Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Түсірілімге тыйым салу және сұрақтарға жауап беруден бас тарту: сайлауда БАҚ құқықтарының жиі бұзылуы (14:30-дағы нәтиже бойынша)

19 наурыз 2023

Дауыс беру басталғалы Қазақстанның әр өңіріндегі журналистер учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері тарапынан түсініспеушіліктерге және БАҚ туралы заңның дұрыс түсіндірілмеуіне тап болды.   

Әр түрлі БАҚ журналистері сайлау учаскелеріндегі кейбір бақылаушылар өздерін таныстырудан және БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартқанын хабарлайды. Сондай-ақ, сайлау учаскелерінің төрағалары кейде учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін/төрағасын фотоға, видеоға түсіруге тыйым салған. Бірқатар журналистер түсірілім кезінде немесе УСК төрағасынан ақпарат беруді сұрағанда сайлау процесін бұзды деген айыптауларға тап болған.  
Өкінішке орай, «Әділ сөз» тіркеген көптеген жағдайларда учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерінің әрекеттері олардың ҚР БАҚ-ның жұмысын реттеу туралы заңнаманы дұрыс түсінбеуімен байланысты.

Деректер

Журналист Астанада «анонимді» бақылаушыларды кездестірді
Астанадағы N70 сайлау учаскесінде UlysMedia.kz тілшісі бірнеше байқаушымен тілдесуге тырысты. Олардың көпшілігі партиялардан келген немесе кандидаттардың сенімді өкілдері. Алайда кейбір бақылаушылар журналиспен сөйлесуден мүлде бас тартты.
«Ештеңе айтпаймын. Маған үндемеу керек» деді олардың бірі.
Ол қайдан келдің, «үндеме» деп кім айтты деген сұраққа жауап бермеді.

«Әділ сөз» пікірі:

Бақылаушылар журналистпен сөйлесуге, сондай-ақ өздерін таныстыруға міндетті емес. Бұл ретте журналист бұл тұлғалардың мәртебесін УСК төрағасынан сұрап «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған сайлау учаскесінде бөтен адамдардың бар-жоғын анықтай алады.

Шымкентте УСК төрағасы журналистке тек бір нүктеден түсіруге рұқсат берді  

Шымкентте N233 сайлау учаскесінің төрағасы Гүлжан Жақашева Азаттық тілшісі Дилара Исадан дауыс беру барысын тек бақылаушыларға бөлінген орыннан ғана түсіруді талап етті. Мұндай талапты Гүлжан Жақашева журналист жұмысқа араласып жатыр деп түсіндірген. Қалай араласқанын – ашып айтпаған. Дилара Иса жұмысын жалғастырды.

«Әділ сөздің» түсініктемесі: 

Сайлау учаскесінде БАҚ өкілдерінің орналасу мәселесі заңнамалық тұрғыдан реттелмеген, бұл ретте «Сайлау туралы» ҚР Заңының 39-бабының 2-тармағында дауыс беруге арналған үй-жайда тұрған адамдар сайлау комиссиясы белгілеген ережелерді қатаң сақтауға міндетті деп көрсетілген.  
Бұл ретте «Сайлау туралы» ҚР Заңының 20-1-бабы 2-тармағының 5-тармақшасында бақылаушылар үшін барлық орындалатын рәсімдерді нақты көру мүмкіндігі қамтамасыз етілмейді (бұл бақылаушыларға қамтамасыз етілуі тиіс -). 
Біз сайлау комиссиясының төрағалары олардың қоғам алдындағы жеке жауапкершілігін түсінеді деп үміттенеміз. Журналистің сайлауды кедергісіз жазып, таратуы сайлау нәтижелеріне деген сенімділікті арттыруға ықпал етеді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз