілеріндегі жедел-іздестіру шаралар жүйесіне қатысуды міндеттеп отыр. Ол дегеніңіз, пайдаланушыларды анықтайтын қондырғылармен және бағдарламалық құралдармен сайттарды жабдықтау, ал бұл талап, міндетті түрде, осы салада жұмыс істеп жүрген бизнеске қосымша салмақ түсіреді. Және де жобаны дайындаушылар – осы талаптың реттеуші әсеріне талдау жасамаған, сондай-ақ тиісті техникалық, экономикалық негіздеме де жасамаған, сонымен бірге осы шараларды жүзеге асыру үшін ешқандай өтпелі кезең де қарастырылмаған. Мұндай жағдайда қазақстандық аудитория шетелдік ресурстарға кетуге мәжбүр болады, өйткені ол жақта тұлғаның сәйкестігін анықтау керек деген талап жоқ. Соның кесірінен шетелдік пайдаланушылар үшін қазақстандық сайттарға жол жабылады, себебі олар сайттарға кіру үшін біздегі «сәйкестендіру жүйені» пайдалана алмайды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы БҰҰ-ның сөз бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Дэвид Кайе, «үкіметтік құрылымдар шифрлау мен анонимдікке тыйым салуды – террористермен және басқа да қылмыстармен күрес жүргізу үшін керек деп негіздейді, алайда, соңында, сондай «тыйым салулар» халықтың көбісінің, соның ішінде журналистердің де құқықтарын бұзуға әкеп соғады және олар негізсіз қудалауға ұшырауы мүмкін», - деп атап өткен.

1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға 27 заңмен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соның нәтижесінде бұл заң көптеген тыйым салатын және бір біріне қайшы келетін нормаларға толып кетті. Қазақстан Республикасы Конституциясы сөз бостандығына мемлекеттік кепілдік берсе, жаңа нормалар сол мақсатқа сай келмейді және БАҚ-тардың сандық дәуірдегі ерекшеліктерін де ескермей отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 4-тармағына сәйкес сіздерден «Ақпарат және коммуникация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдамауды, сондай-ақ Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ туралы жаңа заң әзірлеу туралы бастамасын қолдауларыңызды сұраймыз.

 

Қол қойғандар:

ҚР парламенті Мәжілісінің «Ақпарат және коммуникация мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен жұмыс істеген жұмысшы тобының мүшелері:

Калеева Тамара, Симахина Тамара, Сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» қоры,

Жақсыбаева Шолпан, Сергей Власенко, Қазақстанның Телерадио хабарларын тарататын Ұлттық Ассоциациясы (ТҰА),

Үкіметтік емес ұйымдар:

«Шекарасыз репортерлер» - Йоханн Бир,

Қазақстан Журналистер одағы (4388 мүшесі бар) – Рамазанова Баян,

Парламентаризмді дамыту қоры – Батталова Зәуреш,

Адам құқы үшін Хартия – Тұрмағамбетова Жеміс,

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро – Ақылбекова Роза

Журналистер:

Бапи Ермұрат, «Общественная позиция» газеті,

Мәкімбай Бақытгүл «Общественная позиция» газеті,

Алимханова Мадина, ҚазТАГ

Құрақбай Шәріп, «Жұлдыздар отбасы-Аңыз адам» журналы

Өз сұрағыңызды қойыңыз