Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Orda.kz және оның бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты жағдай бойынша «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының мәлімдемесі

1 желтоқсан 2025

Қор таңертеңнен Orda.kz төңірегінде туындаған жағдай туралы тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдіреді. Қазіргі уақытта редакция мен оның қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттерінің қандай құқықтық негізде жүргізіліп жатқаны туралы нақты дерек жоқ. 

Басылымның заңгері Ольга Диденконың айтуынша, бүгін, 1 желтоқсанда, сағат 9:26-да редакцияға қарулы күзет қызметкерлері бар тергеу тобы кірген. Журналистер мен заңгерге тінту туралы қаулымен танысу мүмкіндігі берілмеген. Журналистердің айтуынша, шеф-редактор мен бухгалтерді жеке тінтіп, жұмыс бөлмелерін қараған, техника мен құжаттарды тәркілеген. Тиісті өкілеттіктері бар редакция заңгері мен адвокатты ішке кіргізбеген. 

Қызметкерлердің айтуынша, осы уақытта полиция қызметкерлері басылымның Астана филиалының шеф-редакторы Дмитрий Кимді жауап алу үшін мәжбүрлеп алып кеткен. Оған дейін оның үйінде де тергеу әрекеттері жүргізілген. 

БАҚ-тың қоғамдық маңыздылығы мен бас редактор Гүлнар Бажкенованың танымалдылығын ескере отырып, сотқа дейінгі тергеуге қатысты ақпараттың болмауы, тергеу барысында заң бұзылды деген мәлімдемелер полиция мен прокуратура тарапынан жедел әрекет етуді талап етеді. 

«Әділ сөз» қоры жағдайды қадағалап, Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен барлық қатысушылардың процессуалдық құқықтарын қатаң сақтау қажеттігіне назар аударады. 

Біз тергеу процедураларының ашықтығын, журналистердің құқықтарына құрметпен қарауды және сөз бостандығына қысым ретінде бағалануы мүмкін кез келген әрекеттерді болдырмауға шақырамыз. 

  

Өз сұрағыңызды қойыңыз