Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сот жала жапты деп полиция айыптаған журналистің ісін қысқартты

11 қараша 2023

10 қарашада сот құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты жала жабу бойынша әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты. 
Судья Серік Ниязбек «Низовкина Марина Викторовнаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 3-тармағының 2-бөлігімен қозғалған әкімшілік іс тоқтатылды», - деген қаулыны жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасары Ермахан Әбдіраманов журналистті адамның ар-намысы мен абыройына немесе беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратты деп айыптаған болатын. Сотқа жүгінуге Марина Низовкинаның Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жарияланған екі жазба себеп болды.

Полицей 2023 жылдың 13 шілдесіндегі материалда оның қызметтік көлігі жалған нөмірді пайдаланды деген күдікпен тоқтатылды деп жазылғанына ашуланған. Ал 2023 жылдың 11 қыркүйегінде ол өзінің фотосуреттері бар «жалған мақаланы» көрген.
Жоғары лауазымды полиция қызметкері тергеуге «Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институтының» ҚР ӘМ Сот сараптамалары орталығы» РМК мамандары жасаған психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысын ұсынды.

Онда  жазбада «растау мағынасында теріс мәліметтер бар, олар тексерілуге жатады, өйткені шындыққа сәйкес келмеген жағдайда Шымкент ПД бастығының бірінші орынбасары Ермахан Әділханұлы Әбдірамановтың ар-намыс, қадір-қасиет пен іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін» делінген.

Низовкинаның айтуынша, әкімшілік іс дәл ол полицияның заңсыз жұмыстан босату туралы арызы бойынша процесті көрсете бастаған кезде пайда болған.

Марина Низовкина да Шымкент қаласындағы Сот сараптамасы институтының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығына» хабарласты, сарапшылар жазбада полиция қызметкерінің іскерлік беделі ар-намысына, абыройына нұқсан келтіретін теріс ақпарат жоқ деген қорытындыға келді.

Жәбірленушінің өкілдері бұл сараптаманы заңсыз деп тануды сұрады. Журналистің қорғаушысы мұнымен келіспеді.

«Әділ сөз» осы жағдайға түсініктеме беріп «АЙТАДЫ», «КҮДІКПЕН» деген сөздердің  екеуі де сипатталған көлікті Әбдіраманов мырзаға жатқызудың, сондай-ақ оның көлікті жалған нөмірмен айдағанын болжамды сипаттайтынын айтқан еді.  

Сондай-ақ, сот Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ербол Рысқұловқа қатысты жеке қаулы шығарды. Журналистің адвокатының айтуынша, ол құқықбұзушылық орын алған жер Шымкенттің Әл-Фараби ауданы екенін дәлелдемеген, бұл хаттама жасалған жердің мүддесі туралы сұрақ туғызады. Ал істің сюжетінде Рысқұлов «Әбдіраманов жалған нөмірмен көлік жүргізеді» деген контекстен алынған сөйлемге сілтеме жасайды.

«Әділ сөз» журналистің ел Конституциясы және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен кепілдік берілген сөз бостандығы құқығын қорғаған судья Серік Ниязбектің шешімін құптайды.
 

Өз сұрағыңызды қойыңыз