БҚО соты ресейлік компанияның фотосуретке авторлық құқыққа қатысты арызын қанағаттандырмады
Батыс Қазақстан облысының Экономикалық сотының шешімімен «Издательская группа «ВК-медиа» ЖШҚ компаниясының қазақстандық «Уральская неделя» газетінің иесінен фотосуретті пайдаланғаны үшін авторлық құқық объектісі ретінде өтемақы өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылмады.
Бұл ресейлік компанияның ақпараттық мақсатта ашық көздерден алынған (судьяның балғасы бейнеленген және т.б.) фотосуреттерді пайдаланған қазақстандық БАҚ-қа қарсы бірінші талап арызы емес.
Ресейлік компания қазақстандық сотта осыдан 10 жыл бұрын түсіріліп, интернетке орналастырылған фотосуреттердің авторы қызметкері екенін дәлелдемек болды. Мұндай фотосуреттерді ресми ресейлік фотобанктерде пайдалану құны, мысалы Lori.ru,
Photogenica.ru, Pressfoto.ru т.б. шамамен 200 рубльді (1000 теңгеден сәл артық) құрайды. Талапкер сот арқылы қазақстандық БАҚ-тан 300-400 есе көп өтемақы алуға тырысты.
Азаматтық кодекстің 8-бабы ешкімнің өзінің жаман мінез-құлқын сотта пайдалануға жол бермейді. Осыған байланысты сот адамның құқығын қорғаудан бас тартуы мүмкін.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының қолдауымен құқығы қорғалған «Уральская неделя» газеті сөз бостандығын шетелдік компанияның әділетсіз талабынан қорғаған қазақстандық фемидаға әділ шешім қабылдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді.