Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Диана Сапарқызы журналист қызметіне кедергі келтірген іс бойынша жәбірленуші деп танылды

10 қыркүйек 2023

8 қыркүйек күні полиция қызметкерлері Диана Сапарқызының адвокатына хабарласып, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы күзет қызметкерлерінің журналистке шабуыл жасауына байланыст ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы (Журналисттің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілетінін хабарлады. 

Келесі күні Диана мен оның адвокаты Шахтинск қаласына барып, тиісті арыз беріп, Диана Сапарқызын іс бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулы алды.

«Әділ сөз» қоры жағдайды бақылауда ұстап, Диана Сапарқызына құқықтық көмек пен қолдау көрсетуді жалғастырады.

Еске салайық, 18 тамызда ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің редакциясы Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Диана Сапарқызына шабуыл жасалғаны туралы хабарлаған болатын. Журналист «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты «Казахстанская» шахтасында болған өрттен үш кенші қаза тапқаны туралы хабарлаған. Кейін компанияның қауіпсіздік қызметкері болып шыққан белгісіз ер адам журналистің телефонын тартып алып, ондағы кейбір файлдарды өшіріп тастаған. Диана шабуылдаушыны видеоға түсіріп алған. Ол бетін жасыруға да тырыспаған.

«Әділ сөз» қоры Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловқа заңдылықты қалпына келтіру үшін прокурорлық шара қолдану қажеттігін сұрап ашық үндеу жариялады.

Бұған дейін Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) халықаралық құқық қорғау ұйымы да журналист Диана Сапарқызына жасалған шабуылды мұқият тексеруді талап еткен болатын.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз